Пәннің мақсаты: білім алушылар әлемдік мәдениет пен өркениет контекстінде отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігін түсінуді


Өзін өзі тексеруге және бақылауға арналған сұрақтар



бет21/49
Дата08.03.2023
өлшемі408,27 Kb.
#72556
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
umkd madeniettanu 2022-2023

Өзін өзі тексеруге және бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі дегеніміз не?


Дәріс3. Мәдениет семиотикасы
1. Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар.
2. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодының қайталанбайтындығы.
3. Мәдениет рәмізі түсінігі. Мәдениеттің негізгі рәміздері.
Дәріс мақсаты:Мәдениет таңбалық белгілер жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерімен таныстыру
Кілттік сөздер : таңба, белгілер жүйесі, тіл, мәдениет, салт – дәстүр, кино
1. Семиотика (гр semeion - белгі, танба) (семиология— таңбалық белгілер жүйесі
туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлық Семиотика сының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логикаматематика деп аталады.
Семиотика— таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт – дәстүр , кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі
таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылым.
Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді. Таңбаның тарихы, мағынасы, қандай мақсатпен бұл таңбаның салынғаны – семиотика. Семиотика ғылым саласын қазіргі таңда – лингвистикада, математикада, әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте, пәтерді жобалауда пайдаланады.
Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920—30 жылдары Прага лингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарамақарсы келуі арқылы анықталады. Ғылыми еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген:

  • Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика;

  • Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарымқатынасты білдіретін семантика;

  • Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарымқатынасты білдіретін прагматика.

Семиотика үш топқа бөлінген:
Бірінші топ таңбалық – иконы. Бұл таңба мен таңбалық объект арақатынасы. Мысалы: «портрет» нақты адамды бейнелеу.
Екіншісі таңбалық – индексы. Кеңістік пен уақыт аралығындағы таңба мен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ: «түтін» оттың белгісі, «жол көрсеткіштер».
Үшінші топ таңбалық – символ. Таңба мен объектің арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық – символға келісім, салт – дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық жатады
Таңбалар жүйесі туралы ғылым, яғни семиотика – кез келген ауқымдағы гуманитарлық ізденістердің өзіндік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан әрі бір ізге түсірілген ғылым. Жалпы, семиотиканы таңбалар жүйесі туралы ғылым деп білеміз. Семиотиктер бүкіл жаратылысы таңбалардың жиынтығы деп қарайды. Сөз де бір таңба, өмір де бір таңба, мәдениет, ауа, жер, ақиқат бәрі өз алдына бір таңба. Әлбетте, бұл ғылым жоқ жерден пайда болған жоқ. Көне ойшылдар мұның алғышарттарын сөз қылған болатын. Таңбаның табиғатын діни, сонымен қатар материалистік тұрғыдан қарастырған ғалымдар да болды. Алайда, бұл мәселені ғылым ретінде жүйеге түсірген ғалымдар қатарында Ч.Пирс, Фердина́нд де Соссюр, Чарлз Уи́льям Морристерді атауға болады. Аталған ғалымдардан Юрий Михайлович Лотман ізденісінің басты ерекшелігі ғалымның семиотиканы ең әуелі мәдени код ретінде, яғни мәтінге айналған мәдени қатынастар, ақпараттар ағыны ретінде қарастырған. Лотман мәдениет және тіл, мәдениет және мәтін, мәдениет және тарих, мәдениет және ақпарат, мәдениет және мәтін функциясы, мәтін мен тарих, мәтіннің тарихи заңдылықтары деген күрделі қарым-қатынастарды арнайы қарастырып, олардың түп негізін қозғайды. Таңбалар туралы ілімге деген қызығушылық ең алдымен ақпарат алмасу, ғылыми дискурс һәм мәдени таным тұрғысынан аса маңызды. Бүгінде біз мәдени, ұлттық, тарихи код туралы оның түпкі мәніне бойламай жиі сөз қозғаймыз. Таңбалар туралы ілім – өнер мен өмірдің, ұлт пен мәдениеттің, тарих пен тіл білімінің, адам баласының ақпарат алмасу қағидаттарының мәнін тайға таңба басқандай түсіндіреді. Ол біздің адами, мәдени, ұлттық санамыздың қамтитын шеңберлерімен тікелей байланысты.
Лотман кез келген ұлттың мәдени шекарасының маңыз­дылығына тоқталады. Әрі қарай ғалым ойын одан сайын тереңдетіп ұлттық мәдениеттің өзге мәдени қабаттармен қатынасын да тілге тиек етеді: «Бұл шекара семиотикадан тыс саладан баса көктеп кіретін басқыншылармен қиылысады, ал бұл басқыншылар баса көктеп кіргені былай тұрсын, өзімен бірге динамикасын ала келеді, кеңістікті түрлендіріп жібереді, әйтсе де кеңістік заңдары бойынша өздері де түрленеді. Сонымен бірге семиотикалық кеңістік өзінен мәдениеттің тұтас қабаттарын ұдайы шығарып тас­тап отырады. Бұл қабаттар мәдениеттің шегінен тысқары түзілім топтарын жасайды да, мәдениетке мүлдем ұмыт болып, жаңа қабат ретінде қайта кіру үшін, өз уақытын күтіп отырады. Семиотикадан тыс саламен ауыс-түйіс динамиканың таусылмас қорын қалыптастырады».
2. Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған. Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иасауи, Абай мен Шаһкәрім, Ақымет пен Әлихан, Мағжан мен Міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, ұғынықты тілмен өрілген. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі. Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуын Елбасымыз үлкен мәселе етіп көтеріп, екі қырын атап көрсетеді: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. «Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қатерінің» де бар екенін ескертеді.
Елбасымыз ескертіп отырғандай, қазақ білім жүйесінің өзінің дербес даму үлгісі жасалуы қажет. Ол ұлттық сананы, ұлттық рухты асқақтатып, жастардың бойындағы ұлттық сананың кемелденуіне жетелеуі тиіс. Н. Ә. Назарбаевтың «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деуінің мәнісін терең түсіну абзал.
3.Рәміз – (символ) жалпы мағынасы өте кең. Сондықтан да біз рәміздің бірден екі қырын ажыратуға тиіспіз: біріншіден мәнін, ал екіншіден осы мәннің түсіндірілуін.
Рәміздің түсіндіретін эстетикалық аппарат адамның қабылдау мүмкіндігінен біршама жоғары еркіндік деңгейінің үлкен санына ие.
Рәміз ең алдымен бар-жоғы қандай да бір белгі-бұл материалдық зат (құбылыс, оқиға). Ол кейбір басқа заттың, ерекшеліктің немесе қарым-қатынастың объективті орынбасары ретінде іс-әрекет етеді және ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылады (ақпарат, білім). Ол зат бейнесінің осы қоғамдық атқарушысы оның функционалдық міндетімен шектеледі.
Адамның күнделікті өмірі рәміздер мен белгілерге толы. Олар белгілі бір жайтқа рұқсат ете немесе тыйым сала отыра, оның мағынасын білдіре және толтыра отыра адамның өзін-өзі ұстауын реттейді.
Мысалы: шеңбер мәңгілік рәмізі ретінде, үшбұрыш – үшбірлік рәмізі, түлкі қулық рәмізі ретінде алынады.
Тілдің дамуы, көркемдік өнер мен жазудың пайда болуы — адамның ақпараттық қабілетін жоғары сатыға кетерді. Одан кейінгі замандарда қатынас құралдары мен баспасөздің пайда болуы, рәміздік жүйені одан әрі байыта түсті. Дүбірлі уақиғаларға толы XX ғасыр — адамзат баласының телеграфты, телефонды, радио мен киноны, телевидениені, видеоны т.б. кеңінен қолдануы — хабарлар тарату мүмкіндігінің шексіз екендігін, тіпті сонау коемос кеңістігімен де байланыс орнатуға болатындығын тәжірибе жүзінде көрсетіп берді..
Мәдени семиотикалық бағыттың негізін қалаушылардың бірі Ю.М. Лотман. Ол мәдениеттегі таңбалар жүйесін «семиосфера» деп атап, глобальды сипат берді. Негізгі мәдениетіндегі әлеуметтік ролді гениетикалық емес ұжым зердесі ретінде сақтап және жалғастыратын жиналмалы тәжірибе деп атады. Таңба – заттың мағына беретін, іс-әрекет пен өзіне тән мінезділік пен адам айналасындағы дүние. Таңба ол - рәміз, материалды құбылыс, көрнекті бейне мен формада абстаркты ой мен түсінік береді. Рәміз – ол ерекше мақсаттылықты туғызады. Көбіне рәмізде жоғарғы рөлді құндылық атқарады. Рәміз бен адам, мәдениет пен қоғам, табиғи құбылыс бір – бірімен тығыз қарым-қатынаста. Мысалы Құран – барлық мұсылман елдерінде қасиеттілік пен киелілік символы болып табылады немесе «крест» ол христиан дінде Исус христостың өлімімен және күнәден тазару мен тығыз байланысты. Жоғарыда қарастырғандай демек символ мифологиямен, дінмен, салт-дәстүр, әдет- ғұрыппен тығыз байланыста. Рәміз – ол ерекше мақсаттылықты туғызады. Көбіне рәмізде жоғарғы рөлді құндылық атқарады. Рәміз бен адам, мәдениет пен қоғам, табиғи құбылыс бір – бірімен тығыз қарым – қатынаста. Мысалы кептер Пикассо – барлық дерлік әлем елдерінде символ болып табылады немесе «крест» ол христиан дінде Исус христостың ӛлімімен және күнәден тазару мен тығыз байланысты. Жоғарыда қарастырғандай демек символ мифологиямен, дінмен, салт – дәстүр, әдет – ғұрыппен тығыз байланыста Чарльз Моррис семиотика ғылымын білімнің энциклопедиясына 1938 жылы қосып, «Таңбалар негізі туралы ілім» («Основы теории знаков») атты еңбек шығарады бұл еңбек жаңа ғылымның дамуына үлкен қарқын береді.
Ол адамның ақыл – ойы белгі, таңба арқылы туындайды және семиотика ғылымның адаммен үндесуін ретке келтіреді деп есептеген. Моррис семиотикаға «метабелгі» түсінігін енгізеді ол-таңбаны белгілейтін таңбалар, яғни бір таңба белгілі бір ойды емес бірнеше ойды білдіреді деп есептеген.
«Таңбалар негізі туралы ілім» кітабындағы «Таңбаның табиғаты» бөлімінде Моррис айтады: «Таңба қызметін атқаратын процессті семиозисдеп атар едім. Таңба белгіленген ойды емес, белгілі бір құпияны жасырадыол құпия салт – дәстүр немесе астарлы оймен байланысты болады. Демектаңба мен белгі белгілі бір нәрсеге емес белгілі бір мақсатта жасалады».
Моррис таңбалардың мағынасын зерттей отырып таңбаның белгілену қарай бес типін бөледі:
1) таңба – идентификаторы («қайда?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар)
2) таңба – десигнатор («не?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар)
3) бағалаушы таңбалар немесе аппрайзер - таңбалар («не себепті?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар)
4) прескиптивті («қалай?» деген сұраққа жауап береді);
5) формальды немесе таңба систематизациясы.
Морристің айтуына қарасақ дүниеге келгеннен бастап, қайтыс болғанша адам таңбалардың ортасында өмір сүреді. Таңбасыз адам өмірі мағынасыз болады және де таңба адам мінезінің қалыптасуына әсер ететін семиотика адам өмірімен, ғылым саласында маңызды.
1975 ж. О.Сүлейменовтің «АзиЯ» кітабі жарық көрді. Кітап түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапті кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйп оқыр ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тілсім қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы 1001 сөз атты этимологиялық сөздікке ұласып, бұрыңғыдан кемелдене түсті.
«1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады.
Әрбір халықтың рухани мәдениетін аксиологиялық талдау оның этностық бірлік ретіндегі өмірінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, дана халқымыздың нанның қиқымын жеген бала бай болады, нанды бiр қолымен үзбейдi, нан үстiне зат қоймайды, нанды басуға болмайды, нанды дастарқанға теріс қарата төңкеріп қоюға болмайды, нанды затпен шаншып жеуге болмайды деген сияқты толып жатқан ұстанымдары бар. Бұл ұстанымның ұрпақты ұқыптылыққа тәрбиелейтін маңызы өз алдына, көшпелі ортада «нан табудың» үлкен еңбекпен болатындығын, «Ас – адамның арқауы» деп тамақтың, әсіресе нанның қадір қасиетін ұғындыруға рәсімделген көрінісі болса керек.
Салт-дәстүр дегеніміз адам қажеттілігін өтейтін барлық материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтардың тоғысы. Осы арқылы кез келген ұлт пен елдің ұлттық дүниетанымын өмірдегі ұстанымдарын,көзқарастарын анықтаймыз.
АДАМЗАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫРЫНЫҢ ӨЗІНДЕ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСҚАН БОЛАТЫН.ОЛЛАРҒА МЫСАЛ КЕЛТІРЕР БОЛСАҚ
- құрал-жабдық ұстау, Қолдану мәдениеті
- Аң аулау өнері
- Әйел мен ер адам арасындағы мәдениет
Кейінірек энеолит,мыс,қола дәуірлеріне адамдарқа ра металлды игере бастады және де осының әсерінен мәдениет өркендей түсті. Таңба (знак; character, symbol) — есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) — арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ). Таңба - әлеуметтік хабардың материалдық көрсеткіші.
Ауызекі тілде негізгі таңба сөз болса, жазудың негізгі таңбасы ретінде одан гөрі объективті әрі абстрактылы әріп алынған. Жазу арқылы тілдің сөздік қорын жасанды түрде ұлғайтуға мүмкін болады. Жазудың пайда болуымен қатар тілдік нормалар мен ержелер де қалыптасады. Жазудың арқасында таңбаларды көбейтуге, яғни кітаптарды басып шығаруға жол ашылды.
Таңба түрлері:
1.Белгі таңба - заттардың өз бойындағы, одан бөліп алуға болмайтын белгісі (дене қызуының көтерілуі - адам ауруының белгісі);
2.Жазуға дейінгі белгілер - жазу пайда болғанға дейінгі ауызша жеткізілетін хабардың орнына немесе соған қосымша қолданылған түрлі заттардың символикалық мағыналары;
3.Тыныс белгілері - сөздердің сөйлемдегі қызметіне қарай сөз соңынан немесе сөйлемдерден соң қойылатын белгілер;
4.Тілдік таңба;
5.Диакритикалық белгілер - жеке әріп (графема) мағынасының мәнін өзгерту немесе нақтылау үшін қолданылатын белгілер. Олар жол үстінде, астында, кейде жолдың ішінде қолданылады. Мысалы, көне славян тілінде жол үсті. Диакритикалық белгілер «титло» сөзінің қысқартылып жазылуын және кейбір дыбыстардың түсіп қалуын көрсету үшін кең пайдаланылған. Диакритикалық белгілер әріпке жаңа мағына беру үшін қолдануы мүмкін.
Жазу=Таңба. Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе — соғысуды мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы Ж. пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б. пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
Ежелгі заманда адамзат өмірінде жазу болмады . Адамдар сол заманда таңбаларды қолданды.Оларға мысал идеограмма,пиктограмма.
Тастағы тарихи таңбалар Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басы аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр.
Қазіргі заманғы таңбалар: Мемлекеттік рәміздер,- Жол жүру ережесіндегі таңбалар,- Мөрлер
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Мәдениетте біздің рухани дамуымыз үшін ұлтымыздың әрбір мемлекттік туымыз,елтаңбамыз,ән ұранымыз өте бағалы құндылық болып табылады. Адамның күнделікті өмірі рәміздер мен белгілерге толы. Олар белгілі бір жайтқа рұқсат ете немесе тыйым сала отыра, оның мағынасын білдіре және толтыра отыра адамның өзін-өзі ұстауын реттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет