Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


Ішкі құлақ немесе сүйекті лабиринт



Pdf көрінісі
бет70/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162
Ішкі құлақ немесе сүйекті лабиринт– сама сүйектің тасша бөлігінің ішінде жатады.
Оның өзі бірінің ішінде бірі жатқан сүйекті және жарғақты лабиринттен түзілген. Бұл
екеуінің аралығындағы саңылау кеңістікте және жарғақты лабиринттің ішінде лимфа
сұйықтығы болады. Сүйекті лабиринттің құрылысы өте күрделі болады. Ол үшін бөліктен
түзілген, оның орталық бөлігін кіреберіс, алдыңғы жағын –ұлу, ал артқы бөлігін-иірім
каналдар деп аталады. 
Сүйектің лабиринттің кіреберіс бөлігін орталығы құлақ пен ішкі дыбыс жолының
аралығында орналасқан. Пішіні сопақша келген кеңістік. Кіреберістің сыртқы қабырғасы
ортаңғы құлақтың ішкі қабырғасы болып табылады. Кіреберістің бір жағынан ұлу, екінші
жағынан үш иірімді каналдар (полукружные каналы) ашылады. Бұл каналдар сүйекті
лабиринттің артқы жағын түзеді, олар бір-біріне перпендикуляр бағытта жатқан үш түтіктен
құралған. Оның алдыңғы түтігі – соллитальды (алдан артқа) , артқы түтігі –фронтальды
(маңдай алды), ал сыртқы түтігі- горизонталь (көлденең) жазықтықта жатады.Олардың
әрқайсысы жартылай келген шеңберге ұқсайды және қос аяқшасымен лабиринттің кіреберіс
бөлігіне ашылады. Олардың кеңістік жасаған аяқшаларын ампуласы, ал кеңеймеген
аяқшаларын жай аяқшалар деп атайды. Алдыңғы жай аяқшалары бірігіп, жалпы аяқша түзіп
кіреберіске ашылады. Осыған байланысты кіреберісте алты емес бес тесікше болады. 
Ұлу лабиринттің үшінші бөлігі. Бұл кіреберістің алдыңғы жағынан басталып, екі
жарым иірім жасап аяқталады. Оның ішінде конус тәрізді кіндік жатады. Ұлудың бірінші


орамын- «негізі», екінші орамын-«ортаңғы бөлімі», үшінші орамын-« ұшы» деп атайды.
Иірімнің қуысында спиральды пластинка жатады. Оның бір шеті кіндікке жалғасып, екінші
рет иірім қуысында бос жатып, ұлудың сыртқа қабырғасына жетпей тұрады. Осының
нәтижесінде ұлу қуысы екі сатыға бөлінеді. Жоғарғы бөлігін «кіреберіс сатылы», ал төменгі
бөлігін –«дабыл сатылы» деп атайды. Иірім ұшында бұл екі саты бірігіп кетеді. Кіреберіс
сатысы кіреберістен басталса, дабыл сатысы жарғақпен жабылған ұлу терезесінен
басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет