Сангвиник (ширақ) – мінезі жайдарлы,қағңлез, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек,
көнілшең адам.Ол өз мақсатына жетуде жігерлілік,қажырлылық көрсетеді, нысапты, өзін-өзі
қстай біледі. Өзінің тіршілік дағдысының өзгерістеріне төзімді.Сыртқы
әсерлерге тез
бейімделеді және сәтсіздікті, көңілсіз жағдайларды оңай жеңеді.
Флегматик (салғырт)- сабырлы,байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау,
салмақты,
шабан қимылды келеді. Мұндай адамдар зор жұмыскерлігі, жігерлігімен көзге түседі. Өз
мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді, істері жайбарақат болады. Флегматик басқа
кісілермен қиын ұласады, күнделікті дағдыларының өзгерісіне қиындау бейімделеді. Оларға
тән белгілі кертартпалық қыңырлық байқалады. Әдетте, қатаң, дәстүрлі түсініктері бар,
олардың сезімдері және көңіл-күйі тұрақты келеді.
Холерик (ұстамсыз)- албырт, қазба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам.Оның мінезі қызбы, өте
белсенді, қимылдары қайратты, көңіл-күйі көтеріңкі болады.Холерик
тіршіліктің жайлы
жағдайларында тынымсыз жұмыс істей алады.Бірақ шамалы бөтен тітіркендіргіштер оларда
жиі ашу, ыза тудырады. Кейде едәуір аяқталып қалған ісі зая кетеді,
ақырында ол оған
өкінеді.
Меланхолик (саудайы)- мұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз,
дәрменсіз, мұңды,
жауапкершіліктен сескенгіш,
дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады.
Меланхоликтер өмірінің өзгерістеріне қиын бейімделеді.Қиын-қасіретке бейім, күйрек,
сәздік және сезімділік белсенділігі төмен, тұйық мінезді келеді.
Темпераменттің төрт түрін салыстырса,
мінез ерекшеліктеріне қарай, олар өте қиын
жағдайларда өздерін қалай ұстайтындығын болжауға болады.
Сонымен темперамент- бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаттамасы. Алайда, кісі
мінезінің маңызды жақтарын (дүниетану,
көзқарас, тілек, сенім) ол ажыратпайды.
Темперамент адамның әлеуметтік мәнділігін белгілемейді,
өйткені оның мінез-құлығын
санасы басқарып отырады
.
Достарыңызбен бөлісу: