Көкбауыр – құрсақ қуысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9–11 қабырғалардың тұсында
орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10–14 см, ені 6–10 см, қалыңдығы 3–4 см,
салмағы 150–200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі, әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге
көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады.
Иммундық мүшелер ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын
қамтамасыз етеді. Иммундық мүшелерде түзілген лимфоцит жасушаларының ағза үшін маңызы өте
зор. Лимфоцит жасушаларын атқаратын қызметіне байланысты 2 топқа бөледі. Олардың біріншісі Т-
лимфоциттер, екіншісі – В-лимфоциттер деп аталады. Лимфоциттердің бұл екі тобы да негізінен
кемік майында түзіледі. Т-лимфоциттер айырша безде, В-лимфоциттер лимфа ұлпаларында толық
жетіліп, лимфа арқылы таралады. Олар ағзада иммунитеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді
4. Нығайту/ закрепление:
Тірек сызба
2. Тірек сызбаны дәптерге көшіру.
5.Үй жұмысы:
§ 18
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.
2. Б.Қалкенова «Адам
анатомиясы, жас ерекшелігіне
қатысты физиология және
гигиена».«Фолиант» баспасы, Астана 2015 ж
3. Е. Керімбеков Адам анатомиясы, «Рауан», Алматы 1992 ж.
Оқутышы:
Омарова Ш.К.
Лекция № 26
Тақырыбы: Қан топтары
. Иммунитет. Иммунитеттің түрлері. Қан физиологиясы. ЖҚТБ.
ЖҚТБ-ның алдын-алу
Жоспары:1.
Қан топтары
2. Иммунитет және оның түрлері
3. Иммунитеттің жас ерекшеліктері
4. ЖҚТБ. ЖҚТБ-ның алдын-алу
Достарыңызбен бөлісу: