Пәні: Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі Орындаған: Түктібаева Айгүл Жәдігерқызы Тексерген: Тлекенова Аяулым Әділбекқызы



бет3/10
Дата08.06.2023
өлшемі57,48 Kb.
#99802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.2. Математика сабағына ҚМЖ дайындау
Қазіргі уақытта қоғамымызда болып жатқан сан-алуан өзгерістерге байланысты «мұғалімдер сабаққа дайындалуға көп уақыт жібереді, одан сабақ жоспарын талап ету дұрыс емес» деген пікірлер айтыпып қалып жүр. К.Д.Ушинскийдің: «Я вижу в педагогике не науку, а искусство», -деген сөзін алға тарта отырып, мұғалім өз пәнін жетік білсе болғаны, қалғанын сабақ үстінде өзі ойлап табуы тиіс, яғни ол шығармашылықпен жұмыс істеуі қажет, сондықтан оған еркіндік берілуі керек деушілер де кездеседі. Олар мұғалімді актермен салыстырады, бірақ актердың сахнада қандай да бір бейнені жасау үшін жан-жақты дайындалатынын, яғни ол үшін рольді дұрыс ойнап шығу ұзақ уақыт дайындықты қажет ететінін ескере бермейді. Біздіңше, сабақ туралы да осыны айтуға болады.
Қазіргі мектеп тәжірибесіне қарағанда, тағы да бір мынадай келеңсіз жағдайдың орын алып отырғанын байқауға болады: кейбір мұғалімдер сабақ жоспарын мектеп әкімшілігінің тексеруі мен бақылауынан құтылу үшін ғана дайындайды, ал кейбір тәжірибелі деген мұғалімдер бұрынғы оқу жылдарындағы сабақ жоспарын ешқандай өзгертулер мен қосымшаларсыз пайдалана берумен шектеледі. Біздіңше, бұл дұрыс емес. Еркіндік және шығармашылықпен істеу дегенді бұлай түсіндіруге болмайды. Мұғалім қандай болғанда да сабақтағы қалыпты жағдай мен өзінің жұмыс ырғағын, сондай-ақ оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды алдын-ала болжап, соған жан-жақты дайындалуы тиіс. Онсыз сабақтың сапалы және нәтижелі болуына қол жеткізу мүмкін емес.
Жалпы алғанда, сабаққа қалай дайындалу керек және сабақтың жоспарын қандай түрде жазу керек деген сұрақтарға бір мәнді жауап беру мүмкін емес. Біздің ойымызша, ол, ең алдымен, мұғалімнің, теориялық және әдістемелік тұрғыдағы дайындық деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты түрліше шешілетін мәселе.
Соңғы жылдардағы педагогикалық әдебиет пен озат мұғалімдердің істәжірибесін зер сала зерттеу бастауыш сыныптар мұғалімінің математика сабақтарына дайындалуының мына сияқты жалпы сатыларын анықтауға мүмкіндік береді:
1) Мұғалімнің оқу жылына дайындығы;
2) Сабақтар жүйесіне дайындық;
3) Күнделікті сабаққа дайындық.
Математика сабақтарына дайындалудың алғашқы сатысы бастауыш математикалық білімнің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары мен оқу бағдарламасы сияқты нормативті құжаттарды оқып-үйренуден басталады. Осылардың негізінде оқу жылына немесе жарты жылдыққа арналған күнтізбелік жоспар жасалады.
Математика сабақтарына дайындалудың келесі кезеңінде мұғалім пәннің ерекшелігі мен тақырыптың мазмұнын жан-жақты ескере отырып, сабақтар жүйесін жасауға, яғни тақырыптық жоспар жасауға тиіс.
Алдындағы тарауда бұл мәселелерге жан-жақты тоқталғанбыз. Математика сабақтарын жоспарлағанда мұғалім сондағы айтылған кағидаларды басшылыққа алады, бірақ мұнда математика пәнінің ерешеліктерін ескереді.
Математика сабақтарына дайындалудың аса маңызды кезеңі күнделікті сабаққа дайындалу болып табылады. Сондықтан оған толығырақ тоқталайық: Математика сабағына дайындалу сабақтың тақырыбын анықтаудан басталады. Содан кейін мұғалім оқулық бойынша осы сабаққа арналған оқу материалын талдауға кірісуі керек. Мұнда ол теориялық материалдың оқулықта қалай баяндалғанымен танысады. Ондағы материал сабақ үшін жеткілікті ме, көп пе, немесе аз ба, осы жағын тексереді. Егер жеткілікті болмаса нені қосу керек және қосымша материалды қайдан алу керек, осы жағын ойластырады. Бұны ойдағыдай шешу үшін аталмыш тақырыпқа байланысты ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып, танысады.
Мұның ішіндегі ең маңыздысы мұғалімдерге арналған көмекші құралдармен танысу болып табылады. Әдістемелік құралдың сабақтарға нұсқаулар деген бөлімі бойынша мұғалім сәйкес сабақтың білімдік міндетін анықтайды. Алайда, ол оны өзгертуі немесе оған ішінара өзгеріс енгізуі ықтимал. Ал сабақтың нақты тәрбиелік, дамытушылық және практикалық міндеттерін өзі анықтайды және оларды жалпылама түрде емес, дәл, нақты және қысқа түрде тұжырымдайды.
Мұнан кейін қойылып отырған мақсатқа байланысты сабақтың типін анықтап алған жөн.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуындағы маңызды жұмыстардың бірі – сабақ барысын, яғни сабақтың типіне орай оның кезеңдері бойынша ұйымдастырылатын жұмыстарды талдау және жоспарлау болып табылады.
Енді бастауыш мектептегі оқыту процесінде өте жиі қолданылатын аралас сабақтың әр кезеңіндегі ұйымдастырылатын жұмыстарға сипаттама берелік (оның негізгі кезеңдері кітаптың бірінші тарауында келтірілген).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет