Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет31/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Көнерген сөздер
Тарихи сөздер – заманы өтіп кеткен ескі қоғамдағы құбылыстар мен заттардың атауларын білдіретін көнерген сөздердің белгілі бір тобы: хан, бек, жүзбасы. Бұлар көбінде көркем шығармаларда қолданылады. Архаизмдер – көне сөздер, қазіргі тілде белсенді қолданылмағанымен, тілдің сөздік қорында сақталған, сол тіл өкілдеріне түсінікті сөздер: кежеге, бәйбіше, мыстан, алдаспан, кебеже т.б.
Диалект – жалпыхалықтық тілдің бір тарауы, бөлігі, бірақ одан тыс жатқан құбылыс емес. Диалект жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақта ғана жұмсалатын тілдік ерекшеліктердің жиынтығын қамтиды. Диалектологияның негізгі мақсат-міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Ол диалектілер мен говорларды (сөйленістерді) зерттеп айқындауды мақсат тұтады. Ол – жалпыхалықтық тілден өзгеше белгілі бір аймақты, территорияны қамтитын тілдік ерекшеліктер. Осы тілдік ерекшеліктер фонетикалық, лексикалық, грамматикалық болып 3-ке бөлінеді.
“Лексикография” терминінің тіл білімінде 3 түрлі мағынасы бар. Олар: 1) белгілі бір тілдегі немесе тілдердегі сөздерді жинақтау, сипаттау және жүйелеп, сөздік жасап, басып шығару, 2) белгілі бір тілдегі ғылым салаларына қатысты немесе жалпы сөздіктердің жиынтығы, 3) тіл білімінің, оның ішінде лексикологиямен, семасиологиямен тікелей байланысты бір тармағы. Лексикография сөздіктердің тегін, түрін, көлемін, құрамын, сөздіктегі сөздердің орналасу принциптері мен сөздік (лұғаттық) мақаласының құрылысын, сөздің мағынасын түсіндірудің, зат-құбылыстарды сипаттаудың әдістемесін тексеріп, ғылыми-теориялық сауалдарын қарастырады.
Сөздіктің 2 типі (тегі) бар: 1) энциклопедиялық сөздіктер, 2) филологиялық сөздіктер. Энциклопедиялық сөздіктердің мақсаты – ұғымдарды түсіндіру, филологиялық сөздіктердің міндеті – сөз мағыналарын түсіндіру.
Филологиялық сөздіктердің бір тілді сөздік, көп тілді (аударма) сөздік деген 2 түрі бар. Аударма сөздік ең кемінде екі тілдің сөздерін аудару, тәржімалау арқылы түсіндіреді. Аударма сөздіктерде пайдалынылған сөздердің неше тілден екендігіне қарай бірнеше түрге жіктеледі. Мәселен, екі тілді, үш тілді, үш жүз тілді және т.б. Петербургтік неміс ғалымы П.С.Палластың (1741-1811) 1786-1787, 1791 жылдары “Барлық тілдер мен наречиелердің салыстырмалы сөздігі” деген 272 тілдің материалын қамтыған 4 томдық сөздік, испан ғалымы Лоренцо Эрваси Пандуроның 1800-1804 жылдары “Белгілі тілдердің каталогы және оның саны, ерекшеліктеріне қарай диалектілер мен наречиелерге бөлу, классификациялау” деген 307 тілдің материалын қамтыған сөздік, неміс лингвистері И.Аделунг пен Фатерлердің 1806-1817 жылдары “Митридат немесе жалпы тіл білімі” деген 500-ге тарта тіл мен диалектілерді қамтыған 4 томдық сөздігі шықты.
Бір тілді филологиялық сөздіктердің: 1) түсіндірме, 2) диалектологиялық, 3) неологизмдер, 4) синонимдер, 5) антонимдер, 6) фразеологиялық, 7) бөгде сөздер (варваризмдер), 8) орфоэпиялық, 9) орфографиялық, 10) этимологиялық, 11) жиілік, 12) жазушы тілі, 13) кері сөздік, 14) қарапайым сөздер (словари сленга), 15) тарихи, 16) сөз тіркестері, 17) дұрыс сөйлеу, 18) идеографиялық (тезаурис) (мағыналық мәндік жақындықтағы сөздерді қатар тізу), 19) қысқарған сөздер, 20) ұйқастар, 21) қанатты сөздер, 22) пунктуациялық, 23) теңеулер сөздігі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет