Пәннің мақсаты мен міндеттері


Дәріс №12 Ықпал ету психолингвистикасы



бет50/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Дәріс №12 Ықпал ету психолингвистикасы

  1. Саяси коммуникациядағы сөйлеу және бейвербалды ықпал ету

Тірек сөздері: сөйлеу ықпалы, пиар, бұқаралық коммуникация
Психолингвистиканың ең өзекті және қызықты тарауларының бірі – ықпал ету психолингвистикасына арналған. Сөйлеу ықпалы дегеніміз не? Тұлға өзін қарым-қатынаста қалай көрсетеді. Коммуникацияның сәтті болуы үшін дұрыс стратегияны қалай таңдау керек? Коммуникацияның бір түрі ретіндегі саяси коммуникацияның мысалында бұл сұрақтарға жауап беруге тырысамыз. Ең алдымен, біз терминдерге назар аударамыз.
Сөйлеу ықпалы жеке адамның немесе ұжымның санасына және мінез-құлқына табиғи тілдің (сондай-ақ паратілдің, графиканың) құралдары арқылы жүзеге асырылатын ықпал. Кез келген сөйлеу актісі сөйлеу ықпалын жасауға қабілетті; алайда сөйлеу ықпалының тиімділігі бірнеше факторларға байланысты. Бұндай факторларды сөйлеу ықпалы теориясы зерттейді; мысалы, үгіт-насихат жұмысында, жарнамада, сайлау науқанында қолданылатын бірыңғай шоғырландырылатын қайталау, эмоциялды қысым; әсер ету техникалары, логикалық тұзақ, эстетикалық амал-айла, риторикалық тәсілдер және дәлелдемелер теориясы және т.б. сөйлеу ықпалының ең күшті жағдайы-тіл арқылы ептілік, айла-шарғы жасау, бұл ретте ықпалдың нысанасы өзіне жасалатын әсерді сезіне алмайды және өзіне нұқсан келтіретіндей іс-әрекеттерге баруы мүмкін. (ӘЛТС, 2008)
Алдыңғы тарауларда тұлғааралық қарым-қатынастағы тілдік тұлғаның сөйлеу және бейнесөйлеу әдеп ерекшеліктерін қарастырдық. Алайда тілдің тұлға ұғымына айрықша қызығушылық және қандай да бір көрнекті көрінісі басқа да қарым-қатынас салаларында, атап айтқанда, саяси дискурста көрінеді, себебі ол қоғамдық санаға неғұрлым зор ықпал етеді және бұқаралық ақпарат коммуникациясында кең тараған. Сөйлеу әдебінің психолингвистикалық талдауына және тілдік тұлғаның саяси коммуникацияға ықпал ету ерекшеліктеріне назар аудармастан бұрын аталмыш бағыттың қазіргі ғылымдағы даму үрдісін қарастырып көрелік.
Қазіргі психолингвиска, алдыңғы тарауларда атап кеткендей, толық мильтипәнділігімен сипатталады. Бұдан басқа психолингвистиканың ерекше қасиеттері оның экспансионизмі (лингвистикалық ізденістер саласының кеңеюіне үрдіс) және функционализмі болып табылады, яғни тілді іс-әрекетте, дискурстарда, өз қызметін жүзеге асыру барысында қарастыру (Чудинов, 2006). Ғылыми зеттеулердің басым көпшілігінде орталық назарда адам, тілдік құбылыстарды жан-жақты талдау үшін негізгі нысанада тілдік тұлға тұрғандықтан, психолингвистиканың бұл қасиеттерінің барлығы көптеген шектес бағыттарды тудырады. А.А. Бейсенбаеваның ізімен біз «интегративті» терминін қолданамыз (Бейсенбаева , 1995). Қазіргі тіл білімінің, атап айтқанда психолингвистиканың мұндай өзекті интегратвиті бағыттарының бірі –саяси коммуникация.
Ғылымда саяси коммуникация деп сөйлеу әрекеті түсіндіріледі, ол қандай да бір идеяларды насихаттауға, елдегі азаматтарға эмоционалдық ықпал ету және оларды саяси әрекеттерге оятуға, қоғамдық келісімге келуге, қоғамдағы көп көзқарастар жағдайында әлеуметтік-саяси шешімдердітүсініп, негіздеуге бағытталған (Чудинов, 2006). Шындығында да кез келген адам анда-санда болса да газет оқып, радионы немесе теледидарды қосады, саяси коммуникация адресаты болады. Адам сайлауға барғанда саяси өмірге қатысады және мұны саяси коммуникация субъектілерінің ықпалынсыз жасамайды. Сонда саяси коммуникация мүдделерінің аясына саяси ақпаратты беруді ғана емес, сондай-ақ коммуникативтік іс-әрекет үдерісінде саяси ақиқатты қабылдап, бағалауға қатыстының барлығында жатқызу керек.
Саяси коммуникацияның негізгі қызметі – коммуникативтік іс-әрекетті қолдана отырып, саяси билік үшін күресу; саяси коммуникация билікті бөлуге (сайлау мәтіндер, тілдік және идеялық ықпал ету сұрақтары талданды және т.б.) айнала бастағандығын айта кету керек. Саяси лингвистика идеяларының пайда болуы мен қалыптасу кезеңін ғалымдар шартты түрде (Х.Вайнрайх, Р.М.Блакар, Е.И. Шейгал және т.б.) ХХ ғ. 50-ші жылдардың аяқ кезі деп көрсетеді, бұл үдерісті ГФР-дегі ұлттық социализм тілін зерттеуге арналған жұмыстардың шығуымен, сонымен қатар көптеген лингвистикалық идеяларды сезе отырып, тілдің қоғамдық сананы басқару және әлеуметтік билікті жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыратын ағылшын жазушысы Дж. Оруэллдің «1984» белгілі романымен байланыстырады. Кейіннен танымал болған «новояз» (New-speak) терминін қолдану да Дж. Оруэлге тиесілі (Оруэл. 1990)
2000 жылдан бастап қазақстандық ғылымда саяси коммуникацияның тұтас теориялық зерттеулері пайда болды, бұған қоса бүгінде отандық лингвистикада әртүрлі әлеуметтік гуманитарлық пәндер тоғысындапайда болған жаңа өзіндік бағыт-саяси лингвистика қалыптасып келе жатыр. Егер әлемде, оның ішінде Батыста тіл-билік, тіл – идеология оппозициясы бұрыннан бері қызықты ғылыми-зерттеу мәселелерінің қатарында болғандығын ескеретін болсақ, Қазақстанда аталмыш мәселе салыстырмалы түрде жақында ғана белсенді түрде қарастырыла бастады (Б.А.Ахатова, И.Г. Оразбекова). Ресей тіл білімінде тіл мен сөйлеуді саяси салада қарастыру неғұрлым кең әрі жан-жақты, бұлардың қатарында О.Н.паршина, А.П.Чудинов, Е.И. Щейгал және т.б жұмыстарын атауға болады, дегенмен ресейлік лингвистикада да саяси коммуникация нысанына айрықша назар аудару шартты түрде қайта құру кезеңінен бастау алды деуге болады.
А.Н. Барановтың пікірінше, саяси мәтіндерді зерттеуге деген қызығушылықты бірнеше факторлармен түсіндіруге болады: әртүрлі тарихи кезеңдерде тілдік жүйенің нақты қолдану салаларына, сөйлеуге назар аударған лингвистикалық теорияның ішкі қажеттіліктерімен; саяси ойлаудың саясаттанулық мәселелерін, оның саяси мінез-құлықпен байланысын зерттеумен; саясаттанудағы модельдерді құру қажеттілігімен, сонымен қатар саяси мәтіндерді және қоғамдық санадағы әртүрлі үрдістерге мониторинг жасау үшін БАҚ мәтнідреді талдау әдістерін зерттеу қажеттілігімен және де әлеуметтік тапсырыспен – саяси коммуникацияны қоғамдық сананың басқаруынан босатуға талпыныстармен (Баранов, 1998).
Дегенмен де бүгінгі таңда саяси лингвистиканың қазіргі тіл білімінің өзіндік бағыты ретіндегі «жас мөлшерінің» салдарынан зерттеудің тұтас әдіснамалық базасы әлі де болса қалыптаса қойған жоқ. Біріншіден, бұл саяси лингвистиканың метатіліне қатысты, себебі лингвистикалық әдебиетте жалпы өабылданған саяси дискурс (Е.И.Шейгал, А.Н. Баранов, Б.А. Ахатова) ұғымымен қатар саяси тіл (О.И.Воробьева), қоғамдық-саяси тіл (О.Н.паршина, Т.В.Юдина), саяси-үгіттік тіл (А.П.Чудинов) терминдері қолданылады. Жоғары айтылған тезистен саясат тлінің мазмұндық «толтырылымдылығы» жайлы сұрақ туындайды. Е.Шейгал саяси іс-әрекеттің жеке терминолгиясы мен риторикасын қосуды ұсынады. (Шейгал, 2004). Американдық лингвистер саяси тіл саласына саяси нақтылықпенжәне тіл тазалығы үшін күреске байланысты барлық мәселелер аясын саяси тіл саласына жатқызады (D’Souza,1990).
Саяси лингвистика мүлдем жаңа бағыт және оқу пәні ретінде өзінің зерттеу нысаны бойынша психикалық үрдістермен байланысты сөйлеу механизмдерін (сөйлеудің қабылдануы және туындауы) және олардың тіл жүйесіменарақатыстылығын зерттейтін психолингвистикаға жақын. Психолингвистиканың пәні ретіндегі сөйлеу іс-әрекетінің жалпы құрылымында оның жүзеге асырылуының негізгі ыормалары сөйлеу (диалогтік, монологтік және полилогтік) болып саналады, оның мақсаты-ақпаратты жеткізуге бейімдеу және адресат санасындағы саяси әлем бейнесінің қайта жасалуына ықпал ету. Саяси коммуникация қандай да бір идеяларды насихаттауға, қоғамдық келісімше келу үшін және қоғамдағы көп көзқарас жағдайында шешім қабылдау үшін ел азаматтарына эмоционалдық ықпал етуге және оларды саяси әрекеттерге оятуға бағдарланған сөйлеу әрекеті (Чудинов, 2006).
Шындығында да саяси коммуникациядағы іс-әрекет субъектісі адам болып табылады, оған билікті бөлуде тікелей және/немесе жанама ықпал етіледі. Саяси коммуникация саяси ақиқатты бейнелеп, оның қайта жасалуына қатысады, бұл үдерісте тіл мен қоғамды себептік өзара айқындылықта зерттейтін саяси коммуниацияның әлеуметтік лингвистикалық мінез-құлқы айқын көрінеді. Саяси лингвистика мен әлеуметтік лингвистиканң байланысы айдан анық. әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны социум болып табылады, онда тіл мәселелерінің әлеуметтік қырлары, тілдің қоғамда қолданылу ерекшеліктері қарастырылады. У.Лабов әлеуметтік лингвистиканы «тілдің оның әлеуметтік аясында» зерттейтін ғылым ретінде анықтауды ұсынады.
Саяси лингвистика саласындағы зерттеулерде мемлекеттің тіл саясаты саласындағы әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерді шектеу ұсынылады. Саяси лингвистика мен әлеуметтік лингвистиканың зерттеу мәселелері, біздіңше, өте дәл және А.П.Чудинов оларды айқын мазмұндап береді, ол бұл білім салаларын жіктей отырып, саяси лингвистика бойынша мамандарды саясаткерлердің қалай сөйлейтіндігі қызықтырса, ал тіл саясаты мамандарды тілдің тиімді қолданылуы үшін не істейтіндігімен (неесе не істеулері керек екендігімен) айналысатындығын атап көрсетеді (Чудинов, 2006). Дегенмен де тілдік жоспарлау және тілдердің қолданылу мәселелері бір-бірімен тікелей байланысты және белгілі бір дәрежеде саяси коммуникацияға және билік өкілінің сөйлеу әдебіне ықпал етеді. Бұл тұжырымды қазіргі Қазақстанның тілдік жағдаяты аясында қарастыруға болады.
Қазіргі Қазақстанның тұрғындары көптілді социумды құрайтындығына қарамастан, демографиялық және функционалдық тұрғыдан күшті тілдер қазақ және орыс тілдері үсте тілдер болып қалып отыр. Бұл факті аталған мажоритарлы тілдердің республика кеңістігіндегі (әлеуметтік, мәдени және тілдік тұрғыда) толерантты өзара қатынасын айқындайды, бұл тілді қолдану саласында неғұрлым айқын көрінеді, олардың қатарында неғұрлым маңыздырақ қоғамдық-саяси іс-әрекет көрінеді. Осы тұрғыдан жаңа тілдік жағдаяттағы, сондай-ақ жаңа геосаяси жағдайдағы билік өкілдері тілдік тұлғаларының қалыптасуын зерттеу қызықты. Э.Д.Сүлейменова, Ж.С. Смағұлованың пікірлері бойынша, тілдік жағдаят-құбылмалы және аса күрделі феномен, тікелей нақты геосаяси, әлеуметтік лингвистикалық жағдайларға тәуелді (Сүлейменова, Смағұлова, 2005).
Қазақстандағы тілдік жағдаяттың өзгеруі табиғи түрде қазақ тілінің қайта бағалануына және қолданылуына (қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуі) әсер етті, бұл, бірінші кезекте, республиканың тілдік жоспарлануының негізгі нысандарының бірі ретіндегі билік өкілдерінің сөйлеу әдебінен де көрініс тапты. Міне, сондықтан билік өкілдерінің кәсіби тілін мемлекеттік қызмет айқындайтын қоғамдық-коммуникативтік маңыздылық ерекшелендіреді, онда тілдің функционалдық бағыттылығы өзгереді, тіл-биліктің аса пәрменді құралы және мемлекеттік аппарат іс-әрекетін идеологиялық қамсыздандыруда, тұтас мемлекеттік идеологияның жасалуына бірінші дәрежелі рһл атқарады.
Егер саяси коммуникацияны этнолингвистикалық зерттеу шеңберінде қарастыратын болсақ, бұл жерде бірінші кезекке ұлттық саяси сананың маңызды элементтерін бейнелейтін концептілер шығады. Концепт, Д.С.Лихачевтің пікірінше, адам санасында мүмкін мағыналарға емеурін ретінде ғана туындамайды, сонымен қатар алдыңғы тұтас тілдік тәжірибеге поэтикалық, прозалық, ғылыми, әлеуметтік, тарихи және т.б. үн қосу, баға беру ретінде пайда болады (Лихачев, 1994). Бұл жерде жекелеген тілдік ұлға үшін де өмірлік маңыздылығы бар (В.А.Маслова бойынша) қазақ халқы мәдениетінің кілт концептілері біздің бақылауларымыз бойынша әділет, тәуелсіздік, намыс, қадір, жанұя болып табылады, олардың жиынтығы ұлттың саяси мәдениетін топтайтын саяси концепциясын құрайды. Қазіргі ғылымның антропологиялық мәселеге назар аударуы дәл осы этнолингвистикалық тұрғыдағы көптеген мәслелерді алға тартты, бұған ұлттық мәдениет, халық менталитеті және психологиясын білдірудің тілдік формалары мен құралдарын талдайтын сан алуан лингвистикалық зерттеулер мысал бола алады.
Саяси лингвистиканың тендерлік мазмұн тұрғысынан интегративті зерттелуінің маңыздылығы күмән туғызбайды. Гендерлік лингвистика айрықша лингвистикалық пән ретінде тілдік құралдарды тіл иелерінің жынысы бойынша айырмашылықтарына байланысты қарастырады. Осыған байланысты лингвистикалық тұрғыдан ерлер мен әйелдердің сөйлеу/бейсөйлеу әдебіндегі негізгі айырмашылықтар туралы гендерлік стереотиптер мәдениетінде қалыптасқан зерттеулер қызықты болып саналады. Қазақстанда ұзақ уақыт бойы патриархалдық үстемдік сақталып келгендігін айта кету керек, бұл әйел/билік/саясат оппозициясында көрініс тапты. Бүгінгі таңда қазақстандық, басым көпшілігі «еркектік» Парламентте соңғы сайлаулардан (тамыз,2007ж) кейін аздаған, бірақ көрнекті өзгерістер болды, яғни әйел депуттардың саны ұлғайды. Саяси коммуникация гендерлік дифференциацияда логикалылық/интуитивтілік, саналылық/бейсаналылық, билік/бағыну, тәуелсіздік/ұжымдылық, активтілік/пассивтілік өрістерінде көрінеді.
Жан-жақты зерттеудің келесі бір маңызды аспектісі саяси және бұқаралық коммуникацияның өзара әрекеті мен өзара ықалы болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның саяси көзқарастарының қалыптасу және белгілі бір саяси көшбасшыны алға жылжыту үдерістерін басқаратындығы дәлелденген. Өз зерттеуінде К.В.Киуру атап көрсеткендей, «өз саясатын саяси үдерістің барлық субъектілері жүзеге асыра алады: билік, қоғам және БАҚ,... масс-медиа билік пен қоғамның ықпал ету нысаны болып табылады» (Киуру, 2005). Автордың бұқаралық ақпарат құралдары бұқаралық мәдениет пен қоғам мүдделерін жылжыту құралы болып шығатындығы жайлы пікірі дұрыс айтылған. Саяси оппоненттердің бір-біріне және қоршаған әлеуметтік ортаға билік, биліктілік-басқару қатынастар бойынша әлеуметтік-ақпараттық ықпалы ретінде түсінілетін саяси коммуникация саяси іс-әрекеттің ажырамас белгісі екендігі маңызды болып табылады.
Отандық ғылымның қазіргі даму кезеңінде бірінші кезекте кеңістіктен кейінгі барлық кеңістік қоғамында болып жатқан саяси өзгерістермен байланысты тіл өзгерістері белсенді талданатындығы жалпыға белгілі. Бұл жерде саяси пиардың тілдік және жанрлық ерекшеліктермен, саясаткердің сөйлеу әдебі сипатына, саяси іс-әрекеттегі стратегиялар мен тактикаларға байланысты, сонымен қатар аяси мәтіндердің пайда болуы және қолданылу механизмдерін айқындау мәселелері алдыңғы жоспарға шығады. Көптеген лингвистер саяси дискурстың басым қызметін саясаткердің негізгі және ақырғы мақсаты ретінде билікті иеленуіне тура және жанама ықпал ететін коммуникативтік іс-әрекетті қолдану негізінде жететін сендіру қызметін атайды.
Сөйтіп қазіргі саяси лингвистиканың жетекші постулаы саяси жағдаят аясында қарастырылатын саяси мәтіндерді зерттеуге дискурсивтік бағдар болып шығады. А.П.Чудинов атап көрсеткендей, бұл жерде автордың мақсатын, саяси көзқарастар мен тұлғадық қасиеттерді, мәтінде әртүрлі адамдардың қабылдау ерекшелігін ескеру қажет. Бұдан басқа саяси мәтіндер жүйесіндегі және басқа елдің саяси өмірі жүйесінде бұл мәтіннің атқаратын рөлін де ескеру қажет (Чудинов, 2006).
Қазіргі таңда психология мен психолингвистикада коммуникативтік диалогтегі сөйлеу тактикалары мен стратегияларының көптегне анықтамалары мен топтастырулары бар (А.Құдиярова, А.Исмагулова, Е.Н.Зарецкая, Г.Г.Почепцов т.б.).
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі лингвистика «стратегия» және «тактика» терминдерін әскери әрекеттер теориясынан алған. Стратегияны алға қойған мақсаттармен бар жағдаяттарға қатысты таңдайды. Стратегияны жүзеге асырудың нақты амалы тактика болып табылады, бұл стратегияның «қызмет көрсетуші персоналы». Коммуникацияда стратегия мен тактика табысқа жетуге көмектесетін сөйлеу әрекетін жоспарлау, ұстанымдарды, амал-тәсілдерді сұрыптау.
Тілдік тұлғаның сөйлеу стратегиялары модельдерінің алуан түрлілігінде біз саяси қызметкерлердің когнитивті сөйлеу стратегияларын талдау арқылы сөйлеу ықпалы дәрежесін мынадай арнайы қатынас саласында беруге тырысамыз (Дейк, 1989):

  1. Қорыту. Өмірде болатын (жағымсыз) ақпараттың жай ғана «кездейсоқ» немесе «жалғыз осы еместігін» көрсету үшін қолданылатын қадам, сөйтіп мүмкін болатын ортақ пікір нығайтылады. Бұл бағыт модельден схемаға өтуді белгілейді. Типтік сөйлемдер: «Әрдайым осылай», «Мұнымен қадам басқан сайын кезігесің», «Бұл үнемі қайталана береді».

  2. Мысал келтіру. Ортақ пікір жай ғана «ойлап абылған» жоқ, нақты фактілерге (тәжірибеге) сүйенілгендігін көрсететін конверсиялық қадам. Типтік сөйлемдер: «Міне, мысалы», «мысалы, өткен аптада», «Біздің саясаткерді алыңыз. Ол ...»

  3. түзету. Бұл формулалық немесе риторикалық стратегия (жиі лексикалық). Индивидуалдық сөйлеуді бақылау мынадай болжамды тудырады, қайсібір түйіндеме не рефенциалды тұрғыда «жалған», не қаламаған түсіндірмелерге және тыңдаушының терең импликация немесе ассоциацияларды бағалануына алып келеді. Мұндай қадам әдетте жалпы семантикалық тепе-тең немесе жағымды өзін-өзі таныстыру стратегиясының бөлігі болып табылады.

  4. күшейту. Тыңдаушының назарына («назар аударту») ең үздік немесе неғұрлым тиімді бақылауға, релевантты ақпараттың (мысалы, жағымсыз предикаттардың) құрылымдық ұйымдастырылуын жақсартуға немесе субъективтік микроаөпаратты атап көрсетуге бағытталған формулалық стратегия. Типтік сөйлемдер: «Бұл сұмдық,... ұят, масқара...»

  5. (Айқын) көну, жол берулер. Қарама-қайшы келетін мысалдарды тарту жағдайында да шартты қорытуға мүмкіндік беретін немесе ақиқат не жасанжы шыдамдылық пен аяушылықты көрсетуге мүмкіндік беретін, яғни өзін-өзі жағымды таныстыру стратегиясының бір бөлігін құрайтын қадам. Типтік сөйлемдер: «Олардың арасында жақсы адамдар да кездеседі», «Қорытудың қажеті жоқ, бірақ...», «Саясаткерлер де осылай жасай алады» (сондай-ақ салыстыру болып та табылады).

  6. Қайталау. Формулалық қадам, оның функциясы күшейтуге жақын: назар аударту, ақпараттық құрылымдау, субъективтік бағаның, неғұрлым маңызды тақырыптардың астын сызып көрсету және т.б.

  7. Қарама-қарсылық. Біршама когнитивтік қызметі бар қадам. Риторикалық қатынасқа қаысушылардың назарын аударту (ақпаратты құрылымдау). Семантикалық: адамдардың жағымды және жағымсыз бағаларын, олардың әрекеттері немесе қасиеттерін астын сызып көрсету-жиі БІЗ-тобы мен ОЛАР-тобын қарама-қарсы қою арқылы (типтік мысал: «Бізге көп жылдар бойы еңбек етуге тура келді, ал олар жәрдемақы алады және ештеңе істемейді», «Бізге көптеген жылдар бойы жаңа пәтерді күтуге тура келді, ал олар пәтерді келе сала бірден алады») және қақтығыс мүдделер кездесетін барлық жағдаяттар.

  8. Жұмсарту. Бұл қадам жалпы жағдайда өзін-өзі таныстыру стратегиясына қызмет етеді, түсіністік пен төзімділікті, сонымен қатар негізделе алмайтын бағлай немесе қорытуды «жоққа шығаруды» көрсетеді. Оның көмегімен жағымсыз қорытындыларды тежеуге болады.

  9. жылжу. Бұл қадам жағымды өзін-өзін таныстыру үшін тән. Типтік мысал: «Маған жалпы алғанда бәрібір, бірақ басқа депутаттар біздің фракцияға наразылық білдіріп отыр».

  10. Ауытқу. Шындығында, бұл ауытқудың неғұрлым ортақ стратегиясына қосылған әртүрлі қадамдардың жиынтығы. Когнитивтік көзқарас тұрғысынан әңгімеден немесе тақырыптан ауытқу (1) модельде этникалық азшылық туралы ақпарат жоқ немесе толық емес, (2)модельден орынсыз, беруге жарамсыз ақпаратты алып тастауға болады. (3) жадыдан тек жағымсыз тәжірибені, демек пікірді де алып тастауға болады, бірақ олар басқа адамдар немесе басқа адамдар тобы туралы жаман сөз айтуға тыйым салатын ортақ қағидалармен тежеледі. Типтік сөйлемдер: «Білмеймін», «Мен олармен араласпаймын», «Олардың не істеп жатқандығы маған бәрібір», «Менің уақытым жоқ... ».

  11. Пресуппозиция, импликация, болжам, жанама сөйлеу актісі. Бұлар-сөйлеушіге кейбір жеке пікірлердің түйіндеуінен, дәлірек айтқанда, жағымсыз ескертулер мен бағалардан қашуға немесе оларды неғұрлым ортақ арнаға, сөйлеуші жауап бермейтін жалпыға бірдей мойындалған білімдер мен пікірлерге ауыстыруға мүмкіндік беретін семантикалық және прагматикалық қадамдар. Кейбір типтік көрсеткіштер-пресуппозицияның әдеттегі маркерлері (мысалы, есімдіктер, белгілі артикльдер, кейбір етістіктреді «что» жалғаулығы бар бағыныңқылар, «даже», «также» және т.б. секілді арнайы демеулік шылаулар мен үстеулер), абстракцияланған немесе ортақ референция үшін 2-ші жақы қолдану («үнемі осымен кезігесің»), екі ұшты, тиянақсыз сөздер («тағысын тағылар»), аяқталмаған сөйлемдер және өмірден алған оқиғалар және т..б

Мақсатына қарай тиімді және тиімсіз қарым-қатынасты ажыратуға болады. Адамдардың мақсаттары сәйкес келген жағдайда қарым-қатынас нәтижелі болмақ. Осы үдерісті психологтар кооперация деп атайды. А.Құдиярованың айтуы бойынша, ең ұтымсыз уәждер – индивидуализм және агрессия, ортақтасу серігінің қызығушылығы мүлдем назарға алынбағандықтан, оның да қорғану стратегиялары қоздырылады. Зерттеуші тұлғааралық өзара әрекет стратегияларының сипаттамасын бергенде, негізгі бес түрін ажыратады:

  1. Қарсыласу стратегиясы, өз ұтысын көбейту уәжіне сәйкес. Адам тек қана өзінің мақсатына бағытталып, өзгенің мақсатын есепке алмайды. «Саған емес, маған».

  2. Қашу стратегиясы, өзгенің ұтысын азайту уәжіне сәйкес. Шынайы өзара әрекеттен қашу, байланыстан бой тарту,өзгенің ұтысын азайту үшін өзінің де мақсатына жетпеу. «Саған да жоқ, маған да жоқ».

  3. Жол беру стратегиясы, өзгенің ұтысын көбейту уәжіне сәйкес. Ортақтасу серігі мақсатына жетуі үшін өз мақсатын құрбандыққа салу. «Маған емес, саған».

  4. Ымыра стратегиясы, ұтыстарды азайту уәжін жүзеге асырады. Шартты теңдік үшін ортақтасу серіктері өз мақсаттарына толық жетпейді. «Саған қанша болса, маған да сонша».

  5. Ынтымақтастық стратегиясы, кооперация мен бәсекелестік уәждерін жүзеге асырады. Бірлескен әрекетке қатысушылардың әлеуметтік қажеттіліктерін толыққанды өтеу. «Барлығы саған да, маған да».

Соңғы аталған стратегия өзара әрекеттің тиімділігі, қатысушылардың көңіл-күйі мен өзара қатынастары жағынан ең нәтижелі болып келеді. Сонымен қатар бұл стратегия орындалуы жағынан ең қиыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет