Пәнінің оқу әдістемелік кешені 6В01725-Шетел тілі: екі шетел тілі



бет2/37
Дата09.12.2023
өлшемі1,59 Mb.
#135442
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
УМКД Сыни

ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


1. Пән туралы мәліметтер
Пәннің аты, коды – ShTSSTOD 4308 «Шетел тілі сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»
Кредит саны – 5
Курстың өткізу орны – 113 (1 оқу ғимараты)
2. Пререквизиттер
Тіл біліміне кіріспе, практикалық грамматика, базалық негізгі шетел тілі, тіл теориясы, психология, педагогика, жас ерекшеліктері психологясы, елтану, лингвоелтану, аударма теориясы мен практикасы, үйден оқу, шетел тілін арнайы мақсатта оқыту С1 деңгейі;
3. Постреквизиттер
академиялық мақсаттағы шетел тілі, шетел тілін оқыту психологиясы, шетел тілі білімі дағдыларын дамыту.
4. Курстың мақсаты білім алушылардыңм ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де (толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;Курстың негізгі мақсаты – бұл ақпарат пен ойдың біріктіре алу шынайы тәсілін мегерту. Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізе алу құзіреттілігін қалыптастыру.
4. Пәннің қысқаша мазмұны
I. Кіріспе
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта білім алушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. 
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. 
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет