Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болашақ университетінің жоғары колледжі Курстық жұмыс Тақырыбы: «Бастауыш мектеп математикасы сабағының ҚМЖ-ның ерекшеліктері» Мамандық: 0105000-«Бастауыш білім беру» Тобы: ПМНО-20 Пәні: Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі Орындаған:Түктібаева Айгүл Жәдігерқызы Тексерген: Тлекенова Аяулым Әділбекқызы 2023 жыл Мазмұны
I Кіріспе..................................................................................................................3 ІI Негізгі бөлім. Бастауыш мектеп матиметикасы сабағының ҚМЖ-ның ерекшеліктері 2.1.Бастауыш сыныптардағы математика сабағы…….......................................6
2.2. Математика сабағына ҚМЖ дайындау…………………............................14
2.3.Бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу және оны жоспарлау технологиясы .......................................……………………………. 24
III Қорытынды.....................................................................................................27 IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................29
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:Қазақстан Республикасының білім беру саясатын айқындайтын құжаттарда («Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) оқыту процесін жаңа техника мен технологияны, кәсіптік білім беруді пайдалана отырып дамытушылық сипатта және шығармашылық іс-әрекет негізінде ұйымдастыру қажеттілігінің атап көрсетілуі жайдан жай емес. Өйткені қазіргі заманның өскелең талаптары (Білім беру құрылымының Халықаралық білім берудің стандарты жіктеу ішіне сәйкес келтірілуі, оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлардың жасалуы, Қазақстанның Еуропалық білім кеңістігіне енуі, Болон Декларациясына қосылуы, адами ресурстарды дамыту еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалуы) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан2050» атты бағдарламасында Егемен еліміздің инновациялық-индустриялық дамуын белгілей келе, бүгінгі және болашақ жастардың жан-жақты білімді, ғылыми-техникалық прогрестен хабары мол жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуын өз бағдарламасына негіз етеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы, т.б. тарихи маңызы зор құжаттарда ұлттық менталитеті жетілген, бүгінгі қоғамдық қатынастарға еркін араласа алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Олай болса қоғамдық қатынастарға еркін араласа алатын, логикалық ойлау қабілеті жоғары, бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда – бастауыш мектепте оқытылатын математика сабағының маңызы зор.
Республикамызда халық ағарту жұмысы кең қанат жайып, мектептер саны көбейіп, олардың материалдық базасы нығаюда. Бүгінгі күні білім беру, дамыту және тәрбиелеу дейтін тығыз бірлікте алынған үш егіз процестің міндеттері де арта түскен. Осы міндеттер тек оқыту процесін дұрыс ұйымдастырғанда ғана шешіледі.
Оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ екендігін бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген чех педагогы Я.А.Коменский данышпандықпен дәлелдеді. Ал, сабақтың нәтижелі және сапалы болуы оны ғылыми негізде ұйымдастырып, оқушылардың бағдарламалық материалдарды толық игеруіне қол жеткізу үшін, мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалуы және оны дұрыс жоспарлай білуі керек.
Сабаққа дайындалу және оны жоспарлау педагогикалық мәні бар өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге педагогика классиктерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі көптеген ғалым-педагогтардың еңбектері арналған.
Ұлы ғалым-педагогтардың (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Б.А.Сухомлинский, Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов және т.б.) мұғалімнің сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлау мәселесіне баса назар аударғаны тегін емес.
Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сабақтардың негізгі мақсаты – әрбір баланың бойындағы табиғи қасиеттерін ашып, қарқынды дамып бара жатқан қоғамда өмір сүруге бейімделген жеке тұлғаны қалыптастыру; олардың практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу; логикалық ойлауын, тапқырлығын, математикалық қырағылығын дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды таныта білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Дарынды, білімді жастар ғана егемен елдің экономикасын жетілдіріп, еліміздің ертеңін ойлай алады. Сондықтан да уақыт талабы оқушыларға сапалы білім берумен бірге олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруді, ақыл-ой белсенділігін дамытуды міндет етіп қойып отыр.
Алайда, мектеп тәжірибесіне қарағанда, соңғы кездері сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесіне байланысты келеңсіз жағдайлардың орын алып отырғанын байқауға болады. Соңғы жылдардағы қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты мұғалімнен сабақ жоспарын талап ету дұрыс емес, ол өз пәнін терең білсе болғаны, ал қалғанын мұғалім сабақ үстінде өзі ойлап табуы тиіс деген пікірлер бар. Мұғалімдер арасында бастауыш сыныптардың оқу материалының мазмұны күрделі емес, сондықтан оған сабаққа дайындалудың қажеті шамалы деген пікірлер де айтылып қалып жүр.
Осы сияқты жағдайлар қойылып отырған мәселенің теория жүзіндегі қарастырылуы мен оның мектеп тәжірибесінде жүзеге асырылуы арасында қарама-қайшылықтардың орын алып отырғанын аңғартады.