Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде.
2. Ортағасырдағы түркі мәдениеті.
3. Ортағасыр мәдениеті мен ғылымының қалыптасуындағы әл-Фарабидің үлесі және математиканың дамуы, өнер, әдебиет, сәулет өнері, техниканың дамуы мен ғылым дамуы.
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі Молтобарова К.И. «Мәдениеттану». - А, 2018.
Ғабитов Т.Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы». – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
Курмангалиева Г.К., Нысанбаев А.Н., Соловьева Г.Г., Сейтахметова Л.Н. «Наследие аль-Фараби и современная философия взаимопонимания». – Алматы. 2011.
Дәріс 8. Түркілердің мәдени мұрасы 8.1.Қарахан кезеңіндегі мәдениет. 8.2. Ортағасырлық түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары: М.Қашқари, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи. Дәріс мақсаты: Түркілердің мәдени мұрасымен таныстыру Кілттік сөздер: Қарахан мемлекеті,М.Қашқари, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи.
1.Жазба деректерге қарағанда Қарахан мемлекетінің құрылуы мен даму тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге шігіл және ягма, оғыз, қаңлы сияқты т.б. түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінде шігіл мен ягма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер осы тайпалардан алма – кезек ауысып тұрған. Х ғ. ягманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуды, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек, ХІ ғ. ягмалар қиян теріскейде, Іле алқабында да тұрады. Ыстық көлдің Солтүстік жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді.
Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі.
2.«Құтадғу бiлiк» дастанының авторы Жүсiп Баласағұни (11 ғ.) түркi тайпаларының тiлi, фольклоры және этнографиясына арналған белгiлi «Диуани лұғат-түрiк» шығармасының авторы Махмұт Қашқари, сондай-ақ, мәдени-тарихи және әлеум. тұрмыстық жайлардан мәлiмет беретiн «Диуани Хикмат» өлеңдер жинағының авторы Қожа Ахмет Ясауи әдебиет саласын еңбектерімен байытқан.