Дамыта оқыту
1-үлгі: 5-сынып оқушыларын қатыстырып өткізген тіл сабағы
Тақырып: Үй жануарлары
1.Оқыту нақтыдан абстрактіге қарай жүреді.
А) үй тапсырмасы
Ә) сабақтағы жұмыс
Нақты: үйреншікті жағдайда жануарлардың өмірін бақылау.
Абстрактілік-әр түрлі жануарлардың ұқсастықтарын және айырмашылықтарын табу үй жануарлары туралы түсінік қалыптастыру.
А) Оқушыларға үй жануарларын, олардың қылықтарын, не жейтінін, оларды күту жұмыстарын бақылау тапсырылады.
Оқушылардан шағын әңгіме жазу, бақылау материалдарына сүйеніп тақпақ шығару сұралады.
Ә) Мұғалім оқушылар жинаған ақпараттарды жинақтайды және талқы барысында олардың үй жануарлары туралы дұрыс түсінігін қалыптастырады.
ІІ. Жеке факті, оқиға төңірегіне шоғырланатын негізгі идеяны меңгеру.
Негізгі идея-жауарлар өмірімен танысу, жаңа лексиканы меңгеру.
А) Оқушыларға жануарлардың тізімі беріледі, оқушылар одан барлық үй жануарларын бөліп, өз таңдауын негіздейді. Жолбарыс, мысық, сиыр, қоян, ит, ат, кірпі, тасбюақа, арыстан.
Ә) Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қайда мекендейтіні туралы әңгімелеу.
3. Жалпы дидактикалық іскерлікті, атап айтсақ негізгіні бөлу, оқулықпен жұмыс, оқығанын өз сөзімен айту, мәселелі жағдаяттарды шешу іскерліктерді қалыптастыратын материал.
Сынып шағын топтарға бөлінеді, әрқайсысы үй жануарлары шағын мәтін алады.
Міндеттер:
Мәтінге тапсырма беру
Мәтінді айтып беру, құрастыру.
Суретке қарап мәтіннің жалғасын ойлап табу.
4.Өзін өзі тексеруге арналған материалдар.
Үй тапсырмасы, оқушы тексереді.
Лексикалық білімін
Логикалық ойлау іскерлігін.
Кроссворд
5-6.Өздік жұмыс (өз бетімен, шығармашылық, абстрактілі ойлауды дамыту).
Тапсырма: суреттер (7)
Суреттерді ретімен орналастыру
Суретке қарап әңгіме, шағын шығарма жазу.
Суреттерді ретімен қойғанын дәлелдеу
7.Пәнаралық байланыс.
Биология-Білім «Сүтқоректілер» тақырыбында қоданылады.
География-түрлі елдерде қандай үй жануарлары бар?
Орыс тілі немесе қазақ тілі-сөздердің дұрыс айтылуы
Математика-жануарлар өмірі туралы есеп.
Білімді оқу пәнінен тыс жерде қолдану өмірімен байланыс (сыныптан тыс жұмыс)
Үй жануарларын күту
Ит (мысық) көрмесіне бару.
Тапсырма:Әр түрлі тектерді есте-сақтау, сыртқы тұрқына сипаттама беру. Мектепте жануарларды күтуді ұйымдастыру (қаңғыбас, ауру жануарды күту)
Достарыңызбен бөлісу: |