Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.
Жапониядағы «нануси» деген кім?
2.
1069 жылы жапонияда қандай оқиға болды?
5 Дәріс. Солтүстік Африкадағы араб мемлекеттері.
Негізгі сұрақтары:
1.
Алжир, Тунис.
2.
Триполитания, Ливия.
Араб халифатының ыдырауы VІІІ ғасырдың екінші жартысында-ақ
басталған болатын. Оның ыдырауына бірнеше себептер ықпал етті.
Біріншіден бағындырылған халықтардың тәуелсіздікке ұмтылуы халифаттың
күш-қуатын әлсіретті. Екіншіден феодалдық құрылыстың дамуына
байланысты жер-жерде ірі феодалдар күшейе бастады.756 ж. Кордова
Эмираты бөлініп кетіп, ол 929 ж. жеке халифатқа айналды. Ол халифат 1031
жылдан кейін ыдырап кетті. X ғасырдың басында Марокко мен Тунис
бөлініп шықты. IX ғасырдың екінші жартысында Египет тәуелсіздік алды.
Мұнда алғаш Тулун әулеті, ал X ғасырда Әлінің фатимилер деп аталған
ұрпақтары билік құрды. 969 ж. фатимилер Египетті егемен Каир халифатына
айналдырды.ІХ-ғасырда Шығыс Иран (Хорасан), Х-ғасырда — Батыс Иран
да Араб халифатынан бөлініп шықты.Амударияның шығысындағы
Мәуреннахрда Саманидтер мемлекеті құрылды («Мәуреннахр — өзеннің
арғы жағы» деген сөз). Оның астанасы Бұхара қаласы болды. Басқа үлкен
қалалары Самарқан мен Ходжент болды.
X ғасырдың басында Ауғаныстан бөлініп шықты. Бағдад Халифатының
қарамағында тек Месопотамия ғана қалды. Бірақ оны да Иран әміршісі өзіне
бағындырып алды.Тунис пен Египеттің араб халифатынан бөлініп шығуы
негізінен фатимилер әулетінің атымен тығыз байланысты.Исмаилшыл
имамдар 893 ж. Әбу Абдаллах деген миссионерді Ифрикияға (Тунис)
жіберді. Ол өзі құрған шииттік қауымды күшті әскерге айналдырды. Оған
жан-тәнімен берілген берберлер жеті әскери құрамаға бөлінді. Олардың
басшылары ақсақалдар Кеңесін құрды. Өмір теңдік және әділеттілік
принципіне негізделді. Берберлерді аббастық наместниктіктердің билікті
заңсыз басып алғандығы ызаландырды. Олар билікті фатиманың ұрпағы,
саламилік имам Убейдуллахқа алып беру үшін күресті.Убейдуллах пен оның
баласы кезекті уағыз кезінде тұтқындалып, түрмеге қамалған болатын. Оны
босату үшін Абу Абдаллах 909 ж. берберлер отрядымен Магрибке
(батыстағы облыстар) аттанды. Убайдуллах пен оның баласы түрмеден
босатылды. Убайдуллахтың басшылығымен тек Әли мен Фатиманың
ұрпақтарын ғана имам деп мойындайтын шииттік-исмаилилік «Фатимииа»
сектасы құрылды. 910 ж. қаңтарда Убайдуллах (ол өзін Әли мен Фатиманың
ұрпағы деп санаған) «махди» (әділетсіздіктен құтқарушы) деген атақ алып,
«діндарлар әмірі» деп жарияланды.Бербер тайпаларының көмегімен Әбу
Абдуллах Солтүстік Африканың Тахерте, Сиджилмас, т.б. аудандарын басып
алды. Сиджилмаста Әбу Абдуллах халыққа: «Мынау Махди. Мен сендерді
оған бағынуға шақырамын!»,— деген үндеу тастады. Ал Махдидің Әли мен
Фатиманың ұрпағы екендігі жалған еді.«Тарих ал-Кайруан» деген кітабында
ибн Халликан ол (Убай-дуллах) Саламилік иудей еді, ол Саид деген ұста еді
дейді.Убайдуллах берберлердің үмітін ақтамады. Ол салық мөлшерін ұлғайта
түсті. Қарсы шыққандарды өлім жазасына кесіп отырды. Ал Әбу
Абдаллахтың халық арасындағы беделі күшті болды. Ол өзі жариялаған
теңдік пен әділеттілік принциптерін жүзеге асыруға тырысты. Бұл
принциптері Махдидің саясатымен сыйыспады. 911 ж. Әбу Абдаллах
Махдидің бұйрығымен өлтірілді. Оған жауап ретінде берберлер көтеріліске
шықты. Бірақ көтеріліс басып тасталды.914 ж. Махди Египетті жаулап
алуәрекетін жасап, сәт-сіздікке ұшырады. Мұндай сәтсіз әрекеттер 919, 935,
945, 966 жылдары қайталанды.969 ж. Египетте ашаршылық болды. Сәуір
айында шыққан тегі славяндық қолбасшы Жауһар басқарған 100 мыңдық
фатимилік әскер Египетке аттанды. Онымен бірге аш отырған Египет халқы
үшін егін тиелген кемелер де келді. Шілде айында египеттік әскер
талқандалды. 969 ж. 9 шілдеде фатимилік халиф — Муизздың аты-на
мешітте Хұтба оқылды. Ол Египеттің халифы деп жарияланды. Сөйтіп,
Египет фатимилік мемлекеттің құрамына қосып алынды да, оның негізгі
аумағына айналды. Сол жылы жаңа астана — Каир қаласының негізі
қаланды. 973 ж. оған Муизз халиф көшіп келді. 974 ж. фатимилер Дамаск
қаласын басып алды.Фатимилер Египетте жер реформасын жүргізді. Ол
бағдаттық ев-рей Йакуб ибн Киллис пен оның көмекшісі Услудж ибн
Хасанның атымен байланысты. Империядағы барлық жердің ең жоғарғы иесі
фатимилік халиф деп саналды. Ол мемлекеттік қордан ірі шенеуніктер мен
әскер басыларына ихта ретінде жер үлесін беріп отырды. Ихта берумен
арнаулы диван (кеңсе) айналысты. Ихта иелері өкіметке солдат беріп
отырды. Лендердің көлемі оны иемденушінің қызметінің үлкенді-кішілігіне
байланысты болды. Лен қызмет істеп жүрген кезіне ғана берілді.
Мемлекеттік табыстың басты көзі жер салығы — харадж болды. Ол ақшалай
да, азық-түлікпен де өтеле беретін. Харадждың есеп-қисабын екі диван
жүргізді. Біреуі — төменгі, екіншісі — жоғарғы Египеттің жер салығымен
айналысты.Муызз (Абу — Темим Маадд) (953—975) бен Азиз (Әбу Мансур
Низар) (975—996) халифтардың билігі кезінде фатимилер билігінің
қуаттылығы шырқау шегіне жетті. Фатимилер түрік және негр гулямдарын
көптеп сатып алды. Фатимилер әртүрлі елдердің халықтарынан күшті
мемлекет құрды. Олар, К. Э. Босворттың айтуынша феллахтарды жүмыс
күші, христандарды — шенеуніктер, еврейлерді — делдал көпестер ретінде
шебер пайдалана білді.
Еврейлер Үндістанмен және Батыс Еуропамен сауда қатынасын қайта
жандандырды. Түріктер мен негрлерден ұлан құрылса, бербер арабтардан
жасақшылар құрылатын.996 ж. таққа Хаким отырды. Ол 1021 жылға дейін
билік құрды. Хаким исмаилшылар мойындайтын исламның барлық дәстүрлі
әдет-ғұрыптарынан бас тартты, Кағбаға жапқыш жіберуді тоқтатты,
қажылыққа баруға кедергі жасап бақты. Оның қолөнерімен, сауда-мен күндіз
айналысуға, әйелдердің үйден далаға шығуына тыйым салуы ақыр заманның
алғашқы белгісі деп қабылданды. 1011 ж. алдымен христиандарды, сонан
кейін сунниттерді қудалау басталды. Мамлюк негрлер мен түріктердің
қақтығысы орын алды.
Шәлкес деспот халиф Хаким 1021 ж. із-түзсіз жоғалды. Оның орнын басқан
халиф Зәкір (1021—1036) Хакимнің жарлықтарын жойды. Зәкірден кейін
Мустансир (1036—1094) халиф болды.
1055 ж. Бағдадты Тоғрыл-бек сұлтан басқарған — селжук түріктері
басып алды. Олар сунниттер болатын. Сондықтан да селжук түріктері
күпірлер деп санаған каирлік халифатты жоюды көздеді. Фатимилер тұсында
Египеттің әскері ақын, әрі саяхатшы Насир-и Хосроудың айтуынша,
судандық негрлерден, түріктер мен славяндардан құрылған 60 мыңдық
гулямдардан, Магрибтік берберлер мен Хиджаздық арабтардан құрылған 135
мыңдық жасақтан тұратын. 1062 ж. маусым айында негр гулямдар мен түрік
гулямдарының арасында қақтығыс болды. Негр гулямдар жеңілді. 1073 ж.
халиф Мустансир әскердегі қолбасшылыққа Бадр әл-Джамали деген ар-
мянды тағайындады. Армян және сириялық әскер қулықпен түріктік әскер
басшыларын қолға түсіріп, қырды.
1064 ж. селжуктер Сирияға басып кірді. 1071 ж. Атсыз басқарған
селжуктер Иерусалимді басып алды. Сирия мен Палестинада селжуктер
империясына вассалдық тәуелділіктегі сұлтанаттар құрылды. Олардың
арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрды. Осындай жағдайды
пайдаланып, фатимилер Акканы, Тирді және бірнеше теңіз жағалық
қалаларды басып алды (1089 ж.).Фатимиліктердің әлсіреуі, селжуктер
империясының ыдырауы кресшілердің Таяу Шығысқа жорықтарына жол
ашты.
1098 ж. қараша айында кресшілер Антиохиядан Иерусалимге қарай бет
алды. Босфор бұғазынан өтіп шыққан 700 мыңдық әскерден Иерусалимге 25
мың адам ғана жетті.Бұл кезде фатимилер Иерусалимді селжуктерден тартып
алған болатын. Фатимилер халифы Хаким кресшілердің Иерусалимге
қарусыз, шағын топпен табынуға келіп тұруларына рұқсат берді. Бірақ
кресшілер бұл шартқа көнбей, шабуылмен қаланы басып алды.Бірінші крест
жорығы үш жылға созылды. Оның нәтижесінде кресшілер Эдессаны,
Антиохияны, Триполи мен Иерусалимді басып алды. Бұл табыс еуропалық
басқыншыларды жігерлендіре түсті. 1101 ж. көктемде еуропадан
кресшілердің жаңа легі келіп жетті. Жарты миллионға жуық кресшілер үш
топқа бөлінді. Раймонд Тулузский басқарған 260 мыңдық кресшілерді
селжук түріктері Ғалиса өзенінің бойында талқандады.
Кресшілердің екінші тобын селжуктер Тавр тауының етегінде
талқандап, бытыратып жіберді.100 мыңға жуық үшінші кресшілер тобын
түріктер Гераклея маңында жеңді. 1101 жылғы крест жорығы осылай
күйреді. Алып үш армияны селжук түріктері құртып жіберді.1147 ж. жазда
әрқайсысы 70 мыңнан тұратын неміс және француз әскерлері екінші крест
жорығына аттанды. 1148 ж. Палестинаға ол әскердің жартысына жуығы ғана
жетті. Қалғанын жолда түріктер жойып жіберді.Иерусалимдік кресшілер
батыстан келген кресшілердің жаңа тобынан құтылу үшін оларға Дамаскіні
жаулап алуды ұсынды. Кресшілер ол қаланы қоршауға алған кезде Дамаскіге
көмекке Атабек жіберген түрік әскері келе жатыр екен деген хабар тарады.
Иерусалимдік кресшілер үшін Дамаскінің арабтар қолында қала бергені
тиімді еді. Сол себепті олар енді еуропалық рыцарларды Дамаскіні қоршауды
тоқтатуға көндірді. Еуропалық кресшілер кейін шегініп, ақыры елдеріне
қайтты. Сөйтіп, екінші крест жорығы зор шығынға ұшырап, сәтсіз аяқталды.
1154 ж. Дамаск Солтүстік Ирактың қол астына көшті. Сәтсіз аяқталған
екінші жорықтан кейін де еуропалық рыцарьлар шығысқа көз тігуін
тоқтатқан жоқ. Оларды, әсіресе Египет қатты қызықтырып, өзіне қарай тарта
берді. Ондағы экономикалық құлдырау саяси анархияға ұласып жатты.
Фатимилік мемлекеттің ішкі ыдырауы күшейді. Ол өз байлығын тиімді
пайдалана алмады. Исмаилизмнің ел ішіндегі тірегі берік болмады. Сарайлық
төңкерістер, көшелердегі қырқысулар, т.б. тәртіпсіздіктер XII ғасырдағы
фатимилік Египетті қатты қалжыратты.
Фатимилік халифаттың мұндай жағдайы кресшілер үшін пайдалы
болды: оларға оңтүстіктен қауіп төнбеді. Бірақ өкімет басына айюбилер
әулеті келген соң жағдай күрт өзгерді. 1171 ж. халиф Адид өлген соң билікті
оның уәзірі Салах-ад-дин басып алды. Ол шыққан тегі жағынан курд
(равадия тайпасынан) болатын. Сириялық әскер басшылығынан 1169 ж.
фатимилер халифының уәзірлігіне тағайындалған еді. Билік басына келген
әулеттің Айюблер деп аталуының себебі Салах-ад-диннің әкесінің аты Айюб
ибн Шади болатын. Бұл әулет кресшілерге қарсы күресті басқарды. Әулет
1250 жылға дейін билік құрды.Таққа отырысымен Салах-ад-дин Египеттің
аумағын ұлғайтуға кірісті. 1172-1173 жж. ол Барку мен Триполиді, ал 1174 ж.
Иеменді бағындырды. Сол жылы Сириядан Дамаск, Хама, т.б. жерлер ба-
сып алынды. Сирияның наместнигі етіп Салах-ад-дин өзінің інісі
Тураншахты тағайындады. 1182 ж. египет әскері Халебті басып алды.
Тонаушылықпен айналысып отырған Иерусалимдік рыцарьларға енді
оңтүстіктен де, шығыстан да қауіп төнді. Салах-ад-дин рыцарьларды 1177 ж.
Аскалон Саладин маңында, 1179 ж. Иордан жағасында жеңді. 1184 ж. келісім
жасалды. Ол бойынша кресшілер мұсылмандарға шабуыл жасамауға,
көпестерді тонамауға уәде берді. Ал Салах-ад-дин оларға тимеуге
келісті.Бірінші болып уәделерін рыцарьлар бұзды. Олар Иорданның
жағасындағы Керакты басып алды, Дамаскіден Аравияға бара жатқан сауда
керуенін тонады. Келісімді бұзғаны үшін Салах-ад-дин кресшілерге соғыс
жариялап, Иерусалим корольдігіне шабуыл бастады. Жарты күнге созылған
шайқастан соң рыцарьлар талқандалды. Иерусалим королі мен тамплиерлер
гроссмейстері тұтқынға түсті. Корольдің басы кесілді.Бірнеше аптаның
ішінде Иерусалим мен Тирден басқа корольдіктің қалалары Салах-ад-динге
берілді. Сонан кейін ол Иерусалимді де басып алып, құнын төлеген қала
тұрғындарын тұтқыннан босатты. Иерусалимнің мұсылмандар қолына көшуі
Еуропаны қатты шамдандырды. Папа Урбан ІІІ-барлық княздарды крест
жорығына аттануға шақырды. Сөйтіп, үшінші крест жорығы басталды. Ол
жорыққа Германия, Англия мен Франция қатысты. Неміс рыцарьлары король
Фридрих суға ағып кетіп өлгеннен кейін Сириядан кейін қайтты. Ал Англия
мен Франция корольдері басқарған кресшілер 1191 ж. Сирияға жетіп, екі жыл
қоршап тұрғаннан кейін Сен-Жан д’Акра қаласын басып алды. Иерусалимді
ала алмайтындықтарына көздері жеткен соң ағылшындар мен француздар
елдеріне қайтты. Сөйтіп, үшінші крест жорығы да рыцарьлар үшін зор
шығынмен аяқталды.
