Мәтінді қайта айтып беру мәселесіне көптеген психологиялық эксперименттер арналған. Оқып шыққан мәтінді қайта айтып беру кезінде реципиенттер (репродуциенты) әрқашан бастапқы мәтінді трансформацияға ұшыратыды. Барлық қайта айтып берлерде кейбір өзгерістердің түрлері әрдайым кездесіп отырады, оларға жататындар: сөздерді ауыстыру, мәліметтерді қалдырып кету және қосу. Трансформацияға жиірек ұшырайтындар етістіктер, ал түсіріліп қалатындар үстеу, сын есім және айқындау конструкциялар. 50 % жағдайда іс-әрекет «қайда», «қашан» және «қалай» жүзеге асқаны жөніндегі мәлімет қалдырылып кетеді. Қайта айту барысында қосып айту кейіпкердің іс-әрекет себебіне, мақсатқа жету жөніндегі мәліметтің дамуына қатысты, ішкі реакция жайында бекіту қосылады. 50% -да ырықсыз етіс өздік етіске алмастырылады немесе ішкі реакция белсенді әрекетке айналған түрде сөйлем қайта құрылады.
Мәтінді қайта айтып беру анализі эмоционалды бояуды, индивидтің жеке мәнді білімін табуға көмектеседі – ол қайта айтылып берілген мәтіндегі кейіпкерлердің мотивтері және іс-әрекеттерін толық суреттеуде көрініс табады. Мәтінді туындатудың түп нұсқасына жақын автордың көзқарасына реципиенттің қабылдауына және оның өзінің жеке құндылықтары және ереже қағидаларының сәйкестігіне тәуелді. Кез келген түсіну өз ішіне анализ жасау, бағалау және салыстыруды енгізеді. Сондықтан тіпті жақсы машықтанған естің өзі келіп жатқан ақпаратты сол күйінде ешқашан сақтай алмайды. Оған бұрынғы білім, жеке мотивтер және перцепциямоментінде неге назар аударылғаны әсер етеді. Реципиенттің көңіл-күйі және оның тілектері, бұрынғы білімі есте сақтау және туындау жасау процестерін ұйымдастыруға әсер етеді. Сондықтан істің реалды барысы бағытына сәйкес келеді және оның интерпретациясы не болып табылатыны арасындағы айырмашылықтарды түсіне білу маңызды болып табылады.