5-тапсырма. Қандай сөзді бағыныңқы сөз, қандай сөзді басыңқы сөз дейміз?
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 20], 2. [1.7: 21], 3. [1.7: 25].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2].
Әдістемелік нұсқаулар: Сөз тіркесі, сөз тіркесінің өзіндік белгілері, сөз тіркесі мен күрделі сөздердің айырмашылығы, қазақ тіліндегі сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне қатысты сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыз. Берілген тапсырмаларға синтаксистік талдау жасаңыз.
№ 13 семинар сабағы тақырыбы: Сөйлем мүшесі
1 сағат. 13-апта
Сұрақнама:
1. Сөйлемнің басты белгілері.
2. Сөйлем мүшелерінің негізгі белгілері.
3. Тұрлаулы мүшелерге нелерді жатқызамыз?
4. Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Қандай сөздер сөйлем мүшесі болмай тұр? Оның себебін түсіндіріңіз?
Ал, Абай, елдің амандығын айттың. Жә, енді өзің қаланың жамандығын есіттің бе?
Рас, Ибрагим Құнанбаевич, кейде өмір солай сұм болатыны да рас. Тегі, мен әлдекімдерге ұнай бастаған болуым керек. Ойбай, Тентекжан-ау, жүр, ауылдың адамдары жүгіріп келеді. Жаратпайтындай болса, не айтатыныңды ойла, бала. Жә, жануар, қиқарлығыңды доғар! Иә, менің ойлағаным да осы болатын. Ағатай, кешірім етіңіз, сөзімді берейін.
2-тапсырма. Дара және күрделі мүшелерді ажыратыңыз, жасалу жолын түсіндіріңіз.
Жиренше Әйгеріммен ауыздай сөйлесіпті. Қыз көркі оған да аса жаққан екен. Әсіресе, ақылы, мінезі қатты ырза қылыпты. Абайға енді ғана мәлім болды. Хат жазысқан соң көп ұзамай-ақ Әбдірахман Шұғамен жақындасып кетті. Екеуі де менен сырын жасырмайды. Есімбектікіне қымыз іше қыдырып барсам, Шұға жайраңдап қоя береді.
3-тапсырма. Үзіндіден жайылма сөйлемдерді ажыратыңыздар. Әр сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін көрсетіңіздер. Тұрлаусыз мүшенің толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш екенін, әрқайсысының сөз таптары мен сөз тіркестері арқылы жасалу жолы мен басыңқы мүшеге бағынып байланысу тұлғасын айтыңыздар.
Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне ұп-ұзын боп, дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Соны Құнанбайдың жалғыз сау көзі оның көтеріңкі жал тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтана-ды...
Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді.
Сақал-шашы бір реңдес, қара бурыл Сүйіндік оқта-текте бір қарап қойғаны болмаса, Құнанбайға тесіле қарамайды. Көзін төмендете береді. Абайға оның пішіні – көп кездесетін, әңгімесі аз пішін сияқты. Бөжей де оншалық өзгеше емес. Түсі ақ сұр келген, өзі қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей асы отырғанның бәрінен де сұлу. Бетінде ажымы да аз. Бірақ Абайдың көзін оған көп тартатын бір нәрсе – мұның бітікшелеу, кішкене келген көздері (М.Ә.).
Достарыңызбен бөлісу: |