1193 ж. 55 жасында Дамаскіде Салах-ад-дин қайтыс болды. Оның
мемлекеті балалары мен інісі Әділдің арасында бөліске түсті. Үлкен ұлы
Абдалға — Дамаск, Әзизге — Египет, Захирға — Халеб, Әділге —
Месопотамия тиді. 1198 ж. Әзиз қайтыс болған соң Каирдегі билік Әділдің
қолына көшті. Қайтадан мемлекет бірлігі орнады. 1204 жылғы төртінші
кресшілер жорығы рыцарьлардың Константинопольді басып алып, Латын
империясын
құруымен
аяқталды.
Барлық
крест
жорықтары
Константинополь, сонан кейін Кіші Азия арқылы жасалатын. Оған
қатысушылар Селжук түріктерінің қылышына тап болатын. Аман қалғандары
Палестинаға азып-тозып, жабырқап әрең жететін. Мұндай әскер Сирия үшін
де, Египет үшін де қауіпті болмады.
Тек крест жорықтары Рум сұлтанаты арқылы емес, кемелермен теңіз
арқылы жүргізіле бастағанда және Еуропада Египеттің өзіне басып кіру
туралы сөз басталғанда ғана Египет сұлтаны өз әскерін ұлғайта бастады.
Халықты әскерге алып, шайқастарға шығару мүмкін болмады. Жергілікті
халық тек салықты уақтылы төлеп тұрумен қанағаттанып, сыртқы жаулардан
қорғану деген ойдан аулақ болды. Сондықтан да әскерді сатып алынған
кавказдық черкестерден және Қара теңіз бен Еділ жағаларынан әкелінген
қыпшақтардан құруға тура келді. Бұл әскер мамлюктер деп аталды.
«Мамлюк» деген арабтың «біреудің меншігі» деген сөзінен шыққан. Қыпшақ
мәмлүктер Нил өзеніндегі ар-Рауда аралында (әл-Бахр) орналасып, Бахрилер
деп аталды. Олар египет әскерінің негізгі күші болды. Черкестер Каир
бекінісінде (әл-Бурдж) орналасқандықтан бурджилер деп аталды. Мәмлүктер
әскерінің саны 9 мыңнан 12 мыңға дейін жетіп отырды. Оларды 24 бейлер
басқарды.
Иерусалимді қайтарып алу мақсатымен Еуропалықтар 1217 ж. бесінші
крест жорығын бастады. Оған немістер мен венгрлер қатысты. Олар
Иерусалимге бармай, Египетке қарай бұрылды. Дамиет қаласын басып алып,
Египетті бағындырмақ болды. Бірақ ақырында жеңіліс тауып, Дамиеттен
аман-есен шыққандарына қуана-қуана елдеріне қайтты. Он жылдан кейін
император Фридрих II алтыншы крест жорығын бастады. Палестинаға келіп
түсіп, ол Египеттің сұлтаны Мәлік әл-Камилмен келіссөз жүргізді. 1229
жылғы келісім бойынша Иерусалим кресшілер қолына көшті. Ол үшін
Фридрих II- сұлтанға Египеттің жауларына қарсы күресте көмектесіп
отыруға уәде берді. 1231 ж. Хорезм шахы Жәлел-ад-дин қайтыс болғаннан
кейін оның түрік қыпшақтардан тұратын әскері иесіз қалды. Ол әскерді Кони
сұлтаны Ала-ад-дин Кей-Құбрат І жалдап алды. Бұл кезде айюбилер мен
түрік сұлтанының ара қатынасы шиеленісе бастаған болатын. Ала-ад-дин
Кей-Құбрат хорезмдіктерді айюбиліктер елін басып алуға пайдаланғысы
келді. 1233 ж. сұлтан хорезмдіктер күшімен бұрынғы одақтасынан Хилатты
тартып алды.1237 ж. сұлтан Құбрат І қайтыс болғаннан кейін жаңа сұлтан
Гийас-ад-дин Кей-Хосроу ІІ хорезмдік әскердің басшысы Қырхан Мәлікті
адал қызмет етпейсіңдер деп айыптай бастады. Қырхан қамауға алынып, көп
ұзамай қайтыс болды. Хорезмдік әскер Анадолыны тастап шығып,
айюбиліктерге қызмет етуге көшті. Хорезмдік әскер 1241 ж. 11 шілдеде
Иерусалимді басып алып, Египетке қайтарып берді.Иерусалимнен
хорезмдіктер Жерорта теңізі жағасына қарай бет алып, Газа қаласын басып
алды. Египеттің сұлтаны хорезмдіктерге сол жерге тоқтауға бұйрық беріп,
Рукн-ад-дин Бейбарыс басқарған мәмлүктерді жіберді.
Сириялық
айюбиліктер
арабтармен
және
курдтермен
келісіп,
египеттіктерге қарсы шайқасқа дайындала бастады. Сириялықтарға
кресшілер де қосылды. Себебі олар арабтармен соғысуға, оларды жеңіп,
тонауға болатынын, ал хорезмдік түркілер мұндайға жол бермейтіндігін
түсініп еді.
1244 ж. 17 қазан күні Газаға жақын маңдағы Харбийа ауылының
түбінде кескілескен шайқас болды. Хорезмдіктер мен мәмлүктер барлық
арабтарды, күрдтер мен кресшілерді қырып салды. 30 мың адам өліп, 800
кресші рыцарьлар тұтқынға түсті.1245 ж. қазан айында түркі мәмлүктер мен
хорезмдіктер Дамаскіні басып алды. Бірақ хорезмдіктердің қалаға
жеңімпаздар ретінде кіруіне египет сұлтаны тыйым салды. Бұл шараны
хорезмдіктер мұқату деп санап, египет сұлтанына бағынудан бас тартуды
ұйғарды. Бейбарыс сұлтан оларға іш тартып, қолдаушылық білдірді. Оның
әйелі
де
хорезмдік
еді.
Бейбарыс
дереу
Каирге
шақырып
алынды.Хорезмдіктер Иерусалим мен Наблугты басып алып, Египет
сұлтанының наместниктерін қуып шықты. Бірақ 1246 ж. 26 мамырда Хомс
қаласының маңындағы шайқаста хорезмдік түріктер әскерін сұлтан әскері
талқандап, бытыратып жіберді. Сөйтіп, Хорезм әскері өзінің тарихын
тәмамдады. 1248 ж. Франция королі Людовик Әулие жетінші крест жорығын
бастады. 1249 ж. көктемде кресшілер Египеттің теңіз жағасындағы Дамиет
қаласына келіп түсе бастады. Нил өзенінің тасуы кресшілерді бірнеше ай
бойы Дамиеттен шығармай қойды.
Сұлтан ал-Мәлік ас-Салих бұл кезде қайтыс болып кеткен еді. Оның
өлгенін жесірі Шеджерет ад-дур құпия ұстап, хабарламады. Ол өзінің
Месопотамияны билеп отырған баласы Тураншахтың келіп жетуін күтті.Нил
тасқыны басылысымен кресшілер Каир қаласына шабуылға шықты. Бірақ
әмір Бейбарыс басқарған мәмлүктердің ерлігінің арқасында қала аман қалды.
300 француздықтар, 80 тамплиерлер, барлық ағылшындар қаза тапты.
Людовик әулиенің өзі әрең қашып қүтылды.
Мәмлүктер бай кресшілерді құн төлеткізіп, босатты да, төлей
алмағандарын қырып тастады. Дамиет қайтадан Египеттің қолына көшті.
Кресшілер 800 мың алтын ақша төледі. Сегізінші крест жорығы осылай
аяқталды.Түркілік мәмлүктер өз қожайындарын ұнатпады. Сондықтан да
1171 ж. олар исмаилилік халифты сунниттік сұлтанмен ауыстыруға жол
берді. Енді олар Тураншах дұрыс басқармайды деп тапқан соң айюбилерге
де, бұл елге де қызмет қылуды тоқтатуды үйғарды. Олар енді елді өздеріне
қызмет етуге көндіруге кірісті.
1250 ж. 2 мамыр күні әмір Бейбарыс басқарған мәмлүктер Тураншахты
тақтан тайдырды. Мәмлүктер билікті ал-Мәлік ас-Салих сұлтанның жесіріне
берді. Оған мәмлүктердің әмірі, түрік Айбекті үйлендірді. Қызғаншақ
сұлтанның жесірі опасыздық жасаған күйеуі Айбекті моншаға түсіп жатқан
кезінде евнухтарына өлтірткізді. Тақты жас Әмірге ұсынды. Әмір тақтан бас
тартты. 1257 ж. 2 мамыр күні сұлтанның жесірі өлтірілді. Билік ал-Мәлік
ас-Салихтың кәмелетке жетпеген жас баласының қолында қалды. 1259 ж.
мәмлүктер Бейбарыстың досы Құттызды Египеттің сұлтаны етіп сайлады.
Мәмлүктердің билік құрған екі әулеті белгілі: 1. Бахрилер ― түрік
халықтарының өкілдері; 1250―1390 ж.ж билік құрды; 2. Бурджилер — негізі
кавказдық черкестер, 1390―1517 ж.ж билік құрды.Кресшілер Египетке
мәмлүктер билік қүрып тұрғанда Таяу Шығысты бағындыра алмайтындығын
түсініп, монғолдармен одақ құру жолына көшті.
1258 ж. ақпан айында монғол әскері Бағдадты басып алды. Хулагу
халифтың сарайын христиан патриархына сыйлады. Мешіттерді де шіркеуге
айналдырды. Таяу Шығыстың христиандары мәз-мәйрам болып, қуанышқа
бөленді. Олар монғолардың арқасында өздерінің Таяу Шығыстағы
мақсаттарына жетуге ұмтылды. Сидонның еуропалық билеп-төстеушілері
монғолдарды арамдық қылықтарымен таңқалдырды. Олар монғолдардың қол
астына көшкен Сирияны әскер жоқ кезде тонап, талан-таражға салып, тайып
тұратын болды. Монғолдар еуропалықтардың одақтасына жасаған мұндай
опасыздығына қайран қалды. Шыдамы таусылған Сирияның билеушісі
Кетбұқа нойон Сидонды жермен-жексен етіп, еуропалық тұрғындарының
қашып құтыла алмағандарын қырып жіберді.
Египет сұлтаны Құттыз монғолдардың өз еліне шабуыл жасауын күтіп
отырмай, өзі шабуылға шығуға бекінді. Ол әскерімен Сирияға бет алды.
Құттыздың әскері ұзақ жолдан шаршап, Акраға жеткенде ондағы рыцарьлар
өз одақтастары — монғолдарға тағы да опасыздық жасады. Египеттің
әскеріне қарсы шықпай, керісінше олардың дем алып, көліктерін әлдендіріп
алуларына жағдай жасады. «1277 ж. Бейбарыс қапыда өзінің уәзірі, әрі
құдасы Қалауынның қолынан қазаға ұшырады. Қалауын 1280 ж. күйеу
баласы Сейітхан Мұхаммед сұлтанды да у беріп өлтірді. Оған ыза болған
қызы Ғазия қатын әкесін сегіз жыл бойы қарғап-сілеп, дауыс салып жүріп
өлді. Сейтханды анасы 1281 ж. Дамаскідегі әкесінің күмбезіне әкеліп
жерледі».
