Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет30/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   115
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 2], 3. [1.7: 10].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 9], 2 .[1.7: 10].
6 дәріс тақырыбы: Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы туралы түсінік. Сөздік құрамның толығу жолдары. Ана тілімізге өзге тілдерден енген сөздер туралы мәлімет. Стиль туралы жалпы түсінік. Сөздердің стильдік мәніне қарай бөлінуі және оның түрлері. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер. Терминдер. Көнерген сөздер, олардың түрлері (архаизм, историзм). Неологизмдер және олардың жасалу жолдары. Қазақ тілі лексикографиясы. Сөздік жасау принциптері. Лингвистикалық сөздіктердің негізгі түрлері: «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» т.б. сөздіктердің өзіндік сипаттары мен атқаратын қызметі.

1 сағат. 6-апта
Дәріс тезисі: Бірнеше ғасырлар бойы жинақталып, дамып, өсіп, жетіліп келе жатқан сөздік құрамның арнасы да көлемі де ұшан-теңіз екені белгілі. Тіліміздегі сөздердің тұтас жиынтығын сөздік құрам немесе лексика деп атадық.
Сөздік құрам тілдегі мыңдаған, сан алуан сөздерді қамтып, бірнеше салалардан, лексикалық қат-қабаттардан тұрады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күн көріс тіршілігін, кәсібін, шаруашылығын, мәдени-тарихи өмірін түгелдей қамтып көрсетеді. Бұған бірден-бір дәлел «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (10 томдық) 100 мыңға жуық сөзді қамтиды екен, кірмей қалған сөздер қаншама.
Қазақ тілінің лексикалық құрамына ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында жетіп, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы, төл сөздер, кірме сөздер, лексикамызды байытып отыратын неологизмдер, термин сөздер, әдеби сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де, диалектизмдер, көнерген сөздер және сан алуан кәсіп түрлеріне байланысты туындаған кәсіби сөздер де, жалпы айтқанда тіліміздегі барлық сөздер кіреді. Осыншама мол сөздің қолдану аясы, қалыптасу тарихы, атқаратын тілдік қызметі, мүмкіншілігі бірдей емес. Кейбір сөздер сөздік құрамымызды байытып жатса, кейбір сөз қолданыстары қолданылу аясы тарылып сөздік құрамымыздан шығып та жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамының өз ішінен бірнеше топқа бөлінуі де осыған байланысты. Сөздік құрамдағы сөздер қолдану ерекшелігіне қарай актив сөздер және пассив сөздер деп екі салаға бөлінеді.
Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, жиі қолданатын сөздер жатады. Актив сөздер тіл дамуына қарай осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ қызмет етеді және күнделікті өмірімізде ауызекі тілде, әдеби тілімізде, ғылым тіліндегі пікір алысуда қолданып жүрген көпке таныс сөздердің бәрін жатқызамыз. Ал пассив сөздерге түсінуін түсінгенімізбен, тілімізде онша қолдана бермейтін, аракідік қана қолданыста жүретін сөздер кіреді. Бұларға көбіне әр ғылым саласының өзіне ғана тән тар көлемде қолданылатын термин сөздер, әсіресе көркем шығармаларда көп кездесетін көнерген сөздер, тарихи сөздер, диалектизмдер, кітаби сөздер және басқа тілден енген (араб, парсы, монғол және т.б) сөздерді жатқызуға болады.
Негізгі сөздік қор – сөздік құрамның ең басты бөлімі, негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы болып табылады. Негізгі сөздік қор тұрақты болады және ұзақ өмір сүреді. Негізгі сөздік қордың көлемі де шағын, оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғамдағы жалпыхалыққа түсінікті әрі олар қолданатын жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрам, яғни лексика бір-бірін толықтырып, дамытып, жаңартып отырады. Тіл дамуының бір кезеңіндегі негізгі сөздік қордағы сөздер, оның екінші бір кезеңінде сөздік құрамға ауысады. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет