Пәннің КҮнтізбелік-тақырыптық жоспары 2022 – 2023 оқу жылының I-ІІ семестрі Оқытушы



бет7/8
Дата31.03.2023
өлшемі320,5 Kb.
#78044
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
Алға қойылатын мақсатқа жете алатын білім алушыны тәрбиелеу. Әр оқушы өз білімдерінің деңгейін , мүмкіндігін , іскерлігін, біліп қана қоймай оны дамытады. Құзіретті тұлға қалыптасады.
4. Қажетті ресурстар
Кестелер, суреттер, kahoot, google forms, презентация
5. Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу, түгелдеу
ә) Сабаққа әзірлігін қадағалау


Үй тапсырмасы: Қағазды бояу әдістері
Жаңа сабақ. Қағаз және қатырма қағаздың адам өміріндегі, өндірістегі және тұрмыстағы маңызы. Бүгінгі таңда қағаз тек кітап, газет шығару үшін ғана емес, сонымен қатар ол электр машиналары, лаборатория жабдықтары, үй жиһаздары үшін де жаратылады. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын бірде-бір сала жоқ. Тіпті, ғарышты игеру, ғарышта фотосуреттер түсіру үшін де қағаздың арнаулы түрлері жасалады. Электр генераторлары мен конденсаторларында да қағаз қолданылады.
Қағаздар мен қатырма қағаздарды өңдеу процесіндегі өлшеу- Қағазбен орындалатын жұмысты бастамас бұрын «Қағаздан не құрастырылады?», «Дәптер қалай жасалған?» т.б. тақырыптарға әңгіме өткізіледі. Қағаздың, қатырма қағаздың ерекшеліктері, олардың қандай мақсатқа қолданылатыны жайында қысқаша түснік берілгені жөн. Еңбекке баулу сабақтарында балалардың жұмыс істеуіне ең қолайлы материал – қағаз. Қағаздың түрлі сорттары (жазуға, газет басуға, сурет салуға, зат, цемент салатын қапшық жасауға арналған т.б.) жағдайында мағлұмат беріледі.
Шаблондарды трафаретті штампты қолдану- Жалпы трафаретті жұқа пластиналар болмаған жағдайда, картон қағаздар көмегімен де жасауға болады. Бұйымның ртасы немесе жеке бөлшектер орыны, кішкене тіліктермен тереңдігі 5 мм алынған болуы керек. Трафареттер мен қима үлгілер көмегімен бұйымның шет өңірлері жиектеледі.
Қағаздар мен қатырма қағазды бүктеу және қаттау.- Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар. Қағаздың өзі Қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан. Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттард қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық, шашылмай жинақы болу үшін пайдаланған. Уақыт өте келе ХХ ғасырда оригами туралы бүкіл әлем білетін болды. Кейбір шеберлер бір қағаздан бірнеше әр түрлі пішіндерді жасай алады. Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады. Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.
Қағаз бен қатырма қағазды қосу- Қағаз бен қатырма қағаз жасаудың негізгі шикізаты – целлюлоза. Одан жасанды жібек тоқылады, кино, фотопленкалар және автомобиль шиналарына корд дайындалады, ал оның негізгі тұтынушысы – қағаз – қатырма қағаз өндірісі.
Қағазды бояу. Көркемдеу, бүгу және қаттау, желімдеу- Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша белгілеу, бүктеп-қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарда таба білумен таныстырудың да мәні зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет