Сабақтың ортасы 25 мин
Жеке жұмыс
10 мин
|
Жаңа сабақ. Дәрежелі өрнектің соңғы цифрын табу
0, 1, 5, 6 цифрлерімен аяқталатын сандардың кез-келген натурал дәрежесі тура сол цифрмен аяқталады.
4, 9 цифрлерімен аяқталатын сандардың натурал дәрежелерінің соңғы цифрі дәреже көрсеткішінің тақ не жұп болғандығымен анықталады.
Мысалы, 2717санының соңғы цифрын анықтайық
7-нің дәрежелеріне мән береміз, төрт цифр қайталанады. Дәреже көрсеткіші 17-ні 4-ке бөлеміз, сонда 2 қалдық қалады. Демек 72 =49
Жауабы:9
Мысалы, 9418+766+656 қосындысы қандай санмен аяқталады. Шешуі: 946 саны 6 цифрымен аяқталады, себебі 18:4=4(қалдық2); 766саны 6 санымен аяқталады, себебі 6-ның дәрежелері тек 6-мен. 656саны 5цифры, себебі 5тің
дәрежелері тек 5-пен аяқталады. Олай болса әрбір дәреже қосылғыштың соңғы цифрларын қосайық, сонда 6+6+5=17
Жауабы:7
Дәреженің соңғы цифрын анықтау бөліміне есептер шығару.
№1. 1717 саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз.
Шешуі: Санның дәрежесі сол санның соңғы цифрының дәрежесі қандай цифрмен аяқталса, сол цифрмен аяқталады.
71 = 7, 72 = 49, 73 = 343, 74 = 2401.
7 –нің 5-ші дәрежесі 7 – мен аяқталады. Соңғы цифры дәреже көрсеткішті 4- ке бөлгендегі қалдыққа байланысты, жоғарыдағы кестедегідей қалдық 1 болса, дәреже 7 – мен, қалдық 2 болса, дәреже 9-бен, қалдық 3 болса, дәреже 3-пен, қалдық 0болса, дәреже 1-мен аяқталады. Демек, берілген санның соңғы цифр 7.
Дәреженің соңғы цифрын анықтауға есептер.
1.312 саны қандай цифрмен аяқталады:
А)3 В)2 С)1D)8 Е)9
2.225 саны қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.
А)Анықтау мүмкін емесВ)2 С)7 D)1 Е)9
3.20192000 саны қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.
А)4 В)6 С)8 D)1 Е)2
4.77777778саны қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.
А)9 В)7 С)1 D)3 Е)2
5.10241023 саны қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.
А)7 В)6 С)4 D)0 Е)2
6.6000880003саны қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.
А)Анықтау мүмкін емес В)2 С)4 D)8 Е)6
7.20003000 саны қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.
А)0 В)3 С)4 D)5 Е)6
8.20172016 саны қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.
А)3 В)6 С)7 D)1 Е)9
|
Жаңа тақырып бойынша есептер шығарады.
Есептердің шығару жолдары талданады, түсініктеме беріледі
|
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады.
|
Презентация
Оқулық 11-сынып.
|