Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет101/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162
Жүректің ішкі құрылысы. Жүрек қалың ет пердесімен ұзына бой екі бөлімге бөлінеді.
Оның оң жағын- венозды, ал сол жағын артериалды бөлімдері дейді. Себебі, жүректің оң
жағында әрдайым вена қаны өтве, сол жағымен тек қана артерия өтеді.
Жүректің оң жағы-оң жүрекше оң қарыншадан, сол жағы-сол жүрекшемен сол қарыншадан
түзілген. Әрбір жүрекше-қарынша аралығында жақтаулы қақпақшалар жатады.Оң
жүрекқарынша аралығында үш жақтаулы, сол жүрекше-қарынша аралығында қосжақтаулы
қақпақшалар болады. Бұл жақтаулы қақпақшалар жүрекшелерден қарыншаларға өткізіп
тұрады. Ал қарыншалар жиырылған кезде жабылып қанның кері жүрекшелерге өтуіне
кедергі жасайды. Сол себептен, қан тек қана кіші және үлкен шеңберлерге шығады. Бұл
қақпақшаларда қанның кері қарыншаларға өтуіне жабылып кедергі жасайды.Бұл клапан
аппараттары жүректің ішкі қабатының –эндокарттың қабатталу нәтижесінде пайда болады.
Үшжақтаулы клапан үш жақтаудан түзілген, қос жақтаулы клапан екі жақтаудан түзілген.
Олардың жақтау шеттерінен төмен қарай сіңір жіпшелері шығып қарыншалар тігіндегі
емізікше еттерге тіркеледі. Қарыншалар жиырылған кезде, қан қысымымен клапан
жақтаулары жоғары қарай қайтарылып кетпес үшін осы сіңір жіпшелерінің керілу
нәтижесінде ұсталып қалынады.
Оң жүрекшенің жоғарғы жағында- жоғарғы қуысты вена, ал төменгі жағынан төменгі
қуыс веналарының ашылар жері бар. Сонымен, қорытып айтқанда, оң жүрекше денедегі
бүкіл венозды қанның құйылар жері болып саналады. Оң жүрекшеге енген вена қаны,
жүрекшенің жиырылу нәтижесінде, үшжақтаулы қақпақшаның ашылуымен оң қарыншаға
өтеді. Ал, оң қарынша жиырылғанда үшжақтаулы клапан жабылып, айшық клапандар
ашылып, қан өкпе артериясы арқылы кіші шеңберге өтеді.
Оң жүрекше мен сол жүрекшенің қосымша қуысы болып саналатын оң және сол
құлақшалары болады. Олар жүрек қатты жұмыс істегенде қанға
Толып, ішкі жағындағы тарақша еттерінің жиырылу нәтижесімен қанды жүрекшенің
жалпы қуысына өткізіп тұрады. Оң жүрекше мен жүрекше аралығында сопақша ойыс
болады. Ол ұрықтың даму кезеңінде екі жүрекшені байланыстырып тұрған саңылау тесіктің
орны болып саналады.
Сол жүрекше қабырғасына қарағанда тегіс келеді. Оның арт жағында төрт өкпе
веналарының ашылар жері жатады. Өкпе веналары арқылы келген артерия қаны жүрекшенің
жиырылуымен, қосжақтаулы қақпақшаның ашылуымен сол қарыншаға өтеді.
Сол қарыншаның негізгі жоғары қараған, ұшы төмен қараған конус тәрізді. Оның
қабырғасында оң қарынша қабырғасындағыдау емізше еттер жатады. Бұл еттерге
қосжақтаулы қақпақшаның сіңір жіпшелері келіп тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет