Пәннің КҮнтізбелік-тақырыптық жоспары 2022 – 2023 оқу жылының I-ІІ семестрі Оқытушы



бет4/8
Дата31.03.2023
өлшемі320,5 Kb.
#78044
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ктп Бб3 технол,оқыту

Қағаз пішімі — см. өлшемінде берілген стандартты қағаз табағының ені мен ұзындығы: 60x90; 70x90; 70x108; 84x108; 90x120 т.б. қ.п болады.
Қағазды климатқа бейімдеу
Қағазды климатқа бейімдеу — сырттан әкелінген қағазды өңдеу, басу цехтарының климатына бейімдеу. Қағаздың ылғалдылығынтемпературасын тиісті дәрежеге келтіру үшін бұл операция арнайы аспалы құрылғыда атқарылады.
Қағазды кондиционерлеу
Қағазды кондиционерлеу — басуға дайындалған қағазға арнайы құрылғыларда бөлмедегі ылғал және температура параметрлеріне сәйкес қажетті ылғалдық беру.
Экологияға әсері
Қазір әлемде АҚШ, Канада, Жапония, Швеция елдері әлемдегі қағаз өндірісінің басым бөлігін шығарады. Индустриялық мемлекеттерде тұратын халықтың 20 пайызы әлемдегі қағаз өндірісі көлемінің 85 пайызын пайдаланып отыр. Бүгінде жер бетіндегі қоқыстың төрттен бірі қағаз өнімдерінен қалған қалдық болып отыр. Бір ғана дерек, америкалықтар жыл сайын пошта арқылы 4 миллион тоннаға жуық хат-хабар, бандероль алады екен. Бұл әрбір америкалыққа шаққанда, ондаған келіге тұратын зат болып табылады. Ең қызығы, осының барлығы электрондық байланыс арқылы келсе, жыл сайын 150 мың ағашты сақтап қалуға мүмкіндік бар екен. Егер бір тоннадан астам қағаз қалдықтарын қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты аман алып қалады екенбіз. Жалпы қағазды тиімді пайдалану жағына келсек, әр елдің тұтынуы әртүрлі. Мысалы, Қытай мен Үндістанда оны көп пайдаланады. Орташа есеппен алғанда, әрбір еуропалық жыл сайын 4 тонна қағаз тұтынады, ал австралиялыққа қажеттілігі-130 келі ғана екен. Ал британдық отбасы жыл сайын кесілетін 6 ағаштан жасалатын қағаз қалдықтарын далаға тастайтын көрінеді.
Қағаз өндірісі
Қағаз өндірісі әртүрлі 7-8 технологиялық операциядан тұратын процесс. Аз уақытты алмайды. Егер бір тоннадай қағазды қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты, 26 мың литр суды, 3 текшеметр топырақты, 240 литр жанар-жағар май мен 4000 киловатт - сағат электр энергиясын үнемделеді екен. Ал қайта өңдеуден өткізілген өндіріс барысында электр қуатын екі есе аз үнемдеуге болады. Осының арқасында ауаны былғайтын зиянды қалдықтар 70 пайыз төмендейді.
Соңғы 20 жыл ішінде әлемде қағаз бұйымдарын тұтыну 92 миллионнан 208 миллионға артып, оның көрсеткіші 128 пайызға артты. Қазіргі заманғы технологияның жанданып, электрондық құжаттың өмірге келуі мен компьютерлік байланыстың артуы бәрібір қағаз өндірісіне кері әсерін тигізіп отырған жоқ. Сұраныс та, қажеттілік те бар. Мысалы, миллион тонна қағаздың 14 мың теміржол вагонына сиятынын ескерсек, бұл саладағы өнімнің азаймай, қайта жыл сайын артып келе жатқанын түсінуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет