Консультация, көмек сабағы. Бұл сабақтар оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюда, оқу бағдарламасын жүйелеу мен жинақтап қорытуда ғана жүргізілмейді, сонымен қатар білім-білік дағдаларды қалыптастыруда маңызды. Мазмұнына және міндетіне қарай тақырыптық және белгілі мақсатқа арналған көмек сабақтары болады.
Тақырыптық көмек сабағы әр тақырыпты өткенде немесе оқу бағдарламасындағы қиын сұрақтар бойынша ұйымдастырылады.
Мақсатқа арналған көмек сабақтары өздік және бақылау жұмыстарын, сынақтар мен емтихандарды өткізу мен қорытындылауда жүйелі жұмысқа айналуы тиіс. Сонымен қатар бұл қатемен жұмыс, бақылау жұмыстарының анализдеріне арналған сабақтар болуы мүмкін.
Интеграциялық сабақ. Интеграция дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы-сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімінің жинақталуы, яғни әртүрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.
Оның жүргізілу әдіс-тәсілі әртүрлі: семинарлар, конференциялар, саяхаттар және т.б.
Сайыс сабақ.Сайыс сабақтың негізін топтар арасында сұрақ-жауап және кезектесіп берілетін тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады. Мұндай сабақтарды өткізудің әр түрлі тәсілдері бар. Олар «Көңілді тапқыштар тобы» (КВН), «Брейн-ринг», «Жұлдызды сағат», «Бақытты шақ» сияқты атақты ойындар негізінде ұйымдастырылатын жарыстар, эстафеталар, талас-тартыстар. Сайыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу төмендегідей үш негізгі кезеңнен тұрады: дайындық, ойын сәті, қорытынды.
Білім беру мақсаттары қойылатын сабақ. Балаға бастапқы қойылатын мақсат-оқу-практикалық болып табылады. Оның алдына қоятын міндеттері:
Баланың жеке тәжірибесінің жоқтығын ескере отырып, үйренетін пәнді объективизм тұрғысынан зерттеу, яғни жаттықтырушылық әрекетті оқып, білім алуға өзгерту.
Белгілі зат көлемінде іс-әрекет етуге үйрету, анализ жасау, өз іс-әрекетін бақылау.
Оқу-практикалық есептерді шешуде жабдықтармен қамтамасыз ету.