Қорғаныш тапшылығы — организмдегі иммундық жүйе белсенділігінің жеткіліксіздігі.
Қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) тірі жасушаларды (лимфоциттер) зақымдайды
және соларда дамиды. Тірі жасушалар вирустар бөлінетін және көбейетін «инкубатор»
түрінде пайдаланылады. АҚТҚмөлшері өте кішкентай: ұзындығы 1 см болатын сызыққа 100
мыңға жуық вирустық бөлшектер орналасуы мүмкін. Вирус ұзақ уақыт жасырын
(инкубациялық) кезеңде (зақымдану сәтінен бастап ауру белгісі пайда болғанға дейін)
болатын баяу ағымдық ауруды тудырады. Сондықтан, о баста адам организміне
енгенАҚТҚөзін ешбір білдірмейді. ЖҚТБжетілгенге дейін жылдар өтеді.
АҚТҚ (қорғаныш тапшылығы қоздырғышы) зақымданудың негізгі себебі есірткіні
инъекциялық қолдану болып табылады (80%), сонымен қатар жыныс жолдары арқылы
зақымдалған адамдар мен АҚТҚ бар әйелдерден туылған балалар саны артып келеді.
4. Ауру ағымы
АҚТҚ жауыздығы мынада, ол организмге түсіп, ұзақ уақыт өзін білдірмейді және оны тек
зертханалық тексеру кезінде ғана анықтауға болады. Адамның иммун тапшылығы вирусы
туғызған аурулар ағымы бірнеше кезеңде көрінеді:
Бірінші кезең — АҚТҚ клиникалық белгісінің болмауы. Бұл кезең 2 ден 15 жылға дейін
созылады. Бұл асимптомдық инфекция (жұқпа) деп аталады. Адам өзін сау сезінеді әрі
сыртқа солай көрінеді, сөйте тұрып басқа адамдарға инфекция жұқтырады.
Екінші кезең — ЖҚТБ алды.Аурудың алғашқы симптомдарының көрінуімен сипатталады:
лимфа түйіндердің ұлғаюы; дене салмағын жоғалту; қалтырау; әлсіздік.
Үшінші кезең — ЖҚТБ.Бірнеше айдан 2 жылға дейін созылады, науқастың өлімімен
аяқталады. Зеңдер, бактериялық вирустар арқылы өмірге қауіп төндіретін ауыр аурулардың
дамуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: