Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет75/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 12], 2. [1.7: 13].
Әдістемелік нұсқаулар: Есімдік пен етістіктің ерекшеліктерін, негізгі сипатын білу үшін негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмалардағы сөйлемдерді талдау барысында басқа сөз таптарымен салыстырыңыз. Әрбір сөйлемге, сөзге талдау жасағанда фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне назар аударыңыз, айырмашылықтарын көрсетіңіз.
11 семинар сабағы тақырыбы: Үстеу. Шылау. Еліктеу сөздер.

1 сағат. 11-апта
Сұрақнама:
1. Үстеудің мағыналық түрлері.
2. Шылау дегеніміз не?
3.Шылау сөздердің мағыналық қызметіне қарай топтастырылуы.
4. Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздердің айырмашылығы.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Үстеудің мағыналық, морфологиялық ерекшелігін, синтаксистік қызметін талдаңыздар, сөйлемдегі орнына, тіркескен сөзіне назар аударыңыздар.
Орнымнан шүғыл тұрдым (3.Ш.). Әрқашан да осылай, ешкім сенбейді маған (3.Ш.). Кеше жауабын берем деп уәде еткен едім (3.Ш.). Жолшыбай соғамын (3.Ш.). Қадиша киініп те үлгіргеп, қайтуға әзір тұр екен (3.Ш.). Ертең, бүрсігүні не бітіресіз (3.Ш.). Міне, бүгін келді (3.Ш.). Зорға шыдап, қиналып жатқан адамның кейді бар (3.Ш.). «Кейін-кейін» – деп, қабылдамайды (3.Ш.). Манадан бері неге айтпадың? (3.Ш.). Бұл – әншейін жол-жөнекей айтылған сөз (3.Ш.). Мен балаша сақ-сақ күлдім (3.Ш.). Орнымнан шұғыл тұрдым (3.Ш.). Қасына қайта отырғызды (3.Ш.). Кетуге әзір тұр екен (3.Ш.). Ерте ояндым (3.Ш.). Балаша жоғары көтеріп алдым (3.Ш.). Ыза кернеп зорға тұрмын (3.Ш.).
2-тапсырма. Еліктеуіш сөздердің семантикалық ерекшелігін, ол ерекшеліктің дыбыстық құрамға қатысын көрсетіңіздер.
Тайынша тайғанақтап барып, тыраң ете түсті (Б.Т.). Шегебай зілдей саптама етігімен сылқ еткізіп теуіп оятты (Б.Т.). Үйдегілер тегіс есік жаққа қарап, елең ете қалысты. (Б.Т.). Ақлима шаңын қағып, Бұлқан-талқан боп сілкініп қалды (Б.Т.). Шегебай да қанын ішіне тартып, қалш-қалш етеді (Б.Т.). Өрт шарпыған ағаш үйдің ішінде шыр-шыр етіп, әйелі, жалғыз баласы қалған (Б.Т.). Бермеймін демеймін-ау, салдыр-гүлдір жүрісіңнен қорқамын (Ә.0.). Аюкеніме оңашалана бергенде, күңк ете қалып едім, шоқ басқандай зыр ете түсті (Ә.0.) Аюкенім бетін жастыққа басып, солқ-солқ жылап жатыр (Ә.0.) Қазан шымыр-шымыр қайнап жатыр (Ә.0.). Мырс-мырс күлді бастығым (Ә.0.).
3-тапсырма. Септеулік шылаулардың қай сөз табына тіркесіп, қандай мағына беріп тұрғанын талдаңыздар.
Қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады (М.Ә.). Малы биыл Қоянды жәрмеңкесінен кейін тіпті көбейген (С.М.). – Оқып болғаннан кейін, өзім хабарласармын, – деді (С.М.). Бұланбай үйге көтеріп әкелгеннен кейін де, көпке дейін дыбыс бере алмады (Ғ.М.). Одан бері де Құсбектей төре Алшынбайды өкпелетіп алған соң, аға сұлтандықтан айрылған (М.Ә.). Биеге қарай жөнелді (Ғ.Мұст). Ұлы күн шығардан бұрын да жарығын түсіреді (Ғ.М.). Қарайған қамысқа қарай зыта жөнелді (Ә.0.). Мал емес, адам сияқты, еңкеңдеп келе жатыр (Ә.0). – Сіз Қатпа деген адам туралы ештеңе естідіңіз бе? (Ә.0.).
4-тапсырма. Септеулік шылаулардың қай сөз табына тіркесіп, қандай мағына беріп тұрғанын талдаңыздар.
Қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады (М.Ә.). Малы биыл Қоянды жәрмеңкесінен кейін тіпті көбейген (С.М.). – Оқып болғаннан кейін, өзім хабарласармын, – деді (С.М.). Бұланбай үйге көтеріп әкелгеннен кейін де, көпке дейін дыбыс бере алмады (Ғ.М.). Одан бері де Құсбектей төре Алшынбайды өкпелетіп алған соң, аға сұлтандықтан айрылған (М.Ә.). Биеге қарай жөнелді (Ғ.Мұст). Ұлы күн шығардан бұрын да жарығын түсіреді (Ғ.М.). Қарайған қамысқа қарай зыта жөнелді (Ә.0.). Мал емес, адам сияқты, еңкеңдеп келе жатыр (Ә.0). – Сіз Қатпа деген адам туралы ештеңе естідіңіз бе? (Ә.0.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет