Жіктеу есімдіктері өзгесіне қарағанда сан жағынан аз болғанымен (8), адамға қатысты әрі пікір алысуда жақтық қатынаста өте жиі жұмсалатыны – жіктеу есімдіктері. Олар: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.
Сілтеу есімдіктері есімдіктер ішінде сілтеу, меңзеу, нұсқау, көрсету мағынасында жұмсалып, қай? қайсы? деген сұрақтарға жауап береді: сона, сонау, түу, міне, әне, осы, бұл, осы, мынау, анау, сол т.б.
Сұрау есімдіктеріне тілімізде сұрау мағынасындағы негізгі сөздер болып табылады: кім? не? неше? қай? қайсы? т.б.
Өздік есімдігінің ерекшелігі есімдік сөз табының ішінде жалғыз өз сөзінің даралығында болып табылады.
Болымсыздық есімдігі «еш» сөзінің түбір күйінде басқа сөз таптарымен тіркесіп келіп болымсыздық мағынаны туғызғаны болмаса, негізінен үнемі басқа есімдіктермен бірігіп келіп тілімізде күрделі сөз ретінде қолданады. Мысалы: ешкім, ешқашан, ешқандай (дәнеңе), ешбір т.б.
Белгісіздік есімдігі затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсетеді.
Жалпылау есімдіктері кемінде екі не одан да көп заттарды, құбылыстарды жинақтай айту үшін қолданылатын сөздер. Оларға: барлық, күллі, барша, бәрі, бар, бүкіл, түгел сөздері жатады.
Есімдіктердің синтаксистік қызметі де олардың тым жалпы түрде берілетін мағыналарының негізінде субстантивтік және атрибутивтік болып келуіне байланысты. Қайбір есімдік сөздер болмасын осы негізгі екі саланың қай бөліміне жататынына қарай, олардың синтаксистік қызметі де соған лайықты болып келеді.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 17], 3. [1.7: 18].
Қосымша әдебиет: 1.[1.7: 1], 2. [1.7: 16]
№ 10 дәріс тақырыбы: Етістік. Етістіктің лексикалық-грамматикалық категориялары. Үстеу. Шылау сөздер. Еліктеу сөздер. Одағай сөздер.
1 сағат. 10-апта
Дәріс тезисі: Етістік – тілімізде ең бай (сан, сапа жағынан да) сөз табы. Ол басқа сөз таптарына ұқсамайтын сөз тудыру жүйесі, сөз түрлендіру формалары, шақ, рай, етіс, амалдың өту сипаты, есімше, көсемше, болымды, болымсыз, жақ т.б. секілді әр түрлі категориялары бар үлкен сөз табы болып табылады.
Етістіктердің морфологиялық сипаты дегенде алдымен морфологиялық құрылымы жағынан жалаң және күрделі етістік деп үлкен екі топқа жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |