Пәннің мақсаты: білім алушылар әлемдік мәдениет пен өркениет контекстінде отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігін түсінуді


Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет24/49
Дата08.03.2023
өлшемі408,27 Kb.
#72556
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Байланысты:
umkd madeniettanu 2022-2023

Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштерін атаңыз.
2. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениетін ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі

  1. Ғабитов Т.Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы». – Алматы: Қазақ университеті, 2016.

  2. Молтобарова К.И. «Мәдениеттану». - А, 2018.



Дәріс 6. Арғытүркілердің мәдени мұрасы
1.Ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері.
2. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері.
Дәріс мақсаты: Арғытүркілердің мәдени мұрасына, ерекшеліктеріне тоқталу.
Кілттік сөздер: миф, діни наным-сенім

1.Ғұн тайпалары Батыс Ғұн Империясының территориясы Орталық Азия даласынан бастап қазіргі кездегі Германия жерлеріне дейін, және Қара теңіз бен Балтика теңізіне дейін созылған.


Ғұндар өздерінен бұрын Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың түркіленуіне, бет-әлпетінің монғолдануына біршама әсер етті.Ғүндармен бір мезгілде өмір сүрген және Қазақстан мен көрші аймақтағы этностық саяси жағынан үлкен әсер еткен тайпа юэчжилер болды. Олар өте күрделі этностық құрылымнан тұрған.
Бұл ретте түркі өркениеті туралы деректерді сөйлетер болсақ, ең басты назар аударар жәйт, олар – алғашқы бастаулар.
2. Түркі ғаламының ерте темір дәуіріндегі бастауларын зерттеу алдында ғалымдар аталған кезеңнің халықтарын айқындауда қолданатын негізгі белгілерін айта кетсек - бұл бірінші кезекте шаруашылық, тұрмыс, мәдениет өмірінің көріністері болатын заттай олжалар. Осы аталғанның бәрі басым жағдайда археология ғылымының құзырында екені сөзсіз, ал қазіргі түркі халықтарының аумағындағы көп жылдық археологиялық зерттеулер скиф-сақ тайпаларының өмір салты түркілермен бірдей болғанын анық көрсетеді, мысалға, маусымдық көшпелі мал шаруашылығы, осыған бейімделген тұрмыс, наным сенімдер және тағысын тағы.
Бұл тұрғыда балқар ғалымы Мизиевтің зерттеулері өте құнды – өз еңбегінде археология, этнография, өнертану және басқада ғылым салалары мәліметтерінің негізінде сақ-скифтермен түркілердің заттай және рухани мәдениеттегі сабақтастығын айқын көрсетеді. Осы аталғанға европоцентрист ғалымдардың зерттеулерінде аса бір назар аударылмайды, яғни, олардың «кешенді» зерттеулерінде қазіргі заман иран халықтарының этномәдени және өмір-тұрмыстық мұрагерлігі хақындағы этнографиялық ізденістер жоқтың қасы.
Бабалардың ұлылығы ұрпақтарының мұрасынан көрініс табады. Қазіргі таңда түркі халықтары Қиыр Солтүстіктен Кіші Азияға дейінгі жердің айтарлықтай аумағын алып жатыр. Олардың бәрін туыс тілден басқа сонау көне түркілердің рухани және заттай болмысынан бастау алатын мәдениеттеріндегі, әдет-ғұрыптарындағы, наным-сенімдеріндегі және көп жағдайда тұрмыс-шаруашылығындағы ортақтастықтар біріктіреді. Қазіргі таңдағы түркі елдерінің руханиатындағы көне түркі мәдениетінің іздері жайлы сөз алғанда ең бірінші кезекте Тәңірге табыну туралы айту керектігі хақ.
Бір Тәңірге сыйыну түркілердің ислам дінін қабылдауға көп септігін тигізді және қазіргі таңда түркітектес мұсылмандар арасында Тәңір Алланың бір есімі ретінде кең қолданыста. Осы күнге дейін сақталған көптеген көне түркі дәстүрлері тәңіршілдіктен бастау алады: отқа, ата-баба аруағына табынуға, дүниеге келу мен қазаға және т.б. байланысты әдет-ғұрыптар және наным-сенімдер.
Көне түріктер аластау және сақтау қасиеттеріне бөлеген отқа табыну ғұрпы осы заманның барлық дерлік түркі халықтарында сақталған десе болады. Аталғанға дәлелді алысқа бармай-ақ қазақтардың «отпен аластау» және «отқа май тамызу» дәстүрлерінің әлі күнге дейін кең таралып баршаға мәлім екенінен-ақ таба аламыз.
Неке қидыру рәсімінде отты қолдану өзбек еліде сақтап қалған –жігіт жарын алып кетуге келгенде арбасы үйдің алдында жағылған кішігірім от арқылы өтуге міндетті болған және жас жұбайлар арбаға мінгескеннен кейін шырақ жағылып, ол үйге жеткенге дейін сөнбеуі тиіс еді. Шырақ келінмен бірге баспанаға кіріп, жастардың бөлмесінде 2-3 күн жанып тұру керек еді.
Жалпы қазіргі заман түркі халықтарына көне түркілерден қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінде жақсы көрініс табады. Исламды және басқада әлемдік діндерді қабылдаған Еуразия түркі халықтарының фольклорына мұсылмандық үлкен әсері еткені анық. Қорқыт баба, Шопан ата, Зеңгі баба және т.б. сынды көне түркі пантеонының өкілдері уақыт өте ислам әулиелері санатына қосылған. Көне түркілердің мифологиялық жүйелерінің қалдықтарын біз бірқатар түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың Жер-Суға, Ұмай анаға, Құтқа, Жады тасына тағзым етуінен аңғара аламыз. Саян-Алтай түркілерінің ауыз әдебиетіндегі бірқатар аңыздар көне түркі мифологиясынан тікелей бастама алады, мысалға, алтайлықтардың бір эпосында бөрі баланы тәрбиелеп батыр болдырады.
Қарастырылған салт-дәстүр, жосын-жоралғы, әдет-ғұрыптар - ата-баба рухына, Көк Тәңірге, отқа, бөріге табыну және тағысын тағы көне түркілердің қазіргі таңдағы түркі халықтарының мәдениетіндегі өшпес ізін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет