1.Жалпы мәлімет: ЖОО аталуы: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра Коммуникативті дағдылар, психотерапия негізі, жалпы және медициналық психология
Пән, пәннің коды: «Коммуникативті дағдылар - 1» KN–1 1220 Мамандық: «Стоматология» - 051202
Оқу сағатының көлемі (кредит): - 54 сағат
Оқу курсы және семестрі – бірінші курс, екінші семестр
2. Бағдарлама. 2.1.Кіріспе. Коммуникативті дағдылар барлық медициналық мамандықтарға ортақ біліктілік деп қарастырылып, үздіксіз кәсіби дамудың негізі деп есептеліп, дәрігермен қарым – қатынасын қалыптастыруға және нығайтуға, науқас туралы мәлімет жинап, ақпарат алмасуға, шешім қабылдап, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету аумағына ілінген әріптестер мен басқа да мамандармен қарым – қатынасқа тірек болып табылады. Дәрігер мен пациенттің тиімді қарым – қатынастың науқасқа тағайындалған емді дұрыс түсінуіне себін тигізіпоның комплайнесін (науқастың қанағаттануы) және денсаулығын күшейтуге көмектеседі.
Тиімді коммуникативтік дағдылар басқа адамдарменг үйлесімді қарым – қатынасты қамтамасыз етіп науқастың қанағаттану сезімін күшейтеді.
Коммуникативті білікті болу үшін оқу үрдісінде қалыптасқан іскерліктер мен дағдыларды кәсіби қарым – қатынастың барысында үнемі дамытып отыру шарт.
«Коммуникативті дағдылар - 1» пәнінің бағдарламасы дәрігердің науқаспен, оның туыстарымен және өзінің әріптестерімен тиімді қарым – қатынасқа жетілдіруге бағытталған.
2.2.Пән мақсаты : дәрігерде әр түрлі жағдайларда науқаспен, оның туыстарымен өзінің әріптестерімен тиімді қарым – қатынасқа түсе білу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.
2.3.Пәннің міндеттері: - әр түрлі науқастармен тиімді коммуникацияға түсу дағдыларын жетілдіру;
- әріптестерімен, орта және төменгі медициналық персоналмен командада жұмыс істеу білу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
- жазылмас науқастармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
- Тұлғааралық байланыстарға түсе білуге деген өзінің мотивциясын жоғарлату;
- студенттерде коммуникативтік дағдылар, коммуникативтік процесс, коммуникативтік біліктілік ұғымдарын меңгерту;
- науқаспен, оның туыстарымен, өзінің әріптестерімен қақтығыссыз жұмыс істеу үшін тиімді қарым- қатынастың маңызы туралы түсінік қалыптастыру;
- дәрігердің жеке басына қойылатын психологиядық талаптар туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;
- медициналық интервью алу іскерліктерін қалыптастыр;
- науқаспен, оның туыстарымен, өзінің әріптестерімен қақтығыссыз тиімді қарым- қатынасқа түсе білу іскерліктерін қалыптастыру;
- тиімді қарым- қатынасқа түсуге бөгет болатын кедергілерді анықтап, шеше білу іскерліктерін қалыптастыру;
- дәрігер мен науқас арасындақы қатынас құру үшін пациенттердің психологиялық типтерін анықтай білу іскерліктерін қалыптастыру.