Пәннің мақсаты мен міндеттері


Тақырыбы: Психолингвистикадағы эксперимент Мақсаты



бет58/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
psiholingvistika. k-20-1

Тақырыбы: Психолингвистикадағы эксперимент
Мақсаты: Психолингвистикадағы экспериментті меңгеру
Сабақ түрі: Практикалық-талдау
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ассоциациялық эксперимент

  2. Семантикалық дифференциал әдісі

Тапсырмалар мен жаттығулар:

  1. Ассоциативтік эксперименттің негізгі нәтижелері (адамгершілік, махаббат, отан, мемлекет ұғымдарына психолингвистикалық эксперимент жасау )

Әдебиеттер:
Белянин А. Эксперимент в психолингвистике, 126-147б.// Психолингвистика.
Москва, 2001
Залевская А.А. Введение психолингвистикуү М., 1999



ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ



ПСИХОЛИНГВИСТИКА ПӘНІ БОЙЫНША
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ МЕН ЖОСПАРЫ

ҚЫЗЫЛОРДА, 2023
Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына қойылатын талаптар және әдістемелік нұсқаулар
Білім алушының өзіндік жұмысына ұсынылған тақырыптар бойынша бірнеше формада жұмыстар орындалады. Білім алушы тақырыптар бойынша жұмыстың формасын таңдайды. Мәселен, презентацияны (тұсаукесер) берілген тапсырма негізінде жасайды.
Білім алушының өзіндік жұмысына берілген тапсырмалар 1-аптадан бастап жүргізіледі. Осы уақыттан бастап әр білім алушы белігленген кесте бойынша тапсырмаларды өткізеді. Жұмыстың көлемі 5-25 бет аралығында болуы керек. Мәселен, аталмыш тақырыпта жазылған проблемалық мақала немесе эссе 1-5 бет көлемінде болуы тиіс. Баяндама, реферат 10-15 беттің аралығында болғаны дұрыс. Презентация, өзіндік жұмыс тақырыптың ашылуы мен зерттелуіне қарай 20-25 бет көлеміне дейін жазыла береді.
Білім алушының өзіндік жұмысын орындау барысында біріншіден, тақырыптың ашылуы, зерттелу деңгейі, өзіндік ұсыныс-тұжырымдарына қарай бағаланады. Екіншіден, жұмыстың жинақылығы, тиянақты орындалуы, жазба жұмыстарына қойылатын талаптарды орындауына қарай сараланады. Дайын болған жұмыстарды көрсетілген кестеден бұрын орындаған студенттердің жұмысы талап деңгейінен шығып жатса, мадақтау балы қойылады.
Керісінше көрсетілген уақыттан кешіккен, жұмыстың безендірілуі төмен деңгейде болса, өзіндік ой-пікірін білдірмесе 5,0 баллға дейін төмендетіледі. Сонымен бірге көрсетілген тақырыптарға қатысты мерзімді басылымдарға мақала жазған студентке арнайы сый балдары тағайындалады. Арнайы сыйға бөлінген балдың көлемі- 3,0 б.
БАӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. БАӨЖ -дің негізгі міндеті практикалық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Практикалық сабақтарда тақырыптың негізгі мәселелері қарастырылады. Практикалық сабақтын жоспары, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, практикалық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға жауап береді. Практикалық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, практикалық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына дербес түрде жауаптар дайындау керек. Әрбір сұрақты қысқаша дайындау барысында, негізгі ережелер мен символдарды БАӨЖ дәптеріне жазыңыздар. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтардын көмегімен өз білімдеріңізді тексеріңіздер. Дербес талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте оқытуға немесе БАОӨЖ процесінде қоюға болады.
БАӨЖ-да тақырыптың мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет