4-тапсырма. Толымсыз сөйлем дегеніміз не?
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 25], 2. [1.7: 26], 3. [1.7: 27].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2].
Әдістемелік нұсқаулар: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына және құрлысына қарай бөлінетін түрлерінің ерекшеліктерін, негізгі сипатын білу үшін әдебиеттерді пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1, 2-тапсырмалардағы сөйлемдерге фонетикалық, лексикалық, молрфологиялық, синтаксистік талдау жасап көрсетіңіз.
№ 15 семинар сабағы тақырыбы: Құрмалас сөйлем, оның түрлері
1 сағат. 15-апта Сұрақнама: 1. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен негізгі айырмашылығы.
2. Құрмалас сөйлемнің құрмаласу тәсілдері.
3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгісі.
Тапсырмалар: 1-тапсырма. Жалғаулықсыз салаластарды түр-түріне жіктеп талдаңыздар, тыныс белгілерін түсіндіріңіздер. Қайсыбіріне тиісті жалғаулықтарды қойып, мағынасында, стилінде қандай өзгерістер болатынын байқаңыздар. Әр компоненттің тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сызыңыздар. 1.Нұрым қамшыны да босатпады – басқа соғар деп қауіптенді (X.Е.). 2. Әке-шешелеріңе шын жандарың ашиды екен – өз бастарңды адамша дұрыс алып жүре білгендерің жөн. («Мәдениет және тұрмыс»). 3. Бірақ, ағаңның есінде болсын – Ұлпан арзанға түспейтін қыз (С.М.). 4. Үлкендер қатты қорқытып қойған болу керек, үйдегілер дауыстарын шығара алмай, жаншылып, егіліп жылайды (М.Ә.). 5. Оларды жазықсыздан - жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес («Жұлдыз»). 6. Мырза атансын, болыс атансын – бұндағы жұрттың жұмысы жоқ (М.Ә.). 7. Сөйлесуге тіл жоқ – Есенейден бата алмайды (С.М.). 8. Қыз жөнінде Абайдың жалғыз абайлағаны – ол осы үйдің баласы екен (М.Ә.). 9. Жақып жерде – қамыс, одан әрі – көл (М.Ә.). 10. Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді (С.М.). 11. Құдай салды – біз көндік (С.М.). 12. Оларда пасықтық бар, адамдық жоқ. Қараңғы жауыздық бар, жарқын жүз жоқ (М.Ә.).