Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет114/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Билингв – қостілді – екі немесе одан да көп тілдерді білетін тұлға деген мағынаны білдіреді.
Изоглосса – грек тілінен аударғандағы мағынасы ұқсас тіл деген ұғымға ие. Тілдік құбылыстың таралу аймағын көрсететін географиялық картадағы сызық.
Этногенез – халықтың шығу тегі деген мағынаны білдіретін термин.
Моногенез – дүние жүзі тілдері бір негізден тараған деген лингвистикалық, пәлсапалық, діни және мифологиялық көзқарастар жиынтығы.
Глоттогенез – тілдің шығу тегі деген мағынаны білдіреді.
Гетерогенді – құрамы бірдей, біркелкі емес дегенді білдіреді.
Гомогенді – құрамы бірдей, біркелкі немесе біртекті деген мағынаны береді.
Когниция – бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады.
Ұлттық-мәдени кеңістік және этномәдени белгілер. Аталмыш ұғымның аясы мен негізгі айырым белгілері өзге мәдени құбылыстармен бетпе-бет келгенде ғана айқындалатындықтан, оның мағыналық ерекшелігін информациялар мен эмоциялар тізбегі, адам өмір сүретін және қызмет ететін виртуалды әрі шынайы шарттар құрайды.
Метафора және метафоралану – «сөз мағынасының ауысуы». Метафора – тұжырымдау мен танудың бір үлгісі. Ол – жаңа ұғымдарды жасай отырып, жаңа білімнің қалыптасуына тікелей әсер ететін маңызды фактор.
Метафора. Сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, қимылындағы не атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы
Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді. Мысалы: жақсы-тәуір-жаман деген мысалдағы жақсы-жаман антонимдік жұптың арасын дәнекерлейтін тағы бір сөз болуы мүмкін. (мысалы: тәуір).
Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түбірлі (бар-жоқ) және түбірлес (жанды-жансыз, таныс-бейтаныс) лексемалар енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет