Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет45/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
psiholingvistika. k-20-1

Сөйлесім әрекеттің жасалуының модельдері

Модель – бұл объектіні маңызды белгілері бойынша құрастыру.
Психолингвистикада сөйлесім әрекетінің жасалуының бірнеше модельдері бар.
Алғашқыда сөйлесім әрекеті жасалуының модельдері өзінің мәні жағынан ізінше өңдеу (последовательной обработки) модельдері болды. Олар адам алдағы өткен деңгейде жұмысты аяқтағаннан кейін әрбір кезекті деңгейге өтіп отырады деп жорамалдайды. Тек кейінірек тілдік ақпаратты паралельді өңдеу моделі пайда болды. Олар сөйлеуді көптеген деңгейлерде бір мезгілде өңдеу мүмкіндігін мойындауға негізделді.
Ең алдымен, хабарлау жайында, сосын грамматикалық жағынан дұрыс сӛөйлем жайында, кейінірек пікір айту жайында айтылады. Жол-жөнекей ескерте кетейік, ресейлік психолингвистикада мәні жағынан лингвистикалық болып табылатын «сөйлем» термині іс жүзінде қолданылмайды. Сондай-ақ тағы ескерте кететін жай, соңғы уақыттарда сөйлеушіні (автор), тыңдаушыны (адресат), сондай-ақ біріншінің екіншіге тілдік құралдар арқылы әсер ету ниетін болжайтын дискурс пікір айту ретінде жиі айтылып жүр.

  1. Сөйлесім әрекетін жасаудың стохастикалық моделі

Стохастикалық модель тіл күй-жайдың соңғы саны ретінде сипатталуы мүмкін дегенге сүйенген Дж.Миллер мен Н.Хомский тарапынан 1963 жылы ұсынылды. Олар сөйлеуді элементтердің мынадай бірізділігі ретінде сипаттауға мүмкін деп есептейді: болып өткен (предшествующих) элементтердің пайда болуының бар болуы (наличие) мен ықтималдылығына тәуелді болатын тілдік тізбектің әрбір жаңа элементінің көрінуі жүзеге асатын элементтердің бірізділігі.
Мысалы, «әрбір бесінші элемент болып өткен төрт элементтердің көрінуіне тәуелді пайда болу мүмкіндігіне ие болады» деп пайымдалды. Бұл тілдік элементтердің бірізділігін статистикалық процедуралар көмегімен сипаттап көру болып табылады. Дегенмен, бұл теория бойынша сөйлесім әрекетін жасауды бір ізділікпен (солдан оңға қарай) үйрену үшін бала сөйлей алғанға шейін өз ана тілінде 2100 орасан зор көлемде сөйлем тыңдауы қажет. Бұл теорияны сынаушылардың ескертуінше, бұл үшін он адамның өмірі де жеткіліксіз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет