ми және жұлын қабықтарының аралықтары, ми қарыншаларының қуысы, жұлын каналы,
ішкі құлақтың лимфа қуысы, буын қуыстары жатады.
Лимфа капилляры өте майда тамырлар, қабырғасы
бір қабатты эндотериальды
клеткалардан түзілген. Лимфа капиллярының саны қан капиллярының санына қарағанда өте
көп болады. Олар бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап,
органдар мен тканьдерде
капилляр торларын түзеді.
Лимфа тамырлары-лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады. Бұл
тамырлардың қабырға құрылысы қан тамырлар қабырғасынын жұқа келеді.
оның ішкі
қабаты-эндотелиальды, ортаңғысы-серпімдіталшықтар мен бірыңғай сапалы ет тканінен, ал
сыртқы қабаты дәнекер тканнен түзілген. Лимфа тамырлары орналасуына қарай беткей және
терең тамырлар болып бөлінеді. Беткейі тері астында, тареңі артерия тамырларына жанама
орналасқан. Олар бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады
.
Достарыңызбен бөлісу: