Венн диаграммасы Венн диаграммасы – бұл заттардың немесе заттардың ақырғы топтарының арасындағы байланысты көрсету үшін шеңберлерді қолданатын иллюстрация. Қабаттасқан шеңберлердің ортақ белгілері бар, ал сәйкес келмейтін шеңберлер бұл белгілерді бөліспейді.
Венн диаграммалары екі ұғымның ұқсастығы мен айырмашылығын көзбен бейнелеуге көмектеседі. Олар білім беру құралы ретінде өзінің пайдалылығымен бұрыннан танылған. 20 ғасырдың ортасынан бастап Венн диаграммалары кіріспе логикалық оқу бағдарламасының бөлігі ретінде және бүкіл әлем бойынша бастауыш деңгейдегі білім беру жоспарларында қолданыла бастады.
Венн диаграммасы заттардың немесе заттар тобының арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету үшін қабаттасатын немесе қабаттаспайтын шеңберлерді қолданады.
Ортақ белгілері бар нәрселер бір-бірімен қабаттасқан шеңбер түрінде көрсетіледі, ал ерекше заттар жеке тұрғанда.
БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «БББ» - білемін,білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді.
Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады. Жоғарыда көрсетілген сабақ барысында қолданылған стратегияларын мұғалім мен оқушы іс-әрекеттері айқын байқалады. Өз сабақтарымда көз жеткені, оқушыларға:
• Еркін ойлауға мүмкіндік береді;
• Жан – жақты ізденеді;
• іс – әрекетке тәрбиелейді;
• Шығармашылық тіл байлығы жетіледі;
• Ұжымдық белсенділігі артады;
• Ақыл ойын дамытады.
Нәтиже:
‘’Ұлы мұғалім – қанағаттандырады, шабыттандырады’’ – деп А.Уорт айтқандай оқушының құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс.
Өйткені, заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай, өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды.