Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет33/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115
Синтетикалық тәсіл. Сөзжасамның синтетикалық (морфологиялық) тәсіліне қазақ тіл білімінде әдетте арнайы қосымшалар арқылы жаңа сөз тудыру процесі жатады. Жаңа сөз тудыратын қосымшалардың сөз табына қатысы бар, яғни сөзжасам қосымшаларының грамматикалық сипаты оны сөз таптарына байланысты етеді. Өйткені қосымшалар арқылы жасалған жаңа сөз қайткенде, сөз жоқ, грамматикалық сипаты жағынан белгілі бір сөз табының шеңберіне енеді.
Аналитикалық тәсіл. Сөз тудырудың аналитикалық тәсілі сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру арқылы көрінеді де, сөзжасам проблемасының шеңберіне еніп, оның бір тәсілі болып табылады. Яғни бұл тәсіл сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру жолдары арқылы іске асады. Сөйтіп барып жаңа мағыналы сөз, жаңа ұғымның атауы туып, тілдің сөздік құрамы дамып, оның қатары өрістей түседі. Бұл – тілдік құбылыстың басты, мәнді ерекшклігі. Екіншіден, осы жолдар арқылы жасалған жаңа туындылар морфологиялық құрамы жағынан күрделі сөздер тобына жатады.
Лексика-семантикалық тәсіл. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады. Сондай-ақ осы жол кейбір сөздердің ол бастағы мәнін жоғалту не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз табының қатарынан танылуға жол береді. Бұл тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданылып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағына қосып алады. Сөздің тек мағынасынды өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп аталған. Мысалы: құн, буын, таңба, көрме, түбір, дыбыс т.б. сөздердің ғылымның түрлі саласында термин сөз қызметіндегі мәні мен мазмұны олардың тілдегі жай сөз ретіндегі мағынасынан өзгеше.
Морфема деп сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарын білдіретін және өзіне тән мағынасы мен формасы бар сөз бөлшегін айтамыз.
Морфология саласында бұл секілді сөздің морфемалық бөлшектері қызметтеріне орай екі түрлі болып кездеседі: 1) түбір морфема; 2) қосымша морфема.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет