(эргокальциферол) мен Д3 (холекальцийферол) химиялық құрамы жағынан әр түрлі,
дегенмен олардың ағзадағы физикалық-химиялық әсері өте ұқсас. Д2 және Д3 витаминдері
түссіз кристал, майларда, эфирде, спиртте, басқа да органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Олар минералдың қышқылдар әсерінен бұзылуы мүмкін. Д витамині ағзада минералдық
заттар алмасуында ерекше орын алады.
Азық құрамындағы кальций, фосфордың, Д
витаминінің жетіспеуі мал төлінде мешел ауруының пайда болуына әкеліп соғады. Ересек
малда Д витамині мен минералдың заттардың жетпегендігінен тірсек және тізе буындары
ісінеді, бұл ауру остеомаляция деп аталады. Ағзада Д витаминінің жетіспеуінің салдарынан
мал жүнді жалап, топырақ жейді, аз қозғалады, ересек малдың өнімі азайып, жата береді,
көп жағдайда қысыр қалады, тістері қозғалып, тұяқтары сына бастайды. Д витамині ағзадағы
көптеген маңызды зат алмасу процестеріне, өсіресе кальций мен фосфордың алмасуына
қатысады.
Е витамині (токоферол). АғзадаЕ витаминінің жетіспеуі малдың жыныс бездерінің, жүйке
жүйесі жұмысының бұзылуына өкеліп соғады. Е витамині азық құрамында көп кездеседі. Е
витаминінің қайнар көзі —
көк өсімдіктердің жапырағы, сапалы пішен жөне астық
тұқымдастардың дәндері. Рационда май және протеин мөлшерден тым артық болса, онда
малдық Е витаминіне қажеттілігі арта түседі. Малды азықтандыру тәжірибесінде Е
витаминінің жетіспеуі өте сирек кездеседі, себебі соңғы уақытта онеркөсіп майда еритін
витаминдерді өндіріп шығарады.
К витамині (филлохинон). Қазіргі күні К витаминінің жеті түрі белгілі, бірақ үш түрі К1, К2,
К3 жиі пайдаланылады. К1 витамині (альфа-филлохинон) — 1939 жылы жүгеріден алынған.
Таза күйінде ол сарғылт, майлы сұйық, май еріткіштерде ериді.
Нейтралдық ортада
қыздыруға төзімді, ультракүлгін сәуле өсерінен бұзылады. К2 витамині
микроорганизмдерде кездеседі, алғаш рет шіріген балық ұнынан табылған. Химиялық
құрамы жағынан К1 витаминінен ерекше. Ол сары кристалды ұнтақ,
суда ерімейді, май
еріткіш ертінділерде ериді. Жарық пен қыздыруға төзімсіз. К витамині жасыл өсімдіктердің
жапырақтарында, сүрлемде көп болады, ал астық тұқымдас дақылдардың дөндерінде,
тамыр-түйнек жемістілерде өте аз. Малдың ас қорыту жолдарындағы бактериялар К
витаминін түзеді. К витаминінің жетіспеуі малдардың қан ұюына өсер етеді, бүйректе
протромбинніқ құрылуы төмендейді. Күйіс малы К витаминіне
қажеттіліктерін табиғи
азықтардан толықтырады, тек ауылшаруашылық құсты жөне шошқаны азықтандырғанда К
витаминінің мөлшерін қадағалайды. Қазіргі уақытта өнеркәсіп К витаминінің туындысы К3
викасол шығарады. С витамині (аскорбин цышцылы) барлық тірі өсімдік жасушаларында
болады. Аскорбин қышқылы жас көк өсімдіктер, сонымен бірге тамыр-түйнек жемістілерде
өте көп. Аскорбин қышқылы жануар ұлпаларында өте аз, С витамині бауыр мен эндокриндік
мүшелерде көп. Сақтау барысында, жарық, темпераура әсерінен өсімдіктердің құрамындағы
аскорбин қышқыл мөлшері төмендеуі және бұзылуы мүмкін. Қайнатқанда, булағанда 50% -
қа дейін жоғалады. С витамині қан жаңарту, жыныс бездері жұмысына өсер етеді, оның мал
ағзасында жетіспейтіндігін малдың шаршағыштығынан, тамыр соғысының жиілеп, аурушаң
бола бастағанынан білуге болады. Мал ағзасын С витаминімен толық қамтамасыз ету үшін
рационға көкөніс, сапалы пішен, картоп, тамыр-түйнекті жемістерді қосу керек. Мал
ағзасында аскорбин қышқылы жеткілікті мөлшерде түзіледі, ол үшін ағзаны А витаминімен
толық қамтамасыз ету қажет. В
тобындагы витаминдер. Қарында ас қорытылуы толық
қалыптасқан ересек күйіс малдары бұл витаминнің азықпен келуін іс жүзінде қажет етпейді.
Суда еритін витаминдер тобынаВ^ (тиамин), В2 (рибофлабин), В3 (пантотен қышқылы), В4
(холин), В5 (РРХ никотин қышқылы), В6 (пиридоксин), В7 (Нх биотин), В8 (инозит), Во
(фолин қышқылы) В12 (цианкобаламин) жатады. Бұл топтағы витаминдер ағзадағы зат
алмасу процесінде ерекше маңызы бар ферменттердің құрамына кіреді. Олар жақсы тіршілік
жасау үшін қажет биохимиялық орта жасайды. Осы витаминдердің біреуі ғана жетіспегенде
зат алмасу процесі бұзылады, малдардың өнімі төмендейді жөне сапасы нашарлайды. Кейбір
азықтардағы В тобындағы витаминдер мөлшері төменде көрсетілген, кг/мг.
Достарыңызбен бөлісу: