II. Сыни тұрғыдан ойлау туралы ақпарат және оның маңызы
Сыни ойлаудың алғышарттары мен қажеттілігі. Сыни ойлау ойлану туралы ойлау.
III .Сын тұрғысынан ойлау және оны дамыту туралы психологиялық-педагогикалық көзқарастар
Джинни Л.Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теориялары.
IV.Cын тұрғысынан оқыту бағдарламасы
1.Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны ашу
3. Ой толғаныс
V. Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасының стратегиялары. Стратегиялар түрлері
Стратегияларға сипаттама және олапрды шетел тілі сабақтарында қолдану тәсілдері мен тиімділігі.
VI. Білім алушыда сыни ойлаудың қалыптасу деңгейлері
Бастапқы деңгей
Орта деңгей
Жоғары деңгей
Бастапқы деңгей
– өз көзқарасы мен ұстанымын жан-жақты тұрғыдан қалыптастыра алмайды,
– өз ұстанымын толық дәлелдей алмайды, оның артықшылықтарын толық көрсетпейді,
– жан-жақты салыстырмайды,
– ұтымды мысалдар келтірмейді,
– себеп-салдарын дәлелді түрде келтіре алмайды,
– талдау мен синтездеуді толық жасамайды,
– жан-жақты баға бере алмайды.
Орта деңгей
– ойлау қадамдарын ретімен қолданады,
– өз көзқарасы мен ұстанымын қалыптастырғанымен оларды ұтымды түрде дәлелдей алмайды,
– өз ұстанымдарын өзгелермен салыстырады, оның артықшылығы мен кемшіліктерін ажыратады,
– өзіне айтылған сынды сабырмен қабылдай алмайды,
– өзге ұстанымдарды жан-жақты талдамайды, олардың олқылықтарын ажырата алмайды,
– өзге ұстанымдарды өз мақсатында пайдалана алмайды,
– өз ұстанымын икемді түрде өзгерте алмайды.
Жоғары деңгей
– негізгі ойлау қадамдарын ретімен, логикалы түрде және тереңінен қолданады,
– өз көзқарасы мен ұстанымдарын ұтымды түрде дәлелдей алады,
– өзіне өзі нақты баға бере алады,
– өзге пікірлерді бағалай біледі,
– ұсыныстар мен гипотезалар жасай біледі,
– айтылған сынға байыппен қарайды: өз ұстанымдарын икемді түрде өзгерте алады,
– өз жұмысын жақсарту жолдарын іздестіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |