Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


Жүректің қабырға құрылысы



Pdf көрінісі
бет102/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162
Жүректің қабырға құрылысы. Жүректің ішкі қабырғасы-эндокард, ортаңғысы –миокард,


сыртқы-эпикард қабаттарынан түзілген.
Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жатқан жұқа қабықша, ол қан тамырларының ішкі
қабатына өте ұқсас келеді. Бұл бірыңғай салалы ет тканімен серпімді талшықтардан түзілген.
Қанмен тығыз байланыста болғаннан кейін беті өте тегіс келеді, мұның қабатталуы
нәтижесінде жүректің клапан аппараттары түзілген.
Миокард жүректің ортаңғы қалың ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр жерінде әр
түрлі жетілген. Қарыншалар миокардасы жүрекшелер қабырғасына қарағанда қалыңдау
келеді, ал қарынша қабырғасы жүректің ең қалың жетілген бөлігі болып саналады.Бұл
жағдай жүректің камераларының атқаратын жұмысына тығыз байланысты. Себебі,
жүрекшелер жиырылып қанды қарыншаларға ғана өткізсе, қарыншалар жиырылып қанды екі
шеңберге өткізеді, әсіресе, қанды үлкен шеңберге жіберу үшін сол қарыншаға үлкен күшпен
жиыруға тура келеді. Сол себептен, сол қарыншаға үлкен жиырылуға тура келеді. Сол
себептен, сол қарыншаның қабырғасы, жүректің басқа камераларының қабырғасына
қарағанда қалыңдау болады. Жүрек етінің қаңқа етінен айырмашылығы ет талшықтары өзара
көлденең қосылыстар түзіп торлана жатады. Сол себептен де жүрек еті жиырылса, тұтасынан
жиырылады. Жүрекшелер миокардасы қарыншалар миокардасымен байланыспай жеке
түзілген және өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Жүрекшелер қабырғасының ет атлшықтары
екі жүрекшені бірдей орап өтсе, ішкі қабатының ет талшықтары әр жүрекшені жеке орап
өтеді. Сонымен қатар веналарының ашылар жерінде сақиналы ет талшықтарының болу
нәтижесінде және жүрекшелердің сол ет талшықтарынан бастап жиырылуымен байланысты
қан кері вена тамырына кетпей қарыншаларға қарай бет алады. 
Қарыншалар миокардасы сыртқы , ортаңғы, ішкі үшқабатты ет талшықтарынан түзілген. 
Қорытып айтқанда, екі бөліктен түзілген жүрекшелер мен қарыншалардың жұмысын
байланыстырып тұрған осы жүректің өткізгіш жүйесі болып саналады. Сонымен қатар,
жүректің автоматикалық соғуын да
Реттейді. Автоматизм деп жүректі денеден ажыратып алғанда да қызметін тоқтатпай соға
беруін айтады.
Жүрек жұмысы үш кезеңмен өтеді. 1. Екі жүрекше жиырылады да жақтаулы
қақпақшалардың ашылуына байланысты қан қарыншаларға өтеді. 2. Қарыншалар жиырылып
айшық қақпақшалардың ашылуымен қан айналу шеңберлеріне жіберіледі. 3. Жүректің біраз
тыныштық күйі өтеді.
Жүрек еттерінің жиырылуын ситола, босауын диастола, босауын диастола, ал аз уақыт
тыныштық күйін пауза деп атайды.
Этикард-жүректің сыртын жауып жатқан жұқа қабықша, сондықтан да оның астында
жатқан қан тамырларын оңай байқауға болады. Эпикард қабаты жүректің негізінен
перикардқа, яғни жүрек қапшығының ішкі бетіне көшеді. Перикард пен эпикард
аралығындағы қуыстықта сероздық ылғал болады. Ол жүрек жиырылып, жұмыс істеп
тұрғанда қабықшаларының өзара үйкеліспеуіне сабап болады
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет