Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтіндегі аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерді теріп жазып, ерекшелігін атаңыздар, мағыналарын түсіндіріңіздер.
Келіншектің әдемі маңдайын көмкерген екі қасы қарлығаштың қиылған қанаттарындай қап-қара, сүп-сүйір, дөп-дөңгелек екі көзі де кап-кара, мөлдіреген қарақаттай, мұрны түп-түзу еді. Иілген сүп-сүйір екі қасы, көк өрімдей солқылдаған, қиылған жіп-жіңішке беліне түскен қалың қара шашы шумақтаған жібектей. Мінезі салмақты. Бос сөз сөйлемейді... Шешесі жасында өлген. Әкесі өте жарлы болып, 13-14 жасында Гүлияны Бұзаубаққа алты қараға бергеніне, міне, 4-5 жыл болды. Сұлулығының және жастығының себебімен Бұзаубақтың қолына келгелі талай әңгімеге ұшырады. Гүлия Бұзаубақтың баспанасына ие болып, Бұзаубақтың тапқан-таянғанын жинап, үсті-басын жамап, екілі-үшті сиырын сауып, әйел болып отыр. Үсті-басы бүтін. Бұзаубақтың тапқан-таянғаны Гүлияны аш-жалаңаш қылған жоқ. Үстінде қазір көнелеу, жеңсіз қара сәтен бешпент, қайыңның жапырағы түстес көйлек. Басында кішіректеу, ескілеу жасыл түсті шәлі. Аяғында көнелеу кебіс – мәсі. Бұзаубақтың жаман киіз тоқымының үстінде бір тізерлеп отырып, жұмыскерлерге үлкен қара шайнектен шай құйып беріп отыр (С.С.).
2-тапсырма. Төмендегі сөздерден туынды түбірлердің жұрнақтарын ажыратып, олардың қай сөз табына тіркескенін, оған қандай өзгеріс енгізгенін көрсетіп, дәлелдеңіздер.
Ажарлылық, көтеріңкі, күрделендіру, үйлесім, ұстам, азаматшылық, минералдық, негізделу, мінездеме, іскерлік, айырбасшыл, іргелес, ыңғайластыру, үйлі-баранды, тыңдату, ақылдылық, толғандыру, төңіректеу, сырмалы, реттестіру, алтындату, сақтану, өркендету, мемлекеттік, қымбатшылық, анықтау, қондырғыш, қиындықсыз, қайраткерлік, күдіксіз, санақшы, баспагер.
3-тапсырма. Үзіндідегі әрбір туынды сөзді табыңыздар, қай сөз табынан қай сөз табына ауысқанын анықтаңыздар.
Бұл ауыл қазір Ойқұдықта. Осы қоныста Тәкежан, Абай, Ақберді, Майбасар ауылдары да бар. Бар ауылдың бойдақ жылқысы бөлек жайылады. Одан бөлініп шыққан отаулар көп: Әзімбай және Майбасар баласы Ахметжан, Ақберді баласы Мұстай тағы осындай бай балалары қазіргі күзде үлкен үйлерінен бөлініп,көп жылқыны бойдақтап алып, қасқабұлақ, Кіші Қасқабұлақ деген мол сулы қоныстарға көшкен. Ол қоныстар ойқұдықтан қашық емес, Сарадыр, Шолпан жоталарының қойнауында. Биыл жауын қалың боп, егін тегіс жақсы шыққан. Әсіресе осы Шолпан, Қасқабұлақтардың сыртында, Тайлақбай құдығының маңында өте қызықты боп қаулап шықты.
Мұнда жиыны алпыс үйдің жиырма жердей егіні бар. Биыл осы араға Базаралы, Абылғазылар да егін еккен. Егін енді орақты күтіп қалатын мезгіл тақау, тегіс сарғайған (М.Ә.).
Достарыңызбен бөлісу: |