Ассоциативті эксперимент (associative experiment) семантиканың психолингвистикалық анализінің жақсы өңделген техникасы болып табылады.
Ассоциативтіэксперименттіңпроцедурасы. Сыналушыларға сөздердің тізімі беріледі де, оларға ойыңа келген бірінші сөзбен жауап беру ұсынылады. Әдетте әрбір сыналушыға 100 сөзге жауап беруге 7-10 минут беріледі. Ассоциативті сөздіктердегі берілген реакциялардың көпшілігі университет және колледждің 17-25 жас аралығындағы студенттерінен алынған, олар үшін стимулдартіліана тілі болып табылады.
Ассоциатвиті эксперименттердің бірнеше түрлері бар:
Еркін ассоциативті эксперимент. Сыналушыларға реакцияда ешқандай шектеу қойылмайды.
Бағытталған мақсатты ассоциативті эксперимент. Сыналушыларға белгілі бір грамматикалық немесе семантикалық класс бойыша ассоциация беру талап етіледі (мысалы, зат есімге сын есім таңдау).
Тізбекті ассоциативті эксперимент. Сыналушыларға бір стимулға бірнеше ассоциациялармен жауап беру талап етіледі. Мысалы, 20 секунд ішінде 10 реакциямен жауап беру.
Ассоциативті нормалардың арнайы сөздіктері болады, кең танымлдылар қатарына Дж. Лизаның сӛздігі жатады (J. Deese. The Structure of associations in language and Thought. Baltimore, 1965). Орыс тіліндегі осындай бірінші сөздік А.А.Леонтьевтің редакциялығында «Орыс тілінің ассоциативті нормалар сөздігі» деген атпен 1977 жылы Москвадан шығарылған болатын.
Қазіргі таңда орыс тілінде толық сөздік «Орысша ассоциативті сөздік» болып табылады (құрастырушылар: Ю.Н.Караулов, Ю.А.Сорокин, Е.Ф.Тарасов, Н.В.Уфимцева, Г.А.Черкасова. – М., 1994-2002). Ол мынадай бөліктерден тұрады: 1 т. Тікелей сөздік: стимулдан реакцияға; 2 т. Кері (обратный) сөздік: реакциядан стимулға; 3-6 т. басқа екі сөздер тізімінің тікелей және кері сөздігінен тұрады. Бұл сөздіккте 1277 стимул стимул бар, бұл күнделікті тұрмыста сөйлеушілер қолданатын сөздер (1500-3000) санынан аз; жауаптар ретінде 12 600 түрлі сөз жазылған, барлығы – миллионнан астам реакция.
«Орысша ассоциатвиті сөздіктегі» сөздіктік мақалалардың құрылымы мынадай: алдымен сөз беріледі, сосын жиілігі кеміген ретпен (санмен көрсетілген) орналасқан реакция беріледі. Ішкі жағында рекациялар тобы алфавитті ретпен орналасқан (5):
ЛЕС...поле,деревья11,осень,большой,береза7ит.д.
Әрбір мақаланың соңында цифр берілген (6):
(6)ЛЕС...549+186+0+119. Алғашқы сан стимулдарға берілген реакциялардың жалпы санын көрсетеді, екіншісі – түрлі реакциялардың санын, үшіншісі – берілген стимулды жауапсыз қалдырған, яғни бас тартқан сыналушылардың саны. Төртіншісі – жеке, жалғыз-жарым жауаптардың саны, яғни тек бір рет ғана берілген және жиілігі бірге тең реакциялар.