Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет98/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162
4. Нығайту/ закрепление:
Карточкамен жұмыс
5.Үй жұмысы: 6 тарау, 154 -160 бет
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.
2. Б.Қалкенова «Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және
гигиена».«Фолиант» баспасы, Астана 2015 ж
3. Е. Керімбеков Адам анатомиясы, «Рауан», Алматы 1992 ж.
Оқутышы:
Омарова Ш.К.
Лекция 24
Тақырыбы: Қан айналым жүйесінің мүшелері. Жүректің құрылысы, қызметі.
Жүректің жұмысы.
1. Тамырлар жүйесі
2. Қан тамырлардың құрылысы
3. Қан айналым жолдары
4. Кіші қанайналым шеңбері
5. Үлкен қанайналым шеңбері
Тамырлар жүйесін олардың морфологиялық құрылыстары мен қызметтеріне қарай
қанайналым жүйесіне және лимфалық жүйеге бөлуге болады.
Қанайналым жүйесінің орталық мүшесі – жүрек. Ол – қалта тәрізді іші қуыс бұлшықетті


муше. Оның сол жағында артериалық және оң жағында веналық қан болады. Журектің әр бір
жағы бір-бірімен арнаулы қақпашалар арқылы жалғасып жататын құлақша және
қарыншадан түзілген. Оның құлақшасы жүрекке қантамыр арқылы келген қанды
қабылдайды, ал қарынша осы құлақшадағы қанды қабылдап, оны жүректен қанды алып
кететін қантамырларға белгілі бір ырғақпен айдап отырады. Қантамырлар артерия және вена
деп аталғанмен тамырлардың ішіндегі қан құрамының оған сай келмеуі заңды, ол тек
қанның жүру бағытына қарай аталады. 
Сондықтан жүректен қанды алып кетіп жатқан (әкетуші) қантамырлар салатамыр –артерия,
ал жүрекке қанды алып келіп жатқан (әкелуші) қантамырларды –көктамыр –вена деп
аталады.
Артериялық қанды веналық қанға ауыстыратын ұсақ тамырлар капилляр немесе
қылтамырлар деп аталады. Қан мен лимфа құрамында ағзаның тіршілігіне қажетті кенеулі
зат пен оттегі болады. Қан мен лимфа соларды ұлпаға жеткізіп береді, сондай-ақ ағзада зат
алмасу нәтижесінде пайда болатын керексіз заттарды сыртқа шығаруға да қатынасады.
Ағзадағы барлық веналық қан вена қан тамырына жиналып, жүректің оң құлақшасына
құйылады, одан оң құлақша-қарынша тесігі арқылы оң қарыншаға өтеді. Оң қарыншадан
өкпелік күретамыр, одан оң және сол жақ өкпелік артерияларға бөлініп оң және сол жақ
өкпеге барады. Өкепеде қан тамырлары өте майда қылтамырларға бөлінеді. Өкпедегі
веналық қан оттегіне қанығып, артериалық қанға айналады.Бұл оттегімен қаныққан қандар
өкпелік төрт вена арқылы жүректің сол жақ қарыншасы келіп құяды, одан сол жақ құлақша-
қарынша тесігі арқылы сол жақ қарыншаға өтеді.Сөйтіп,жүректің сол жақ қарыншасымен
қан негізгі артериялық қанқаға және одан оның тамыр-тармақтары мен қылтамырлары
арқылы бүкіл денеге тарайды. Ол жерде қан оттегін ұлпаларға беріп, одан көмірқышқыл
газын қабылдайды да веналық қанға айналады. Ол қылтамырлар қайтадан бірігіп, ірі вена
қантамырларына айналады. Веналық қан қайтадан жүреке келеді. Осылай жүрек веналық
қанды бүкіл денеге таратып, жасушаларға жеткізуге жәрдем етіп тұрады. 
Денедегі веналардың барлығы үлкен екі салаға: жоғарғы вена күретамыр және төменгі вена
күретамырға жиналады.Оның жоғарғы вена күретамыры бас,мойын, екі қолдан және
кеуденің кейбір бөлігінен веналық қанды жинайды, ал төменгі вена күретамыры екі аяқтан,
жамбас қуысындағы мүшелерден және құрсақ қуысындағы мүшелер мен қабырғалардан
веналық қанды жинайды. Бұл аталған күретамырлардың екеуі және жүректің өз венасы оң
жақ құлақшаға құяды.
Жоғарыда айтылған жағдай-біріншіден, адамда қанайлым шеңберінің тұйық екенін
көрсетеді,-екіншіден, осы айтылған қанайлым жолының жалпы қанайлым шеңбері екенін
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет