Қазіргі замағы қазақ тілі негіздеріпәні бойынша практикалық сабақты өтудің түрі: -Практикалық сабақта оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері қарастырылады;
-Ол лекцияда өтілген тақырыптар бойынша толық мәлімет алғаннан кейін, талдау жұмыстарымен болашақ маманның алдынан шығатын кейбір ғылыми-практикалық проблемаларды шешу болып табылады;
-Тақырыпқа байланысты жаттығу жұмыстарын студенттің белсенді түрде қатысуымен ұжымдық жағдайда іске асырады.
Қазіргі замағы қазақ тілі негіздеріпәні бойынша семинар сабақты өтудің түрі: -Сабақта пәннің мазмұны бойынша проблемалық оқыту принципін іске асыру және бар білімін шығармашылыққа жұмсау керек.
Берілген тапсырмалар бойынша семинар-пікір сайыс, семинар-зерттеу әдісімен теориялық мәселелерді практикалық тәжірибе жинақтап, болашақ маман іс-жүзіне асырылады. Ал «миға шабуыл» және іскерлік ойындар элементтерін пайдалану арқылы оқытушы тарапынан берілген әрбір сұрақтарды семинар-пікір сайысқа қажетті мәселені соңына дейін зерттеп, барлық ақпарат көздерін пайдаланады. Сонымен семинар-практикалық сабақтардың мынанадай түрлерге бөлінеді:
4. Қазіргі замағы қазақ тілі негіздеріпәні бойынша семинар-практикалық сабақтарды ұйымдастырудағы талаптар. Студент кітаптың соңында көрсетілген әдебиеттер тізіміндегі оқулықтармен оқу құралдарын, жеке мақалаларды әрбір категорияға байланысты дұрыс қолдана алуы керек. Жаттығуларды орындар алдында теориялық категорияларды оқулықтан, лекциядан, жазған конспектілерінен жеке мақалалардан оқып алғаны дұрыс. Жаттығудың шартын талап етіп отырған мәселені түсіндерме түрде баяндап, талдап теория мен практиканы байланыстыра отырып, орындау техникасын тиімді пайдалану керек.
Практикалық және семинар сабағының жетістігін қамтамасыз ететін жағдайлардың бірі сұраққа жауап беріп тұрған студентке, баяндама мен рефератқа қойылатын нақты талаптардың жиынтығы болып табылады. Бұл талаптар өте нақты болуы керек, бірақ уақыт шектелмеуі қажет, өйткені студенттің шығармашалақ ойы уақыттан қысқан сайын
4.1 Қазіргі замағы қазақ тілі негіздеріпәні бойынша практикалық және семинар сабақтар оқу-жұмыс бағдарламасына сәйкес өткізіледі.
4.2. Қазіргі замағы қазақ тілі негіздеріпәні бойынша практикалық және семинар сабақтар студенттің белсенді түрде қатысуы мен ұжымдық жағдайда іске асырылады.
4.3 Қазіргі замағы қазақ тілі негіздеріпәні бойынша практикалық және семинар сабақта берілген әдістемелік нұсқаулар арқылы орындалып, ол кафедра мәжілісінде және факультет бюросының әдістемелік бөлімінде қарастырылады.
Сабақ өту барысында әдістемелік нұсқаулар.
Семинар сабақта оқытудың сан түрлі құбылтып өтуге болатын формасы. Онда негізгі бағыт беруші негізінен оқытушы болғанымен, студент, яғни болашақ маманда өз бетінше көп жұмыс істеуге көп мүмкіндік беріледі. Практикалық (семинар) сабақ оқу жұмысының барлық түрімен тығыз байланысты: ең алдымен лекциялық оқытумен және өз бетінше жұмыс істеумен. Сондықтан да сабақтың саласы лекцияның сапасына және студенттің өз бетінше қалай жұмыс істеуіне байланысты болуы шарт.
4.4. . Қазіргі замағы қазақ тілі негіздері«Балалар әдебиеті» пәні бойынша практикалық және семинар сабақтарды өтуде ақпараттық-анықтамалық әдебиеттер болуы тиіс.
Сабақта принципке сай оқыту мазмұны студенттерді оқыту кезінде оқулықтарда көрсетілген әлеуметтік тәрбиені ұғына алатындай болуы керек.