Пәнінің оқу әдістемелік кешені 6В01725-Шетел тілі: екі шетел тілі


Дәріс 10. Сыни тұрғыдан ойлау рефлексиялары



бет32/37
Дата09.12.2023
өлшемі1,59 Mb.
#135442
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
УМКД Сыни

Дәріс 10. Сыни тұрғыдан ойлау рефлексиялары.
1.1.Дж.Дьюидің рефлексия моделі
1.2 Өзіндік рефлексияны ынталандыру
Сыни тұрғыдан ойлау тақырыптағы әр сабақтың орны мен мағынасын дәл және нақты анықтауға мүмкіндік береді, оқу үдерісінің тиімділігін арттыратын барлық компоненттері (мақсатты, мазмұнды, әрекетті, бақылау реттеу, бағалау нәтижелік) бойынша қисынды байланыс орнатады. Сонымен қатар, оқытудың субъект субъектілік негізіне алмасу жүреді, бұл оқушыға оның мотивациялық аясын, ақыл парасатын, дербестігін, ұжымдық сезімін, өзінің оқу танымдық қызметін бақылап, басқару қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді.
Оқу тәрбие үдерісінде сыни тұрғыдан ойлауды қолдану педагогикалық қызметтің тиімділігін айтарлықтай арттырады, күрделі кеңістік ұғымының, қабылдау уәждемесінің қалыптасуына, білімді терең меңгеруіне себін тигізеді, ой өрісін кеңітеді, тұлғалық бағдарлап оқытуды қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Мұғалім үшін практикалық сабақтар оқушылардың ақпараттық өрісін кеңейтуге түрткі болуы, бар білімдері мен жаңа ақпараттың сәйкес болуы, жеке ұстамының қалыптасуы, үдерісті бағалай алуы аса маңызды.
Сыни тұрғыдан ойлауды таңдау, мектеп түлегін белсенді және тиімді өмір әрекетіне дайындау қажеттілігіне бағытталған мектептің педагогикалық тәжірибесін дамыту талаптарымен айқындалған.
Рефлексия кезеңінің басты міндеті - шақыру кезеңіндегі жиналған алдыңғы түсініктерін түзету, жаңа ақпаратпен толықтыру және тақырыпты ары қарай меңгеру болашағын айқындау.
Рефлексия кезеңінде шақыру кезеңіне қайта оралуы жүзеге асады: пікір жазылған бірінші бағанға түзетулер енгізіледі және екінші бағандағы сұрақтардың жауабы тексеріледі. Егер қажет болса, үшінші "Білдім" бағанын жазуға болады немесе жазбаларда жеке кесте түрінде көрсетуге болады. Бірінші міндетті жүзеге асыру үшін тақтада және дәптерде жазылған болжамдарды мәтіндегімен салыстырып қараймыз, жалған ақпаратты алып тастаймыз. Бұл жұмысты орындауда бізге "минус" белгісі көмектеседі.
Әр оқушы меңгерген ақпараттың көлемі мен сапасы әрбір сабақ мұғалім үшін маңызды. "Өз сөзімен" ойын білдіру - қатал шарт. Тағы бір шарт: әрбір оқушы жеке жұмыс жасайды, ешқандай ұжымдық кесте толтыруға жол берілмейді. Бірақ кез келген білім оны бірнеше рет қайталаса, дауыстаса, ұжыммен топта талқыласа жақсы бекітіледі. Оқушылардан топта сабақ тақырыбы бойынша барлық ақпаратты көрсететін және жүйелейтін графикалық сызба құрау сұралады. Ол үшін келесі тапсырма беріледі: үлкен парақтардың ортасына "Мамандықтар әлемінде" деп жазып, сабақта алған барлық ақпаратты оның жан жағына блок бойынша орналастыру. Ол блоктар келесідей болуы мүмкін: маманның функционалдық міндеттері, бұл мамандықты алу үшін қандай кезеңдерден өту керек, өз көзқарасы... Оқушылар мәтінде қойған сұрау белгілері ескерусіз қалмауы керек. Ол үшін "Блум түймедағын" қолданған тиімді. Оқушыларды мәтінді оқымай тұрып білгендеріне оралуын сұраймыз. Қай білімдері расталды? Қайсысы расталған жоқ? "Білгім келеді" тізіміне қарап, барлық жауап алынғанын немесе алынбағанын тексеру қажет. Алынған ақпараттың қай бөлігі үлкен әсер қалдырғанын талқылау. Мүмкін, ол өмірінің бір үзінділерін немесе естеліктерін еске салған шығар... Не жай ғана ой салды... Жаңа материал қандай ой қалдырды? Оған байланысты қандай сұрақтар туындады? Сонымен қатар, рефлексия кезеңінде талқылау барысында жаңа сұрақтар мен қарама қайшылықтар туындаған шығар. Әрі ондай сұрақтар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы, өйткені дәл сол сұрақтар оқушылардың қызығушылықтарын ұстап, ақпарат алуға жаңа тапсырыс қалыптастырады. Егер мұғалім қойылған сұраққа бірден жауап берсе, тақырып бойынша сұрақтар болмайды. Сондықтан балалардан жауапты әдебиеттен өз бетінше тауып көруді ұсынамыз (нақты тізімді ұсыну қажет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет