Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет86/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162
Қанның құрамы: Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның
мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы-плазмадан (55%)
және қан жасушаларынан (45%) тұрады.
Қан плазмасы-қанның сарғыштау түсі сұйық бөлімі. Егер ерітінді қосылған
ұйымайтын қанды ыдысқы құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең
үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты-плазма. Плазманың құрамында 90-92% cу, 7-8%у, 7-8%
нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7-0,8% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүт
қышқылы, ферменттермен гормондар бар. Плазмадағы белоктар 3 топқа бөлінеді:
альбуминдер (4,5%), глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0,4%). Фибриноген
белогы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген белогы болмайтын қан
плазмасын-қанның сарысуы (сыворотка) дейді. Плазма мен сарысудың айырмашылығы:
плазма қанның сұйық бөлігі, сарысу ұйыған қаннан кейінгі сұйықтық.
Альбумин мен глобулин белоктары жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты
реттеуге қатысады.
Қан жасушалары. Ыдыста тұндырылған қанның екінші және үшінші қоңыр-қызыл
қабаты қан жасушалары. 
Қан жасушаларына: -эритроцит (қанның қызыл түйіршіктері)
-лейкоциттер (қанның түссіз немесе ақ түйіршіктері)
-тромбоциттер (қан пластинкалары, тақташалары) жатады.
Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше e»- кесемін деген сөзінен шыққан. Себебі осып кесу rytros-қызыл) қанның қызыл
түсті яросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейінен
жойылып кетеді. Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан,
ыдыстың ең түбіне тұнады. Пішіні- ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы
жұқарған тиынға ұқсайды. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының
ағынымен жылжиды.
Қанның 1мм
3
-де шамамен 4,5-5 мин, жаңа туған нәрестенің 1 мм
3
қанында 6-7 млн
эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді.
Эритроциттердің қызыл түсті гемоглобинге (латынша-haima –гемоглобиннің құрамында
темір бар нәруызы жоқ бөлігі, globus-нәруызды бөлігі) байланысты. Гемоглобин-қанның


қызыл түсті пигменті. Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 120 күндей. Оның шамамен
2,5 млн көкбауыр мен бауырда жойылып, осынша мөлшері сүйек кемігі майында қайта
түзіледі. Көкбауыр мен бауырдың қантамырлары қабырғасының эритроциттердің тұтып
қалып, ерітіп жіберетін қасиеттері бар.
Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі. Лейкоциттер (грекше le»- кесемін деген сөзінен шыққан. Себебі осып кесу ukos-ақ, kytos-
жасуша) қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. Адамның 1 мм
3
қанында 4-9 мың әр түрлі топқа жататын лейкоциттер болады. Лейкоцитердің құрылыс
ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті
лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті
лейкоциттерге-нейтрофилдер (45-75%), эозинофилдер (1-5%) және базофильдер (0-1%)
жатады. Түйіршіксіз лейкоциттерге-лимфоциттер (18-30%) моноциттер (2-9%) жатады.
Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лима түйіндерінде, айырша бездер және
көкбауырда түзіледі. 
Ақ түйіршіктер- қызыл түйіршіктерге қарағанда өте аз өмір сүретін қан жасушалары.
Олар 7-14 күн ғана тіршілік етеді. Ақ түйіршіктер ағзада фагоцитоздық, қорғаныштық және
ақуыздың алмасуы кезінде бөлінген улы заттарды зиянсыздандырып, ыдырату, қабынуды
басу сияқты қызмет атқарады.
Қан тақташалары (тромбоциттер) – ядросыз, белгілі пішіні жоқ, өте кішкене, оңай
жабысатын, қанның ұюына қатысатын жасушалар, 1 мм қанда 150-300 мыңға жуық қан
тақташалары болады.
Тромбоциттер- сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Тамырлар
жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат тромб
түзіледі. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып, тамырдың зақымдалған жерін бітейді де, аққан
қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен сөң тамыр жарақаты жазылады тром жойылады.
Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок- фибриннен құралады. (Оны қысқаша
айтсақ-плазмадағы еріген ақуызды ибриногеннің ерімейтін ибрин ақуызды жіпшелерге
айналуынан қан ұйиды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет