Май мен көмірсуының алмасуы, жас ерекшеліктері. Май мен көмірсудың құрамдары белоктан
гөрі қарапайым, Бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің
құрылыс ының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін
пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі.
Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында.
Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың
мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары
өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық
изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады.
Дені сау ересек адамның тамағында 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса, адам күніне 80-100 г май
жейді. Тамақтың құрамында жануар майы да, өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы
шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек. Өсімдік майының линоль, линолен, арахидон іспетті кейбір
май қышқылдарының түрлері организмде ондірілмейді. Бұлар дың жейтін тамақта жеткіліксіз болуы
зат алмасуын бұзады және жүрек-қан тамырлар жүйесінде атеросклерозды дамытады. Көмірсулары
адам организмінде глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза т. б. іспетті моносахаридтерге дейін
ыдырайды. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1 %. Глюкозаның қандағы
мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық еттерге тасылады да, онда
жануар крахмалы деп аталатын зат -гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты
денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны глюкозурия деп атайды. Бұл ауру ұйқы безінің
Лангерганс аралшаларының ішкі секрециялық қызметі бүзылып инсулин гормоны жетіспегенде
байқалады.
Су мен тұздардың организмдегі маңызы мен молшері, жас ерекшеліктері. Тұздар адам
тамағына қажетті. Бірақ олар қуат көзіне жатпайды, клеткалар мен организмнің Сұйық ортасының
құрамына кіреді, сөйтіп шкі ортаның тұрақтылығын және тіршілікті сақтауға қажет. Олар барлық
ұлпаларда, әсіресе сүйекте жеткілікті болуы тиіс. Тұзсыз нервтің, еттің қозу белсенділігі мүмкін
емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында 3,45 % калыдий, 1,58 % фосфор, 0,65 % калий, 0,45 %
хлор, 0,1% магний болады. Бұларға қосымша иод, темір, бром, мыс, цинк сияқты микроэлементтер
бар. Олар қан өндіруге, гормондардың түзілуіне қатысады. Тұздар денедегі осмостық қысымды
реттейді, қанның сілтілі-қышқылды реакциясын бір қалыпта сақтауға қатысады, катализаторлық
қызмет атқарады, сүйек, шеміршек т. б. ұлпалардың құрамына кіріп, олардың беріктілігін
қамтамасыз етеді. Фосфор мен күкірт мидың құрамына кіреді, натрий мен калий жүйке жүйесінің
қызметінде маңызды орын алып, электрофизиологиялық жағдайын қалыптастырады. Темір
гемоглобиннің құрамына қажет. Фосфор, күкірт, натрий калий, кальций т. б. организмге айтарлықтай
шамада қажет.Молибден, мыс, кобальт қан өндіру қызметіне қатысады, йод қалқанша безінің
гормонының құрамына кіреді, фтор тіс ұлпасы ның, әсіресе эмалінің дұрыс қалыптасуына қажет.
Бұлар организмге аз мөлшерде қажет болады, сондықтан микроэл ементтер деп аталады.
Жалпы алғанда микроэлементтер зат алмасуды реттейді. Көптеген микроэлементтер белокпе н
қосылып ферменттер, гормондар мен витаминдердің түзілуіне қатысады.
Әр топтан спикер тақтаға шығып қорғайды. Қарсы топтар сұрақтар қояды, бағалайды.