Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


Ұйқы мен түс көрудің психо-физиологиялық механизмдері



Pdf көрінісі
бет58/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   162
4. Ұйқы мен түс көрудің психо-физиологиялық механизмдері 
І. Ұйқының маңызы:
1) Ұйқы ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.


2) Ұйқы ағзаны шаршаудан, қажудан сақтайды.
3) Ұйқы кезінде ми зат алмасу нәтижесінде түзілген ақырғы өнімдерден босайды, артық
ақпараттан босайды.
4) Ұйқы кезінде қысқа мерзімдік естегі ақпарат ұзақ мерзімдік еске көшеді деген болжам
бар. 
ІІ. Ұйқының пайда болуы 100 – деген ғасырлар бойы құпия болып келді.
Адамдар тәуліктің 1/3 бөлігін ұйқыда өткізеді. Дәринің әсерінен наркоздық ұйқы
туындайды, ауру адамда потологиялық ұйқы болады. Сонымен қатар жануарларда
маусымдық ұйқы кездеседі. Адамның ұйқы кезіндегі миының биоорғағын тіркеген кезде
жылдам және балу ырғақтарды жазып алған. Соған байланысты адамның ұйқысын болу
ұйқы немесе ортодоксальды және жылдам ұйқы (пародоксальды) кезеңдерін ажыратады.
Жылдам ұйқы кезінде электроэнцефолограммадан жоғары жиіліктегі төмен амплитудалы
тербелістерді, ал болу ұйқы кезінде жоғары амплитудалық баяу тербелістерді жазып аламыз.
Жалпы ұйқының 25%-ы жылдам ұйқыдан тұрады. Жылдам ұйқының белгілерін ұйықтап
жатқан адамның сырт көрінісінен де байқауға болады: кірпіктерінің қозғалысы, дене
қимылы көз алмасының қозғалысы; жылдам ұйқы кезінде адам түс көреді. Бір түн ішінде
адам 4-5 рет түс көреді. Ересек адам 1 тәуелікте 8 сағат ұйықтауы тиіс. Бірақ кейбір
адамдарда летаргиялық ұйқы кездеседі, мисалы; Качалкин деген адам 23 жыл ұйықтаған.
Летаргиялық ұйқының 3 себебі бар:адамның қажуы, ренжуі немесе нервтік соққыға
шалдығуы. 
Қалған екі себебі ауыр науқастанумен байланысты. Летаргиялық ұйқының механизм толық
зерттелмеген. Ғалымдардың пікірі бойынша Летаргия құбылысының маусымдық ұзақ
ұйқыға ұқсастығы бар. АҚШ-тың Кентукки штатында Олджен басқарған бір топ ғалымдар
мынадай зерттеу жүргізген; ұйқы тудыратын зат болуы тиіс деген болжаммен маусымдық
ұйқыдағы жануарлардың қанын маймылдарға құйған, сонда олардың температурасы 10
градусқа төмендеп, жүрек соғысы 2 есе азайып, маужырап ұйқыға кеткен. Тексеріп
қарағанда қандағы ұлы зат опиумға өте ұқсас болды, - дейді Олджен. Александр
Беклианның зерттеулері маусымдық ұйқыдағы жануарлардың қанында белоктың ерекше бір
түрі түзілетіндігін дәлелдеген. Ондай белогы бар жануар морфийге тітіркеніп, жауап
бермейді. Ал кейін оянғаннан соң морфий оларға әсер етеді. Ұйқы механизмін түсіндіруге
көптеген
ғалымдар
талпынған: 
Швед физиологы Гесстің қағидағы бойынша ұйқының орталығы гипотоламуста, себебі ұйқы
гипотоламустың
аймақтарын
тітіркендірген
кезде
туындайды. 
Анохиннің түсінігі бойынша ұйқыныңтуындауы ми қыртысы мен оның астындаға нерв
орталықтарының әрекеттесуінен болады. Ұйқының орталығы орталық нерв жүйесінің бір
жерінде емес, әр жерінде орналасқан. 
Нейрогуморальдіқ гипотеза. Мұны қолданушылардың айтуы бойынша адам қажығанда
оның қанында гипотоксиндер жиналады да ми жасушаларында тежелуді туындатады. Екі
қоянның қан тамырларын айқастырып тәжірибе жүргізенге, бірінің миындағы
микроэлектрод арқылы ұйқы орталығын тітіркендіргенде 2 қоянның екеуі де ұйықтап
қалған. 
И.П. Павловтың гипотезасы бойынша ми қыртысындағы тежелу иррадияция тәртібімен
тарап, мидың төненгі бөліктерін қамтыған кезде ұйқы туындайды, бірақ ұйқы тежелудің ми
нейрондарының 80-90 пайызына тараған жағдайда туындайды. 
Тәжірибедегі жануардың миының ретикулярлы формациясының қызметін тежеген кезде
ұйқы келген, ал қоздырғанда ұйқыдан оянған. Осыған байланысты ретикулярлы формацияда
ұйқы орталығы болуы тиіс деген болжамды көптеген ғалымдар ұсынады. 
Қазіргі ғалыми гипотеза бойынша гипофиздің, қалқанша бездің, бүйрек үсті безінің
гормондарының және нейромедиаторлардың мидың нейрондарына әсер етуінің нәтижесінде
ұйқы пайда болады деген болжам бар. Яғни ұйқы механизмін түсіндіретін минайы
бірауызды қағижа жоқ. 
Ұйқы кезінде түс көруді де ғалымдар толығымен түсіндіре алмады. Көптеген ғалымдардың
көзқарасы бойынша адамға күндіз әсер еткен тітіркендіргіштерден мида туындаған қозу
ашақтары өшпей, қалып қолды. Соның әсерінен адам түс көреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет