Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары. Оларға сөздердің бейтарап және бейнелі мағыналары, терминдік мағыналары жатады. Бұл топқа кіретін лексикалық мағыналар сөздердің әр түрлі стилистикалық қызметіне байланысты болғандықтан, олардың бұдан бұрын талданған лексикалық мағыналардан сипаты мүлде бөлек.
Түйсік– Заттар мен құбылыстардың сезім мүшелерімізге тікелей әсер еткенде жеке белгілерінің бейнеленуі.
Таным – дүниені, өмірді танып-білу қабілеттігі.
Дедуктивті зерттеулер – жалпы заңдылықтардан жеке қорытындыларға бет алу арқылы жүзеге асатын зерттеулер дегенді білдіреді.
Индуктивті зерттеулер – жеке фактілер негізінде жалпы қорытындылар жасауға бағытталған логикалық әдіс арқылы зерттеулер жүргізу деген мағынаны білдіреді.
Дифференциация -өзгелену, ажырасу.
Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір-бірімен жақындасуларының, араласып, бірігулерінің нәтижесі
Интралингвистика –тілдің ішкі мүмкіндіктерін, жүйелік, құрылымдық ерекшеліктерін қарастыратын тіл білімінің негізгі бағыттарының бірі, мысалы: фонетика, лексикология т.б.
Экстралингвистика –тілдің дамуына, толығып отыруына сырттан әсер ететін ерекшеліктерді қарастыратын лингвистикалық бағыттардың бірі. Мысалы, тіл және қоғам арақатынасын зерттейтін әлеуметтік лингвистика, тіл және ойлау құбылыстарының байланысын қарастыратын психолингвистика.
Семасиология – грек тілінің мағына және ілім деген ұғымдарының қосындысынан жасалған, орыс және еуропа дәстүрлерінде сөз, сөз тіркесі, сөйлем мағыналарын зерттеумен айналысатын тіл білімінің бір саласы.
Этнография – грек тілінің «ethnos» ру, тайпа, халық және «qrapho» жазамын деген сөздерінен жасалған, жекеленген халықтардың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін, тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым саласы деген мағынаны білдіреді.
Коннотация – аталмыш ұғым тіл білімі саласында тілдің номинативтік бірліктерінің экспрессивтілік бояуымен ғана байланысты қарастырылады.