Сейтханды өлтіріп, оның орнына таққа отырған Қалауын сұлтан
(1279―1290) Бейбарыстың кресшілерді қуып шығу ісін аяғына жеткізді,
Сирия мен Палестинадағы христиандық мемлекеттер толық жойылды.1402
ж. Солтүстік Сирияға әмір Темір әскері басып кірді. Бұл кезде Египет әскері
әлсірей бастаған еді. Черкестік әулеттің билігі кезіндегі маңызды уақиға
Египеттің 1426 ж. Кипр аралын басып алып, оны еуропалық қарақшылардан
тазартуы болды.1486―1491 ж.ж. бірінші египет-осман соғысы болды. Ол
соғыста ешкім жеңіске жеткен жоқ.
Х―ХІ ғғ. Египет пен Сирия мәдениетінің гүлдену кезі болды. Каир тез
арада маңызды мәдени орталыққа айналды. Келесі үлкен мәдениет ошағы
Дамаск болды. Фатимилер ақындар мен оқымыстыларға қамқорлық жасап
отырды. Әсіресе өзі ақын болған, әл-Азхар мешітінде мұсылман
университетін ашқан, сарайдағы кітапхана негізін қалаған халиф Азиз
(975―996) мәдениет саласын дамытуға көп көңіл бөлді. Хаким халифтың
(990―1013) кезінде «Білім үйі» (Дар ал-Хикма) ашылды.Мәмлүктер ішінен
де талай талантты өнер, ғылым қайраткерлері шықты. Өте дарынды түркі
ақындарының бірі Ала-ал-дин ибн-Абдаллах (1343 ж. өлген) болды. Ол
Дамаскінің әмірі болған. X ғасырда жасалған ірі прозалық туындының бірі
араб ертегілерінің бір желіге түсірілген жинағы «Мың бір түн» болды.
Фатимилер билігі кезінде Египетте атақты астроном Әли ибн Йунус (1009 ж.
өлген) пен ойшыл (философ), математик әрі физик Әли ал-Хасан ибн ал-
Хайсан маңызды туындыларын жазды. Олардың кейбір еңбектері кейін
латын тіліне аударылды.
Египетте медицина бұрыннан зор жетістіктерге жетіп келе жатқан
болатын. Х―ХV ғасырларда бұл салада атақты оқы-мыстылар қатары онан
сайын өсе түсті. Олар: қан айналымының ғылыми тұжырымдамасын жасаған
Ибн ан-Нафис (XIII ғ.); көз аурулары туралы құнды еңбектер жазған Ибн ан-
Накид (XII ғ.); медицина тарихы жайында еңбек жазған Ибн Аби Усейбиа;
жаратылыс ғылымы мен философия тарихын жазған ал-Кифти (XII ғ.).
Тарихшылардың ішінен аты шыққан оқымыстылар — саяси және діни
қайраткерлер мен оқымысты ғалымдар өмірбаянын (бәрі 865) жазып шыққан
Ибн Халликан (XIII ғ.); тарихшы әрі географ Абу-л-Фида (1332 ж. өлген);
тарихшы Ибн Тагриберди (1463 ж. өлген); Египет пен мәмлүк
сұлтандарының тарихын жазған ал-Маркизи (1442 ж. өлген); ұлы араб тарих-
шысы Ибн Халдун (1406 ж. өлген) т.б. болды.Дамыған феодализм кезінде
араб елдерінде өнер саласында да елеулі табыстарға қол жеткізілді. Оған
дәлел сән өнерінің әсем ескерткіштері болып табылатын ал-Азхар (972 ж.),
ал-Хаким (1012 ж.), ал-Акмар (1125 ж.) мешіттері.Бұл кезеңде мешіттермен
қатар керуен-сарайлар, моншалар мен әсем тұрғын үйлер салынған. Сән
өнерінің көрнекті ескерткіштерінің қатарына Каирдегі Салах-ад-дин
салғызған цитадельді, сұлтан Қалауын салғызған мешіт пен аурухананы,
Қайытбей сұлтан салғызған медресе мен мешіт-кесенені жатқызуға
болады.Х―ХV ғғ. аралығында музыка өнері де онан әрі дамып, жетіле түсті.
Бұл кездегі араб музыкасы Еуропа мен Орта Азия елдерінің музыка өнеріне,
музыкалық аспаптарының қалыптасуына әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |