педагогикалық үрдіс заңдылықтарының мәнін түсіне бастайды.
Курстық жұмыстың тақырыптары оқу бағдарламаларына сәйкес кафедра белгілейді.
Курстық жұмыстың тақырыптары кафедраның оның мүшелерінің мәселелері ғылыми жетекшісі ісімен байланысты болғаны тиімді. Курстық жұмысқа ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми жетекшілер бекітіледі.
Ғылыми жетекшінің міндеттері: Студенттерге тақырыпты анықтауға, жұмыс көлемін белгілеуге, зерттеу мөлшерін анықтауға көмектеседі және мақсатын, міндеттерін, зерттеу әдістемесін таңдауға көмектеседі;
Курстық жұмыс алдында консультация беріледі (әдіснама, зерттеу әдістемесі, жалпы талаптар, нақтылы нұсқаулар, жұмыс кезеңдері, әрбір кезеңнің жұмыс мазмұны, есеп беру тәртібі және түрі);
Әдебиеттермен жұмыс, материал жинау әдістері, қажетіне қарай тәжірибелік-педагогикалық эксперимент бағдарламасын дайындауға көмек береді (хаттама жүргізу, тәжірибе, оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелесу жоспарын дайындау, ұжымды зерттеу әдістері т.б.).
Курстық жұмысты дайындау барысында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгере және оны пайдала білу керек.
Зерттеу әдістемесінің негізгі этаптары Зерттеу әдістемесі – зерттеу этаптары, оның жүргізілу тәртібін анықтауда зерттеу әдістемесінің құрылымдық элементтерімен байланысқан негізгі идея.