Ассоциативтіэксперименттіңжауаптарыныңинтерпретациясы.Ассоциативті эксперименттердің нәтижелерін интерпретациялаудың көптеген мүмкіндіктері бар. Ғылыми айтыстардың егжей-тегжейіне жетпей, олардың кейбірін қарастырып шығаыйқ.
Ассоциативті эксперименттің жауаптарының анализі барысында, ең алдымен, синтагмалық (7) және парадигмалық (8) ассоциациялар жіктеледі:
аспан – көк, машина – айдау, шылым шегу – жаман
стол – стул, әке – шеше
Синтагмалық асоциациялар деп сөз-стимулдыңграмматикалық класынан реакцияларының грамматикалық класы ерекшеленетін ассоциацияларды айтамыз. Парадигмалық ассоциацияларда сөз-реакциялар сөз-стимулдың грамматикалық класымен бірдей болып келеді. Бұлар «минимальды контраст» принципіне бағынады, яғни сөз- стимулдар сөз-реакциялардардан семантикалық компоненттерінің құрылымы жағынан неғұрлым азырақ ерекшеленетін болса, сөз-реакциялардың ассоциативті процестегі актуализациясы мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бұл принцип неліктен ассоциация характері бойынша сөз-стимулдардың семантикалық құрамын қалпына келтіруге мүмкін екенін түсіндіреді: сөздерге берілген көптеген ассоциацияларда сөз-стимулдардың мағынасына ұқсас белгілердің қатары бар (9).
Тіл иесіне реакциялар бойынша стимулды табу оңай болуы мүмкін (9 бұл
каникулдар)
жазғы11;жаз10;демалыс6;қысқа,жуырда,алақай4;іссіздік(безделье),ауылда(вПростоквашино), басталды,мектеп
Парадигмалық ассоциациялар тілдік қатынасты, ал синтагмалық – сөйлеуді бейнелейді деп есептеледі.
Сонымен қатар, түрлік қатынас (10), стимулмен фонетикалық жағынан ұқсастыққа ие реакциялар (11), клишалық (12), және жеке (13) түрлері де жіктеледі:
жануар–мысық,үстел–жиһаз, дом–том,мышка – книжка