«Балық әдісі» арқылы оқушылармен жұмыс. Бұл әдісті топтық тапсымаларды орындату үшін қолданғанда дұрыс нәтиже береді. Сабақ барысында оқушыларды топқа бөліп алғаннан кейін әр топқа
жеке талқылау тақырыбы беріледі. Топ мүшелері үлгіде көрсетілгендей балық қаңқасының суретін плакатқа салады. Әр топқа берілген тақырып балықтың басына жазылады. Ал балық қаңқасының жоғары жағына сұрақтар,төмеңгі жағына жауаптар деп алып, тақырыпқа байланысты сұрақтарды балықтың
жоғарғы бөлігінің қабырғаларына жазып шығып, жауаптарын астыңғы бөлігіне жазып шығады. Оқушылардың түйген ой қорытындысы балықтың құйрығына жазылады. Егерде 1сұрақтан қосымша сұрақтар пайда болып жатса,балық қабырғаларының тұсына жанама қабыршақтар шығарып сұрақ жазуға болады. Топтар жазған жұмыстарын сұрақ-жауап ретінде қорғай алады.
Бұл әдісті мұғалімдер мен оқушыларға өте тиімді, заманауи талаптарға сай әдістердің бірі.Себебі: осы әдіс арқылы оқушылар сөйлеу ,ойлау қабілеттерін дамытады. Ал мұғалімде әдісті ашық сабақтарға, семинарларға қолдана алады.
“Fishbone” стратегиясы-
Қолдануы,“How does the geographical position influence the people’s lives” тақырыбының проблемасын, шешу жолын, қорытындысын айтады.
Problem: Does the geographical position of Australia influence the people’s lives?
Reason: The seasons are the other way round.
Fact: Australia is situated to the south of equator.
Reason: The few rivers play an especially important role in people’s life.
Fact: Much of the land is a desert. Etc.
Conclusion: Australia so different from other countries. Its geographical position influences the life of the country and its people.
Дәріс 7. Тақырыбы: Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері
1.1. Ойлау дағдыларының иерархиясына талдау
1.2. Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес етістер тізбегі
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго
университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.
Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып қолдануға және сапалы білім мен оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне мүмкіндік туады. Ойлау деңгейлері мен көрсетіледі.
1. Білу
2. Түсіну
3. Қолдану
4. Талдау
5. Жинақтау
6. Бағалау
Білу - таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi. Мысалы, биологиялық терминдерді әр сабақ сайын қайталап отыру немесе өткен сабақты еске түсіру.
Түсіну -таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау, болжам жасату. Жаңа материалды түсінуін қамтамасыз ету. Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін оқушылардың қалай меңгергендігін анықтау кезеңі.
Қолдану - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл деңгей оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан өмірде қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек иг еруді талап етеді.
Талдау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Жинақтау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалындағы жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Ойын жинақтап, проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.
Бағалау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғыларының оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Материалдың өзі үшін керектісін, құндылығын анықтау, пайымдауға бағыт беру, идеялар алмасу, өзіне керектісін таңдау.
Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытудың ерекшеліктері:
- балалар өздері білетіндерінен бастап, бірте- бірте жаңа тақырып пен ұштастыра отырып, білімін толықтыра түседі;
- берілетін тапсырмалар әртүрлі болғандықтан оқушылардың қызығушылығын оятады, сыни тұрғыдан ойлау белсенділігі артады;
- сабаққа деген қызығушылығы артады;
- оқушылар арасында топтық жұмыс та, жұптық, жеке жұмыс та орындалады;
- ойларын қорытындылауды, пікірін дәлелдеуді үйренеді;
- әр оқушы білім деңгейін байқап, өзін- өзі бағалап отырады, жұптық бағалау, ал сабақ
соңында топ көшбасшылар топты критериймен бағалап отырады;
Достарыңызбен бөлісу: |