Физиологиялық көзқарас тұрғысынан ойлау актісінің. Өзі сөз арқылы берілмеген жағдайда
да күрделі тізбекті рефлекс болып табылады.
Сөйлеу органына келетін импульстер онда өзгерістер туғызып, соның нәтижесінде үлкен
жартымалар қыртысына баратын афференттік жауап сигналдары пайда болып, ал
олар
қайтадан жаңа эфференттік импульстер туғызады. Сондықтан үздіксіз бірін-бірі тудырып
отыратын афференттік және эфференттік импульстер ойлаудың негізінде жататын
физиологиялық үрдістің негізгі бір компоненті деп қаралуы керек. Сөйлеу негізгі 3 түрлі
қызмет
атқарады:
коммуникативтік
(өзара
қарым-қатынас
орнатушы); түсіндіруші; реттеуші;
Сөйлеудің түсіндіруші қызметі тиісті бір түсінікті абстракциялық ойлауды тудырады. Бұл
үшін түскен ақпарат анализденіп, синтезделеді. Тұжырым, қорытынды,
ұғымдар
қалыптасады.
Сөйлеудің, реттеуші қызметі арқылы ағзадағы әртүрлі жүйелердің әрекеті өзгереді. Бір
сөздіңөзі қалай айтылғанына қарай адамның көңіл-күйін әртүрлі бағытта, деңгейде, түрде
өзгерте алатындығы өмірден белгілі, ал бұл белгілі бір вегетативтік реакцияның өзгерісін
туындатады.
Сөйлеудің
3
формасын
ажыратады:
Акустикалық
–
дыбыстық
сигналдар
түрінде
көрінеді;
Оптикалық – әріптік символдарды анализдеу, синтездеу түрінде байқалады;
Кинестезиялық – сөздің дыбыстық формасын ұйымдастырушы артикуляциялық
органдардағы ет аппаратының жұмысынан көрінеді (мылқаулардың сөйлеуі).
Сөйлеуді
іске
асыруға
3
анализатор
қатысады:
сөйлеу-қозғалыс; сөйлеу-есту; сөйлеу-көру.
Бұлармен қоса аса үлкен рольді ми қыртысының маңдай бөлігі атқарады.
Сөйлеу-қозғалыс анализаторы тілден, ауыз қуысынан, көмекейден, диафрагмадан шығатын
сигналдарды қабылдайды да, сөзді құрауға және айтуға қатысады. Ми қыртысы ядросы
маңдайдағы екінші және үшінші иректер аймағында Брок орталығында орналасады.
Сөйлеу-есту
анализаторы сол жақтағы ми сыңарының жоғарғы самай аймағында (Вернике
орталығы), ал сөйлеу-көру анализаторы шүйде, аймағында жатады. Сөзді ұқпайды.
Адамның қалыптасуы барысында екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде,
қоғамдық еңбек нәтижесінде пайда болды және біртіндеп өмірлік қатынастардың ең тұрақты
негізгі реттеушісіне айналды.
Екінші сигналдық жүйе біріншінің негізінде, сонымен байланысты болып қана қызмет
атқара алады.
Екі сигналдық жүйе әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты болады. Соның нәтижесінде біз
болмысты толық және терең қабылдай аламыз. И.П. Павловтың айтуынша: «Адам болмысты
ең алдымен бірінші сигналдық жүйе
арқылы сезеді,
қабылдайды, содан соң екінші
сигналдық жүйе арқылы сол болмыстың қожасына айналады (сөз сөйлеу, ғылыми ойлау).
Сигналдық жүйелердің бірінде пайда болатын шартты байланыс екіншісінде де пайда бола
алады. М: қоңырау үніне шартты қарашық рефлексін қалыптастырып, артынан қоңырау үнін
«қоңырау» деген сөзбен алмастырғанда да шартты рефлекс көрініс береді.
Бірінші сигналдық жүйеден екінші сигналдық жүйеге қозу шектеліп беріледі. Осыған
байланысты санаға шамадан тыс көп тітіркендірулер ағымы келе алмайды. Түрліше
адамдарда ойлау процесі кезінде бірінші және екінші сигналдық жүйенің қатысуы түрліше
болады. Павлов және оның мектебі екі сигналдық жүйенің
арақатынасына байланысты
адамның кейбір жеке типтерін ажыратады: Көркем немесе суреттеме тип. Бұл адамда
бірінші сигналдық жүйе басымырақ болып келеді. Негізінен нақтылы образдық (заттық)
ойлау
тән;
Ойшып типте екінші сигналдық жүйе басымырақ көрініс береді. Олар абстракциялы ойға
ыңғайлы
келеді.
Орташа типте 2 сигналдық жүйенің көрініс беруі бір дәрежеде.
Достарыңызбен бөлісу: