Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет135/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   162
4. Нығайту/ закрепление:
Мына сөйлемдерді толықтырыңдар. Полимер молекулаларын_________кұрайды. Көмірсулардың 
мономер леріне________ жатады.Олардың молекулаларына___________атомдары кіреді.
5.Үй жұмысы: 
конспект 
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.
2. Б.Қалкенова «Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және
гигиена».«Фолиант» баспасы, Астана 2015 ж
3. Е. Керімбеков Адам анатомиясы, «Рауан», Алматы 1992 ж.
Оқутышы:
Омарова Ш.К.
Лекция 30
Тақырыбы: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зат алмасуы
Зат алмасу немесе метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың
жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия


бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп
отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай
заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны
арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті
қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны
жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне
қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде
түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады
.
Зат алмасу (метаболизм) – жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп 
жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін 
сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, 
олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен 
мүшелерге тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша 
құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен 
бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.
Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін –
метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттердеп аталады.
Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады: 
1) Ассимиляция немесе пластикалық алмасу 2) Диссимиляция немесе энергетикалық 
алмасу Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының 
жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу 
нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап 
энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін 
орындаға жұмсалады.
Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін – 
метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. 
Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу 
реакциясы – анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді. 
Жасыл өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде түрлі көмірсулар түзіледі. Жануарлар әдетте 
осы көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым қанттар қанмен жануарлар денесіне таралып, 
күрделі полисахарид – гликогенге айналады. Метаболизм нәтижесінде көмірсулар (пируват) 
органикалық қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған органикалық 
қышқылдар аммиак азотымен реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май, ақуыздар 
метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында несеп зәрі, аммиак, көмірқышқыл газы, т.б. 
қарапайым заттарға айналады.
Адам мен жануарлар организміндегі метаболизм процесін реттеуде жүйке жүйесінің 
атқаратын (әсіресе, үлкен ми сыңарлары қыртысының) маңызы зор. Организмнің дамуы, 
өсуі, т.б. Метаболизм заңдылықтарына бағынады. Адамда метаболизм процесінің ауытқуы 
байқалса, адам ауруға шалдығады.
Мысалыдиабет, семіздік, бүйрекке тас байлану, атеросклероз, т.б.Метаболизм екі қарама-
қарсы реакциялар топтарынан тұрады: катоболизм және анаболизм
Катаболизм мен анаболизм арасындағы энергия алмасуы
Катабалистік жол АТФ және НАДФ*Н түрінде химиялық энергия бөледі. Анабализм кезінде
ол энергия қарапайым молекулалардан макромолекулар құрастыруға жұмсалады.
Анабализм немесе биосинтез кезінде қарапайым ізашар молекулалардан нуклеин 
қышқылдары және т.б. жасушаның макромолекулалары синтезделеді. Биосинтез 
молекулалардың көлемі өсіп күрделенгендіктен, оған энергия жұмсалады. Ол энергияның 
көзі АТФ-ның АДФ мен бейорганикалық фосфатқа дейін ыдырауынан пайда болады. 
Жасушаның кейбір бөлшектеріне НАДФ-Н-дан бөлінетін энергияға бай атомдары 
пайдаланылады. Катаболизм және анабализм реакциялары жасушада бір уақытта жүреді, 
бірақ олардың жылдамдығы бір-біріне тәуелсіз реттеледі. 
Метаболизм түрі бойынша микроағзалардың жіктелуі Микроорганизмдерде қоректік 
заттарды қабылдайтын арнаулы орган болмайды. Сондықтан олар қоректік заттарды барлық 
денесі арқылы қабылдайды да, олар клеткадағы керексіз заттарды сыртқа бөліп те үлгереді. 


Бұл екі процестің екеуі де өте тез жүреді. Қоректік заттарды қабылдау осмос құбылысына 
байланысты. Өйткені бактериялар клеткасының қабығы жартылай өткізгіш келеді де белгілі 
қоректік заттарды қажетті мөлшерде ғана өткізіп тұрады. Микробтар клеткасында болатын 
заттар ерітіндісі оған белгілі мөлшерде кысым туғызады. Оны осмос қысымы деп атайды. 
Оның шамасы клеткадағы еріген заттың концентрациясына тығыз байланысты. Егер еріген 
заттың концентрациясы неғұрлым артық болса, қысым да соғұрлым арта түседі. Клеткада 
жүретін биохимиялық процестердің нәтижесінде жиналған заттар осмос қысымының 
әсерінен клеткадан сыртқа бөлініп шығып отырады. Ортада су көп болғанда цитоплазма 
ісініп, клетка кабығын кереді. Мұны тургор құбылысы деп атайды. Клетка шамадан тыс 
ісінсе, жарылып кетуі де ықтимал.
Әдетте микробтар клеткасы үшін оттегі, сутегі, көміртегі, азот, минерал заттары т. б. қажет. 
Оттегі мен сутегінің негізгі көзі — су, ал көміртегінің сіңірілу тәсілдеріне қарай 
микроорганизмдер үлкен екі топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет