Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


АҚТҚ-инфекциясының берілу жолдары



Pdf көрінісі
бет94/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162
5. АҚТҚ-инфекциясының берілу жолдары
АҚТҚ жұқтырған адамда әртүрлі сұйықтықта вирус бірдей болмайды. Вирустың біршама
саны басқа бір адамды зақымдау үшін жеткілікті. АҚТҚ инфекциясы қанда, шәуетте,
қынаптық секретте, ми-жұлын сарысуында, емшек сүтінде болады. Демек, АҚТҚ-
инфекциясының үш түрлі берілу жолы туралы айта аламыз:
жыныстық қатынас;
парентеральді (вирустың қанға түсуі);
вертикальді (АҚТҚ бар ананың жүктілігі, тууы, емізуі кезінде).
6. АҚТҚ- инфекцияның жұқпайтын жолдары
АҚТҚ-инфекция жұқпайды:
достық қарым-қатынаста және сүйгенде;
қол алысқанда;
мектеп құрал-жабдықтарын, компьютерді, асхана құралдарын, сыртқы киімді пайдалану
кезінде;
сантехжабдықтарды, бассейн, душты пайдалануда;
қоғамдық көлікте;
жәндіктермен, соның ішінде қансорғыш;
өндірістік және үй жағдайындағы заттар арқылы;
ауамен тыныс алу арқылы;
АҚТҚ - инфекция тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсетін серігі болғанда, мүшеқап
арқылы сексуалды қатынаста жұқпайды. Науқас адамға күтім жасау барысында да
жұқпайды.
7. АҚТҚ - инфекциясын жұқтыру қатерінің дәрежесі.
Қауіп -қатер тобыАҚТҚ зақымдану мүмкіндігі жоғары адамдар бар. Бұл қатер дәрежесін
анықтайтын адамның тәртібіне байланысты: сексуалды серіктер санының көптігі;
мүшеқапсыз жыныстық қатынас; жыныс жолдары арқылы жұқтырған ауруы бола тұрып
жыныстық қатынасқа бару; есірткіні күретамыр арқылы қабылдау барысында бір ине мен
шприцті бірнеше адамның қолдануы. 
Сондықтан ілсңз топқа мыналар жатады:
нашақорлар;
гомосексуалистер;
жезөкшелер;


ретсіз жыныстық қатынасқа баратын тұлғалар.
Әлемдегі бүгінгі жағдай қарапайым жеке тәртіп ережесін сақтамаған жағдайда біздің
әрқайсымыз қауіп-қатер тобына жататынымызды көрсетіп отыр.
8. Алдын алу шаралары
АҚТҚ - инфекциясынан емдеуге немесе зақымданудың алдын алуға болатын дәрілер мен
екпелер әлемде әлі күнге жасалған жоқ. Ауру нәтижесі өлімге әкеледі. Тек қауіпсіз тәртіп
пен өз денсаулығына деген жауапкершілік қатынас адамның иммун тапшылығы вирусымен
зақымданудан қорғайды.
Жыныстық жолмен зақымдану. Белгісіз жыныстық қатынасқа түспеген, есірткіні тамыр
арқылы қабылдамаған адамда АҚТҚ зақымдану қатері жоқ.
Ерте жыныстық қатынасқа түсу қаламаған жүктілікке, венерологиялық аурумен, ЖҚТБ
зақымдануға әкелуі мүмкін. Осы біздің балаларымызға керек пе? Олар ата-ана болуға дайын
ба? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет